Болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижелері
Бұл тараудың мақсаты жасалынған моделдің тиімділігін, зерттеу болжамын нақтылау немесе теріске шығару үшін жүргізілген қалыптастырушы тәжірибенің нәтижелерін талдау және бағалау болып табылады.
Зерттеудің бақылаушы кезеңінде диагностиканың анықтаушы кезеңдегі секілді бағдарламасы қолданылды, ол келесі критерийлер бойынша диагностикадан тұрды: мотивациялық-білімдік, іс-әрекеттік, рефлексивті.
Зерттеудің бақылау кезеңі нәтижелерін қарастырамыз – диагностикалық құзыреттілікті мотивациялық-білімдік критерийі бойынша диагностикалау.
Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігі деңгейі көрсеткіштері жылжуының нақтылығын бағалау үшін бақылау және тәжірибелік топтар бойынша жеке есептелген Вилкоксонның Т-критерийі қолданылды. Бұл критерий екі түрлі жағдайларда сынақтан өтушілердің бірдей таңдалымдарында өлшенгендер көрсеткіштерін сәйкестендіру үшін қолданылады. Ол өзгерістердің тек бағытталуыеа ғана емес байқалуына да мүмкіндік береді.
кестеде келтірілген тәжірибелік және бақылау топтарындағы тәжірибелік жұмысқа дейінгі және одан кейінгі когнитивті құзыреттіліктерінің орта мәнін қарастырайық
Тәжірибелік топ студенттерінде когнитивті құзыреттіліктерді қалыптастыру үдерісінде келесідей өзгерістер болды. Тәжірибелік топта когнитивтік құзыреттілікті қалыптастыру деңгейі бойынша маңыздылығы деңгейінде (p≤0,01) студенттердің көпшілігінде оң өзгерістер анықталды
Кесте 16– Тәжірибелік және бақылау топтарындағы тәжірибелік жұмысқа дейінгі және одан кейінгі когнитивті құзыреттіліктерінің орта мәні
Когнитивті құзыреттіліктер
|
Деңгейдің орта мәні
|
Tэмп мәні
|
дейін
|
кейін
|
дейін
|
кейін
|
дейін
|
кейін
|
ТТ
|
ТТ
|
БТ
|
БТ
|
ТТ
|
БТ
|
Психологиялық-педагогикалық
диагностиканың теориялық және әдіснамалық негіздерін білу
|
1,86
|
3,86
|
1,81
|
2,87
|
356
|
692
|
Педагог-психологтың
диагностикалық қызметінің мақсаты, міндеттері мен функцияларын білу
|
1,88
|
3,52
|
1,97
|
2,76
|
306
|
594
|
Диагностикалық біліктердің сипатын, ерекшелігін, операциялық құрамын
білу
|
1,76
|
3,81
|
1,84
|
2,83
|
285
|
610
|
Диагностикалық зерттеулердің
түсініктері мен алгоритмдерін білу
|
1,75
|
3,78
|
1,99
|
2,53
|
313
|
628
|
Психологиялық-педагогикалық
диагноз қоюдың алгоритмін білу
|
1,70
|
3,09
|
1,71
|
2,37
|
396
|
648
|
Диагностикалық зерттеулердің
этикалық принциптерін білу.
|
1,77
|
3,92
|
1,69
|
3,06
|
335
|
380
|
Қазіргі заманғы оқу үрдісінде психологиялық-педагогикалық
диагностиканың рөлін түсіну
|
1,85
|
3,91
|
1,90
|
2,73
|
430
|
402
|
Диагностикалық жұмыстарды әзірлеу мен жүргізуде заманауи
технологияларды білу
|
1,63
|
3,41
|
1,56
|
2,32
|
301
|
530
|
tкр (p ≤ 0,01) = 397 tкр ( p ≤ 0,05) = 466
Сурет - 4 Когнтивті құзыреттер
Айтарлықтай маңызды алға жылжулар когнитивті құзыреттіліктер қалыптасуы деңгейінде орын алды: білім берудің заманауи үдерісінде психологиялық-педагогикалық диагностика рөлін түсіну бойынша білімдерде, психологиялық-педагогикалық диагнозды белгілеудің алгоритмін білу кезінде маңызды өзгерістер орын алды.
Заманауи білім беру үдерісіндегі психологиялық-педагогикалық диагностиканың рөлін жалпылама түсінуде, психологиялық-педагогикалық диагноз қою алгоритмі жайлы білімде айтарлықтай өзгерістер орын алды. Студенттердің диагностикалық құзыреттілігінің мотивациялық-когнитивті компонентін тиімді қалыптастырудың критерийі диагностикалық құзыреттілік моделінің теориялық деңгейіне сәйкес келетін когнитивті құзыретінің көрінісі болып табылады. Эксперименттің топтағы студенттердің диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесін жүзеге асыру нәтижесінде когнитивті құзыретілігінің қалыптасу деңгейінің орта мәні 3, 09 - 3, 91 балл шегінде болды, бұл диагностикалық құзыреттіліктің шығармашылық деңгейіне сәйкес келеді, ал бақылау тобында когнитивті құзыреттіліктің қалыптасу деңгейінің орта мәні 2, 32 - 3, 06 балл шегінде болды, бұл диагностикалық құзыреттіліктің репродуктивті деңгейіне сәйкес, яғни тек диагностикалық зерттеудің этикалық принциптерін білу шығармашылық деңгейге сәйкес келеді.
кестеде көрсетілген болашақ педагог-психологтың диагностикалық қызметіне деген мотивациясындағы өзгерістерді қарастырамыз.
Кесте 17 – Тәжірибелік-эксперименттік жұмысқа дейінгі және кейінгі бақылау, тәжірибелік топтардағы болашақ педагог-психологтардың диагностикалық қызметіне деген мотивациялар көрсеткіштері
Мотивация
деңгейлері
|
Бақылау тобы
|
Тәжірибелік топ
|
дейін
|
кейін
|
дейін
|
кейін
|
Жоғары
|
2 (4%)
|
2 (4%)
|
4 (8%)
|
6 (12%)
|
Орта
|
38 (76%)
|
37 (74%)
|
34 (68%)
|
44 (88%)
|
Төмен
|
10 (20%)
|
11 (22%)
|
12 (24%)
|
0 (%)
|
Алынған нәтижелер көрсеткендей, бақылау тобындағы респонденттер педагог-психологтың диагностикалық қызметін ынталандыруда айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған жоқ. Тәжірибелік топта педагог-психологтың диагностикалық қызметіне жоғары ынталандыру деңгейі респонденттер санының 4%-да байқалады. Педагог-психологтың диагностикалық белсенділігі үшін орташа деңгейлі ынталандыру деңгейі бар респонденттер 20% -ға өсті, төмен деңгейі бар респонденттердің саны табылған жоқ.
Осылайша, алынған нәтижелер болашақ педагог-психологтың тәжірибелік жұмыстардан кейін диагностикалық қызметкемотивацясының артуын жәнеқажетті құзыреттілікті қалыптастыру динамикасын ескеретін диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесінің тиімділігін көрсетеді.
Сурет 5 – Бақылау және тәжірибелік топтардағы болашақ педагог- психологтардың диагностикалық қызметін ынталандыру деңгейінің
көрсеткіштері (%)
Зерттеудің бақылау кезеңінің нәтижелерін қарастырамыз – диагностикалық құзыреттіліктің қызметтік критерий бойынша диагностикалау
Тәжірибеге дейінгі және кейінгі студенттердің функционалды құзыреттілік деңгейінің орта мәнін қарастырамыз. Эксперименттік топтағы студенттердің функционалды құзыреттілігін қалыптастыру үдерісінде өзгерістер балды. Диагностикалық құзыреттіліктің функционалдық құзыреттері бойынша алынған Вилкоксонның Т-критерий эмпирикалық мәндері №-17 кестеде ұсынылған
Эксперименттік топта мәнділік деңгейіндегі көптеген функционалды құзыреттіктердің (р≤0,05) қалыптасқандығы деңгейі көрсеткіштерінде оң өзгерістер анықталды. Эксперименттік топта студенттерде келесідей функционалды құзыреттіктердің қалыптасқандығы деңгейінде мәнді өзгерістер болған: эксперименттік топта мәндірек өзгерістер студенттердің психодиагностикалық зерттеуді жоспарлай білу, ұйымдастыру және жүзеге асыру біліктерінің қалыптасқандығы деңгейінде жүзеге асты.
Нәтижелер мен қорытынды тұжырымдауда ғылыми дұрыстықты сақтау білігінің қалыптасқандығы деңгейінде ең аз мәнді өзгерістер болды.
tкр (p ≤ 0,01) = 397 tкр ( p ≤ 0,05) = 466
Кесте 18– Тәжірибелік-эксперименттік жұмысқа дейінгі және кейінгі бақылау, тәжірибелік топтардағы функционалды құзыреттіліктердің орта мәні
№
|
Функционалды құзыреттіліктер
|
Деңгейдің орта мәні
|
Tэмп мәні
|
дейін
|
кейін
|
дейін
|
кейін
|
дейін
|
кейін
|
ТТ
|
ТТ
|
БТ
|
БТ
|
ТТ
|
БТ
|
1
|
Тәжірибелік қызметте психологиялық- педагогикалық диагностика әдістерін қолдана білу
|
1,72
|
3,71
|
1,77
|
3,09
|
347
|
672
|
2
|
Психодиагностикалық зерттеуді
жоспарлай, ұйымдастыра және жүргізе білу
|
1,91
|
3,94
|
2,07
|
2,89
|
316
|
580
|
3
|
Диагностикалық бағдарламаларды әзірлеу, бастапқы өңдеуді жүзеге асыру, диагностикалық әдістер мен әдістерді пайдалана отырып, нәтижелерді талдай және түсіндіре
білу
|
1,89
|
3,61
|
1,94
|
2,95
|
275
|
616
|
4
|
Диагностикалық зерттеуде психологиялық-педагогикалық
қорытынды жасай білу
|
1,72
|
3,47
|
1,79
|
3,02
|
303
|
619
|
5
|
Қорытындылар мен тұжырымдарды
құру кезінде ғылыми дұрыстығын сақтай білу
|
1,77
|
3,14
|
1,94
|
2,07
|
378
|
631
|
6
|
Эмпирикалық деректерді жинауды ұйымдастыру және зерттеу нәтижелерінің сенімділігін қамтамасыз
ете білу
|
1,64
|
3,89
|
1,65
|
2,31
|
354
|
392
|
18-кестенің жалғасы
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
7
|
Психологиялық-педагогикалық диагностика бойынша эмпирикалық және практикалық материалдар арасындағы айырмашылықтарды
салыстыра және анықтай білу
|
1,69
|
3,74
|
1,66
|
2,29
|
415
|
388
|
8
|
Диагностикалық зерттеулерде АКТ
қолдана білу
|
1,66
|
3,60
|
1,76
|
1,98
|
337
|
388
|
Сурет – 6 Функционалды құзыреттер
Бақылау тобында да өзгерістер байқалады, бірақ олар статистикалық мәнді емес.
Эксперименттік топтағы студенттердің диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесін жүзеге асыру нәтижесінде функционалды құзыретілігінің қалыптасу деңгейінің орта мәні 3, 14 - 3, 94 балл шегінде болды, бұл диагностикалық құзыреттіліктің шығармашылық деңгейіне сәйкес келеді, ал бақылау тобында функционалды құзыреттіліктің қалыптасу деңгейінің орта мәні 2, 07 - 3, 09 балл шегінде болды, бұл диагностикалық құзыреттіліктің репродуктивті деңгейіне сәйкес, тәжірибелік қызметте психологиялық- педагогикалық диагностика әдісін қолдану бойынша құзыреттіктердің дамуы шығармашылық деңгейге сәйкес келеді.
Коммуникативті және ұйымдастырушылық қабілеттердің (КҰБ) даму деңгейінің көрсеткіштерін қарастырамыз.Алынған нәтижелер 18 кестеде көрсетілген.
Кесте 19 – Болашақ педагог-психологтардың КҰБ деңгейі көрсеткіштері
Қабілеттер
|
Коммуникативті және ұйымдастырушылық қабілеттер деңгейі
|
Төмен
|
Ортадан төмен
|
орта
|
жоғары
|
Өте жоғары
|
дейі
н
|
кейі
н
|
дейі
н
|
кейі
н
|
дейі
н
|
кейі
н
|
дейі
н
|
кейі
н
|
дейі
н
|
кейі
н
|
Коммуникативті (бақылау тобы)
|
0
|
0
|
13
|
15
|
20
|
18
|
12
|
12
|
5
|
5
|
Коммуникативті
(тәжірибелік топ)
|
2
|
0
|
10
|
5
|
23
|
27
|
12
|
10
|
3
|
8
|
Ұйымдастырушылы қ
(бақылау тобы)
|
0
|
0
|
15
|
15
|
20
|
18
|
10
|
12
|
5
|
5
|
Ұйымдастырушылы қ
(тәжірибелік топ)
|
0
|
0
|
15
|
7
|
22
|
28
|
8
|
10
|
5
|
5
|
Кестеден көріп отырғанымыздай, бақылау тобындағы респонденттерде коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілеттерде елеулі өзгерістер болған жоқ. Онда тәжірибелік топтағыдай коммуникативті қабілеттердің орта деңгейі 8 % -ға (4 адамға), ал ұйымдастырушылық қабілеттердің орта деңгейі 12 % -ға (6 адамға) көтерілді.
Сурет 7 – болашақ педагог-психологтардың КҰБ деңгейі көрсеткіштері Осылайша, алынған нәтижелер диагностикалық қызметте болашақ
педагог-психологтың жетістігіне тікелей әсер ететін коммуникативті және ұйымдастырушылық қабілеттерінің оң өзгерісін көрсетеді. Нәтижелер өткізілген эксперименттердің тиімділігін және диагностикалық құзыреттілікті қалыптастыру әдістемесінің практикалық пайдасын нақтылайды.
Зерттеудің бақылау кезеңінің нәтижелерін қарастырамыз – диагностикалық құзыреттіліктің рефлексивті критерийі бойынша диагностикалау
Тәжірибелік-эксперименттік жұмысқа дейінгі және кейінгі бақылау, тәжірибелік топтардағы жүйелік құзыреттіктер деңгейінің орта мәні 20 кестеде көрсетілген
Кесте 20 - Тәжірибелік-эксперименттік жұмысқа дейінгі және кейінгі бақылау, тәжірибелік топтардағы жүйелік құзыреттіктер деңгейінің орта мәні
Жүйелік құзыреттіліктер
|
Деңгейдің орта мәні
|
Tэмп мәні
|
дейін
|
кейін
|
дейін
|
кейін
|
дейін
|
кейін
|
ТТ
|
ТТ
|
БТ
|
БТ
|
ТТ
|
БТ
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
Білім беру субъектілерінің дамуы, қарым-қатынасы, қызметі туралы диагностикалық зерттеулердің нәтижесі бойынша қорытындылар
мен ұсыныстар жасау
|
1,90
|
3,71
|
1,86
|
3,45
|
356
|
692
|
Диагностикалық зерттеудің дизайнын
талдау
|
1,85
|
3,80
|
2,00
|
2,89
|
306
|
594
|
Белгілі бір кезеңде психологиялық-
педагогикалық диагностиканың нақты мәселелерін бағалау
|
1,96
|
3,61
|
1,91
|
2,95
|
285
|
610
|
Диагностикалық бақылау картасын
құру
|
1,92
|
3,47
|
1,90
|
3,02
|
313
|
628
|
Олардың қажеттілігі бойынша өз білімдерінің, диагностикалық
дағдыларды қалыптастыру жеткіліктілігін бағалау және олардың қажеттіліктеріне дәлелдеу
|
1,89
|
3,67
|
1,98
|
2,25
|
396
|
648
|
Диагностикалық ақпарат негізінде тұлғаның жеке дамуының психологиялық-педагогикалық
болжамын жасау
|
1,87
|
3,14
|
1,97
|
2,31
|
335
|
380
|
Ткр.= 466 (р≤0,05) Ткр.=397 (р≤0,01)
Сурет – 8 Жүйелік құзыреттер
Эксперименттік топта мәнділік деңгейіндегі көптеген жүйелік құзыреттіктердің (р≤0,05) қалыптасқандығы деңгейі көрсеткіштерінде оң өзгерістері анықталды. Эксперименттік топта студенттерде келесідей жүйелік құзыреттіктердің қалыптасқандығы деңгейінде мәнді өзгерістер болған: эксперименттік топта мәндірек өзгерістер студенттердің диагностикалық зерттеу дизайнын талдау білігінің қалыптасқандығы деңгейінде жүзеге асты.
Диагностикалық ақпарат негізінде тұлғаның психологиялық- педагогикалық жеке даму болжамын құру білігінің қалыптасқандығы деңгейінде ең аз мәнді өзгерістер болды.
Эксперименттік топтағы студенттердің диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесін жүзеге асыру нәтижесінде жүйелік құзыретілігінің қалыптасу деңгейінің орта мәні 3, 14 - 3, 80 балл шегінде болды, бұл диагностикалық құзыреттіліктің шығармашылық деңгейіне сәйкес келеді, ал бақылау тобында жүйелік құзыреттіліктің қалыптасу деңгейінің орта мәні 2,25 - 3,45 балл шегінде болды, бұл диагностикалық құзыреттіліктің репродуктивті деңгейіне сәйкес келеді.
Интеллектуалды құбылмалылық (лабильділік) көрсеткіштерін қарастырамыз. Алынған нәтижелер 21 кестеде көрсетілген.
21 кестеде көрсетілген нәтижелерді талдай отырып, бақылау тобындағы респонденттер елеулі өзгерістерге ұшырамаған деп қорытынды жасауға болады. Осы тұста тәжірибелік топтың нәтижелері өзгерістерге ұшырады. Тәжірибелік топтың интеллектуалды құбылмалылығының жоғары деңгейі 10%
-ға (5 адам) өсті, ал осы уақытта төменгі деңгей 14% -ға (7 адамға) төмендеді.
Осылайша, алынған нәтижелер болашақ педагог-психологтың диагностикалық қызметінің тиімділігіне тікелей әсер ететін интеллектуалды құбылмалылықтың оң өзгерісін көрсетеді. Нәтижелер өткізілген тәжірибенің
тиімділігін және диагностикалық құзыреттілікті қалыптастыру әдістемесін практикалық маңыздылығын растайды.
Кесте 21 – Бақылау және эксперименттік топтардағы болашақ педагог- психологтардың диагностикалық қызметке деген интеллектуалды құбылмалылығының көрсеткіштері
Интеллектуалды құбылмалылық
деңгейі
|
Бақылау тобы
|
Тәжірибелік топ
|
дейін
|
кейін
|
дейін
|
кейін
|
Жоғары
|
10 (20%)
|
10 (20%)
|
10 (20%)
|
15 (30%)
|
Орта
|
30 (60%)
|
31 (62%)
|
28 (56%)
|
30 (60%)
|
төмен
|
10 (20%)
|
9 (18%)
|
12 (24%)
|
5 (10%)
|
Сурет 9 – Бақылау және тәжірибелік топтардағы болашақ педагог- психологтарда диагностикалық қызметке интеллектуалды құбылмалылығы
көрсеткіштері
Ескерту: Б.д. – бақылау дейінгі, б.к. – бақылау кейінгі, т.д. – тәжірибелік дейінгі, т.к. – тәжірибелік кейінгі.
Осылайша, тұрақтандырушы эксперимент барысында алынған нәтижелерді салыстыра отырып, оң динамика экперименттік, сонымен бірге бақылау тобында да байқалатынын атап өтуге болады. Бірақ диагностикалық құзыреттіліктер өзгерісі бақылау тобына қарағанда эксперименттік топта анық байқалады.
Эксперименттік топтағы студенттердің диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесін жүзеге асыру нәтижесінде когнитивті, функционалды және жүйелік құзыреттіліктердің қалыптасу деңгейінің орта мәні 3, 14 - 3, 94 балл шегінде болды, бұл диагностикалық құзыреттіліктің
шығармашылық деңгейіне сәйкес келеді, ал бақылау тобында когнитивті, функционалды және жүйелік құзыреттіліктердің қалыптасу деңгейінің орта мәні 2, 07 - 3, 45 балл шегінде болды, бұл диагностикалық құзыреттіліктің репродуктивті деңгейіне сәйкес, диагностикалық зерттеудің этикалық принциптерін білу ғана шығармашылық деңгейге сәйкес келеді.
Осыған байланысты, зерттеудің бақылау кезеңінде құрылған моделдің тиімділігі және зерттеу гипотезасы тексерілді. Біз зерттеудің тұрақтандырушы кезеңінде қолданған диагностикалық аспаптар қайта қолданылды.
Алынған нәтижелерді талдау арқылы эксперименттік топта оң өзгеріс динамикасы анықталды: диагностикалық құзыреттіліктің даму деңгейі интуитивтіден шығармашылық деңгейге дейін көтерілді. Нәтиже – эксперименттік топта диагностикалық құзыреттілік деңгейі артты. Диагностикалық құзыреттілік бойынша бақылау тобындағы нәтижелер интуитивтіден репродуктивті деңгейге дейін өзгерді, бірақ ол эксперименттік топтың нәтижелерінен төмен. Алынған мәліметтердің сенімділігін тексеру үшін біз Стьюденттің t-критиерий және Вилкоксонның Т - критерийі көмегімен зерттеу нәтижелеріне математикалық талдау жасадық. Алынған нәтиже біздің зерттеу жұмысымыздың гипотезасын бекітеді, егер болашақ педагог- психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалып, университеттің білім беру үдерісіне ендірілсе, онда аталған құзыреттілікті мақсатты қалыптастыруға болады, себебі дидактикалық үдеріс теориялық жағдай мен тұғырдың интегративті негізіне, сонымен қатар білім беру ортасының әлеуетін тиімді қодануға сүйенеді.
3 бөлім бойынша тұжырым.
Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптасуы деңгейін диагностикалау өзіне оның компоненттерінің қалыптасу дәрежесін өлшеу үдерісін, ары қарайғы уақытта тұтастай қалыптасу деңгейін анықтаушы үдерісті кірістіреді. Зерттелетін сапаның қалыптасу деңгейін анықтау, диагностикалық құзыреттілік деңгейін бағалау үшін диагностикалық құрал әзірленді, ол нақты өлшеу нәтижелерінің корреляциясының алгоритмі мен ережелерін қамтамасыз етеді.
Диагностикалық құзыреттілік деңгейін бағалауға арналған диагностикалық құралдарды қалыптастыру әдістемесін сынақтан өткізу, диагностикалық құралдардың ұсынылған жиынтығы мен өлшеуді жүзеге асыру тәртібі зерттелетін сапаның деңгейін дәл анықтауға мүмкіндік береді.
Университеттік білім беру жүйесінде болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру - болашақтағы кәсіби қызмет үшін қажет болатын керекті құзыреттіліктер мен маңызды кәсіби сапаларды игеру үшін арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процессті қарастырады. Бұл процесс болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесі аясында жүзеге асырылады.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да тәжірибелік-эксперменттік жұмыс барысында жүргізілген университеттік білім беру жүйесінде болашақ педагог- психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесін
сынақтау өткізу зерттеудің негізгі теориялық тұжырымдарын растады. Жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар университеттік білім беру жүйесінде болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесінің тиімділігін және диагностикалық құралдардың жарамдылығын растады.
Тәжірибелік жұмыс нәтижелері университеттік білім беру жүйесіндегі тәжірибелік топтағы болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігінің қалыптасу деңгейінің бақылау тобындағы қатысушылармен салыстырғанда елеулі түрде өзгергенін көрсетеді. Математикалық статистика әдістерін пайдалана отырып нәтижелерді тексеру олардың статистикалық маңыздылығын және сенімділігін нақтылады.
Осыған байланысты, зерттеу алдына қойған міндеттері орындалды және гипотеза дәлелдендідеп тұжырымдауға болады. Болашақ педагог- психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру бойынша диссертациялық жұмыстағы келтірілген, университеттік білім беру жүйесінде болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру моделі негізінде құрылған әдістерді оқу-тәрбие үдерісіне ендіру, бұл үдерісті жоғары білім беру ортасында сапалы жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |