Функционалды-сараптамалық: Студенттер диагностикалық дағдылардың жиынтығын меңгереді. Диагностикалық тапсырманы шешу кезінде іс-әрекеттер, кәсіби түрде іске асырылмай немесе жартылай іске асырылады, интуитивті түрде, сынақ және қателіктер арқылы орындалады. Диагностиканың құралдары мен түрлерін, әдістерін таңдау олардың мүмкіндіктерін ескермей, ішкі түйсікпен жүзеге асырылады. Дидактикалық диагностикалық құралдарды өздігінен жасау қиындық соқтыратындықтан, негізінен дидактикалық материалдардың үлгісі қолданылады. Диагностикаға қатысу немқұрайлық көрсетеді. Диагностика нәтижелерін өңдеу белгіленеді, нәтижелерді талдау және оқу үдерісін түзету жобалау жүзеге асырылдмайды. Диагностикалық үдеріс пен бағалау оқушының жеке тұлғасына бағытталмаған (оқушылардың жеке және жас ерекшеліктері ескерілмейді). Диагностика нәтижелері дәлелсіз жеткізіледі.
Рефлексивті-бағалаушылық: Студенттер диагностикалық үдерісті бағалау критерилерін жеткілікті меңгермейді, олар бірегейлік, адекваттылық, объективтілік талаптарына сай келмей, жалпылама түрде қалыптастырылады. Диагностика нәтижелерін өңдеу белгіленеді, нәтижелерді талдау және диагностикалық іс-әрекетті түзетуді жобалау толығымен жүзеге асырылдмайды. Психологиялық-педагогикалық диагностика тұрқысынан білім алушылардың жеке және танымдық іс- әрекеттерін дамыту толық болжанбайды. Жеке тұлғаның даму динамикасы әлсіз жоспарлануы мүмкін. Рефлексия да әдсіз дамиды, өз білімінің жеткілікті екендігін бағалау, психологиялық-педагогикалық диагностика аймағында өз көзқарасын дәлелдеу мен қорғау қиынырақ болады. Алынған диагностикалық мәліметтерді қамти алу, диагностикалық дағдыларды қалыптастыруды бағалау және оларды толықтыру дәлелдерін ұсыну әлсіз.
Репродуктивті деңгей
Ынталандырушылық-когнитивті компонент: Болашақ педагог-психологтың диагностикалық іс-әрекетінің жүзеге асуына, оқушылардың оқу-тәрбие үдерісіне деген жағдайлық қызығушылығы бақыланады. Болашақ педагог-психологтардың өзінің диагностикалық іс- әрекеттерін ұйымдастыруы қанағаттанарлық деңгейде болады. Диагностиканың мәнін, оның әдістерін, құралдарын, ұйымдастырушылық түрлерін, оқу үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды біледі; диагностикалық әдістер, тәсілдер туралы жүйеленбеген білімге ие болады, білім беру үдерісіндегі психологиялық-педагогикалық диагностиканың рөлін жақсы түсінеді.
Функционалды-аналитикалық: Диагностикалық міндеттерді шешу үлгі бойынша, жартылай саналы түрде орындалады. Диагностиканың құралдары мен түрлерін, әдістерін таңдау көмек
көрсету арқылы реттелетін нұсқаулықтар шеңберінде жүзеге асырылады. Дидактикалық диагностикалық материалдар қолда бар бағдармен өңделеді. Диагностика барысында бағдар көрсетіледі, ары қарайғы жолы бақыланбайды. Диагностика нәтижелері бағалау үдерісін қалыптастыру мақсатында талданады, бірақ түзету әрекеттерін жоспарлау жүргізілмейді. Диагностикалық процедура кезіндегі қарым-қатынас мейірімді және сыпайы, бірақ адамға бағытталмаған. Диагностикалық нәтижелер туралы есеп ішінара дәлелдермен жүзеге асырылады.
Рефлексивті-бағалаушылық: Студенттер диагностикалық үдерісті бағалау критерилерін жеткілікті меңгереді, олар жалпылама түрде қалыптастырылады, бірақ бірегейлік, адекваттылық, объективтілік талаптарына үнемі сай келе бермейді. Диагностика нәтижелерін өңдеу белгіленеді, нәтижелерді талдау және диагностикалық іс-әрекетті түзету жеткілікті жобаланбайды. Психологиялық- педагогикалық диагностика тұрқысынан білім алушылардың жеке және танымдық іс-әрекеттерін дамыту сенімсіз түрде болжанады. Жеке тұлғаның даму динамикасы жоспарлануы мүмкін. Рефлексия дамыған, бірақ өз білімін бағалауда қиындықтар туындайды, психологиялық-педагогикалық диагностика аймағында өз көзқарасын үнемі дәлелдеп және қорғай алмайды. Алынған диагностикалық мәліметтерді қамту орташа деңгейде дамыған, диагностикалық дағдыларды қалыптастыруды бағалау және оларды толықтыру дәлелдерін ұсыну жеткіліксіз. Болжамды шешім жасау негізделген және дәлелді, бірақ оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескермейді.