Абдуллаева перизат тураровна университеттік білім беру жүйесінде болашақ педагог- психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру



бет29/46
Дата14.10.2023
өлшемі0,69 Mb.
#114345
түріДиссертация
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   46
Байланысты:
Диссертация Ғылыми жетекші Мадалиева Забира Бекешовна, психологи-emirsaba.org

Шығармашылық деңгей

Ынталандырушылық-когнитивті компонент:
Болашақ педагог-психологтың диагностикалық іс-әрекетті жүзеге асыру, оқушыларға оқу-тәрбие үдерісіне деген қызығушылығын арттыру бақыланады. Болашақ педагог-психологтардың өзінің диагностикалық іс-әрекеттерін ұйымдастыруы жоғары деңгейде болады. Диагностиканың мәнін, оның әдістерін, құралдарын, ұйымдастырушылық түрлерін, оқу үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды жақсы біледі; диагностикалық әдістер, тәсілдер туралы жүйеленген білімге ие болады, білім беру үдерісіндегі психологиялық-педагогикалық диагностиканың рөлін жеткілікті түсінеді.


Функционалды-сараптамалық:
Студенттер типтік міндеттерді нақты тәсілдерді қолдана отырып, сенімді шеше алады. Диагностиканың құралдары мен түрлерін, әдістерін өздігінен таңдауды жүзеге асырады. Стандартты дидактикалық диагностикалық материалдарды өз бетінше өңдейді. Диагностика процедурасына белсенді қатысады, үдерістің басталуына дейін бағдарлы негіз беріледі, оның барысында қиындықтар бақыланады, сұрақтар анықталады. Диагностика нәтижелерін талдау бағалау туралы пікірлерге де, үрдістер мен заңдылықтарды анықтауға да бағытталған. Диагностикалық процедура кезіндегі қарым-қатынас мейірімді және сыпайы, оқушы тұлғасына бағытталған. Диагностика нәтижелері дәлелдермен жүзеге асырылады.


Рефлексивті-бағалаушылық:
Студенттер диагностикалық үдерісті бағалау критерилерін жақсы меңгереді, олар бірегейлік, адекваттылық, объективтілік талаптарына сай қалыптастырады. Диагностика нәтижелерін өңдеу сапалы және сандық блағалаумен көрсетіледі, диагностикалық іс-әрекетті түзетуді жобалау нәтижелері жақсы талданады. Психологиялық-педагогикалық диагностика тұрқысынан білім алушылардың жеке және танымдық іс-әрекеттерін дамыту сенімді түрде болжанады. Жеке тұлғаның даму динамикасын жоспарлауға болады. Рефлексия жақсы дамыған, өз білімін бағалауда қиындықтар жоқ, психологиялық-педагогикалық диагностика аймағында өз көзқарасын үнемі дәлелдеп және қорғай алады. Алынған диагностикалық мәліметтерді қамту жақсы деңгейде дамыған, диагностикалық дағдыларды қалыптастыруды мен оларды толықтыруға қажетті дәлелдерді ұсынуды бағалай алады. Болжамды шешім жасау негізделген және дәлелді, оқушылардың жеке және жас ерекшеліктері ескеріледі.
Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерінің компоненттері мен критерилерін (көрсеткіштер) қарастырайық.
Кесте 8–Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерінің компоненттері мен критерилері (көрсеткіштері)

Болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігі


Компоненттері


Критерийлері (көрсеткіштері)


ынталандырушыл ық-когнитивті




Ынталандырушылық-білімдік - диагностикалық іс-әрекетті жүзеге асыру үшін қажетті және жеткілікті кәсіби білімдерді меңгеру дәрежесі (когнитивті құзыреттілік: білімі мен түсінуі), міндеттер қою, диагностикалық әдістемелермен жұмыс жасай алу дағдылары,
білімі, диагностикалық іс-әрекетті орындауға ынтасының жоғарылығы, ұмтылысы, болашақ кәсіби іс-әрекетке құндылықтық қатынас


Функционалды- аналитикалық




Іс-әрекеттік - диагностикалық іс-әрекетті жүзеге асыру үшін қажетті (функционалды құзыреттілік: қолдану және талдау) диагностикалық біліктер мен дағдылар жүйесі, диагностикалық құралдарды қолдана алу, диагностика нәтижелерін талдау,
психодиагностикалық ақпараттарды талдай алу.


Рефлексивті- бағалаушылық








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет