Рефлексивті - сыни талдау, диагностикалық іс-әрекеттерді жүзеге асыру бойынша (жүйелі құзыреттілік: бағалау мен сараптау) бағалау, диагностикалық дағдыларды қалыптастыруды бағалау, психологиялық- педагогикалық диагностика мәселелерін белгілі бір деңгейде бағалау және т.с. қабілеттілік, өзін-өзі кәсіби іс-әрекет субъектісі ретінде
бағалау.
|
Қалыптастырушы зерттеулерді құру логикасы диагностикалық құзыреттіліктің әрбір компонентін қалыптастыруға бағытталған тәжірибелік қызметті ұйымдастыруды қамтиды. Ол мына кезеңдерге сәйкес жүреді: дайындық, негізгі және қорытынды.
Осыған сәйкес, болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру үдерісінің әдістемесінің астарында белгілі бір стратегиялар мен ережелердің теориялық көрінісінің жатқанын түсінеміз. Оған жататындар:
болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін бірте-бірте қалыптастырудың логикасын көрсететін тәжірибелік-экперименттік жұмыстардың кезеңдері;
тәжірибелік-эксперименталды жұмыстың әр кезеңінде шешілетін нақты мақсатты орындау;
қазіргі заманғы мектеп жағдайында педагог-психологтың кәсіби іс- әрекетінің түрлі аспектілерімен диагностикалық іс-әрекетті, педагог- психологтың диагностикалық іс-әрекеті туралы негізгі білімдерді сипаттайтын
«Психологиялық-педагогикалық диагностика» пәнінің таңдамалы, жаңартылған пәндік мазмұны;
әр кезеңде диагностикалық құзыреттілікті қалыптастыру деңгейін объективті және мағыналы түрде өлшеуге мүмкіндік беретін психолог-педагог- диагносттың жұмыс дәптері түрінде жасалған, студенттерге арналған тәжірибелік тапсырмалар жүйесі;
болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру бойынша тренингтік сабақ түріндегі семинар сабақтары.
Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру әдістемесін іріктеу бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмысын болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыруға тиісті деңгейін көрсететін нақты мақсаттар, нақты тақырыптық мазмұн, нақты дидактикалық-әдістемелік қамтамасыз етуге тиіс оқу үдерісінің логикалық аяқталған бөлігі деп түсінеміз.
Біз келесі кезеңдерді анықтадық:
Дайындық кезеңі – диагностикалық іс-әрекетке оңтайлы ынталандыру, кәсіби іс-әрекетке құндылықты қатынас жасау диагностикасы, диагностикалық білімді қалыптастыруды анықтауға арналған тестілеу.
Негізгі кезеңде – диагностикалық құзыреттіліктерге («Психологиялық- педагогикалық диагностика» курсы, педагог-психолог-диагност жұмыс дәптері бойынша өзіндік жұмысты орындау) өздігінен әрекеттену үдерісіне бағытталған диагностикалық іс-әрекетті жүзеге асыруға қажетті теориялық білімдер мен тәжірибелік біліктердің жүйесін меңгеру. Сонымен қатар, алынған теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдыларды құрылымдауға бағытталған диагностикалық құзыреттіліктерді қалыптастыруға, диагностикалық іс- әрекеттегі болашақ педагог-психологтың біртұтас сипатына үлес қосатын тренинг түрінде жүргізілген семинар сабақтарын жүргіздік.
Қорытынды кезең – бұл кезеңде алынған білімдерді үздіксіз педагогикалық тәжірибе кезінде шынайы тәжірибелік іс-әрекет, педагог- психологты диагностикалық іс-әрекетке дайындау нәтижелерін тексеру, болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастырудың диагностикалық деңгейі сыналды.
Диагностикалық іс-әрекеттің негіздерін теориялық-эмпирикалық меңгеруге бағытталған кезеңде студенттерге жаңартылған мазмұн бойынша жүргізілетін, болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін арттыруға бағытталған, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 5В010300-«Педагогика және психология» мамандығы бойынша бакалавриаттың оқу үдерісіне өңделіп, ендірілген «Психологиялық- педагогикалық диагностика» курсы ұйымдастырылды.
Курс дәріс және семинар сабақтары, СОӨЖ-ден тұратын 3 кредитке (45 сағат) есептелінген. Курстың силлабусы 2.1 бөлімде көрсетілген.
«Психологиялық-педагогикалық диагностика» курсын оқудың негізгі мақсаты студенттердің кәсіби дайындықтарын арттыруға үлес қосатын теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдылармен қамтамасыз ету, болашақ мамандардың білім беру мекемелерінде қолданылатын дәстүрлі және заманауи диагностикалық әдістер мен әдістемелерді меңгеруіне көмектесу, сондай-ақ болашақ педагог-психологтарда диагност ретінде тұлғалық-кәсіби қасиеттерін қалыптастыру.
Бұл курсты оқыту болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін дамыту мен қалыптастыруға, теориялық білімдерін тереңдетуге үлес қосады.
«Психологиялық-педагогикалық диагностика» курсын оқу үдерісінде студенттер бойында төмендегідей құзыреттіліктерді қалыптастыру қарастырылды:
Когнитивті құзыреттілік: психологиялық-педагогикалық диагностиканың теориялық-әдіснамалық негіздерін, оларда психодиагностикалық әдістер мен қазіргі әдістердің қоланылуын, диагностикалық зерттеулерді құрастыру мен жүргізу принциптерін, диагностикалық іс-әрекеттерді жоспарлау кезеңдері мен ерекшеліктерін білу.
Функционалды құзыреттілік: диагностикалық ізденіс жасауға арналған әдістер мен әдістемелерді таңдауда ғылыми-негізделген көзқарасты қолдау, белгілі бір психологиялық-педагогикалық мәселелерді шешуге арналған диагностикалық әдістер мен әдістемелерді қолдану, диагностикалық мақсат пен міндеттерге жауап беретін диагностикалық қорытынды жасау, алынған диагностикалық материалдарды сурет, сызба, есеп, күнделік пен хаттамалар түрінде көрсету, психологиялық-педагогикалық сараптама жасаудың негізгі принциптерін, алынған диагностикалық деректерді ұсынудың әртүрлі тәсілдерін, диагностикалық жұмыс түрлерін ұйымдастыру аспектілерін қолдану.
Жүйелік құзыреттілік: диагностикалық зерттеу бағдарламасын құру, диагностикалық карта жасау, іріктеу жасау, жоспарлау, психологиялық- педагогикалық диагностика бойынша диагностикалық материалдарды біріктіру және сараптау, өзіндік диагностикалық іс-әрекеттің нәтижелілігін қамтамасыз ету үшін психологиялық-педагогикалық диагностиканы меңгерудің маңыздылығын бағалау.
Әлеуметтік құзыреттілік: ынтымақтастыққа дайын болу, дәлелдей алу, алынған ғылыми білімдердің негізінде өз көзқарасын негіздеу; ақпараттарды,
идеяларды жеткізу, мәселелерді шешу, ұжымда жұмыс жасау. Метақұзыреттіліктер: оқыту аймағындағы біліктері – рефлексияға, диагностикалық іс-әрекет аймағында өз жетістіктерін объективті бағалауға қабілетті болу; психологиялық-педагогикалық диагностика жүргізу аймағында жаңа құзыреттіліктерді қалыптастыру қажеттіліктерін ұғыну, өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі жүзеге асыру диагностикасының әдістерін қоладну мен меңгеру
негізінде алдағы тұлғалық және кәсіби даму бағыттарын анықтау.
«Психологиялық-педагогикалық диагностика» пәні екі модульден тұрады:
МОДУЛЬ. Психологиялық-педагогикалық диагностиканың теориялық негіздері
МОДУЛЬ. Білім беру мекемелеріндегі педагог-психологтың диагностикалық іс-әрекеті
Жетекші педагогикалық құралдар студенттер мен оқытушылардың мәтіндерді (ғылыми, педагогикалық) оқу және талқылаудан тұратын дәрістер мен семинарлар, тәжірибелік сабақтар болды, сондай-ақ рефлексивті практикумдар, психологиялық-педагогикалық жағдаяттар, «Болашақ педагог- психологтың диагностикалық құзыреттілігі» портфолиосын толтыру, онда теориялық материалдар ғана емес, сонымен қатар болашақ педагог- психологтың диагностикалық құралдары да қарастырылады.
Дәстүрлі дәрістермен қатар, білім берудің басым бөлігін тәжірибеге бағытталған мәселелік дәрістер, Н. Веракстың ұстаным әдісінің технологиялары бойынша дәрістер, дәстүрлі дәріс, іскерлік ойын семинарлары қамтыды.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс үлгісі, дәріс барысында оқытушы ғылыми журналдардағы эксперименттік зерттеулердің нәтижелері сипатталған мақалалар мәтінін қолданады. Топтағы студенттер мақаланы оқып, қолданылған диагностика әдістеріне талдау жасайды, алынған нәтижелерді талқылайды және «Педагог-психологтың 100 – диагностикалық әдістемелері» диагностикалық минимумынан алынған тиімді диагностикалық әдістемелерді ұсынады.
Студенттерді Н. Веракстың ұстаным әдісі бойынша оқыту технологияларын қолдану дәрісі. Мысалы, «Психолог жұмысының кәсіби- этикалық нормалары» - студенттерге диагностика этикасы бойынша, әртүрлі авторлардың психодиагностикалары бойынша оқулықтарынан алынған ақпараттар мазмұндалған материал беріледі, студенттер топтық жұмыс жасайды. Әдістің мақсаты: оқу материалының негізінде белгілі бір ұстанымдарды ойластыру, өңдеу және қорғау, ұстанымдар: 1. Түсінік, 2. Сызба,
Оптимист, 4. Эксперттер, 5. Пессимист, 6. Сыншы, 7. Қорғаушы және т.б. Мысалы, «Апологет» тобы материалдың оң, түпнұсқалық, қызықты,
перспективті жағын анықтап, тұжырымдауы керек. «Оппозиция» тобы тақырыпты зерттеу барысындағы «кемшіліктерді» тұжырымдайды. «Түсінік» - тақырыпқа қатысты базалық түсініктерді көрсетіп, оларға анықтама береді.
«Сызба» - материал мәліметтерінің мағыналық байланысын көрсететін сызба әзірлеп, оларды түсіндіреді. «Тезис» қарастырылатын тақырыптың мазмұнын негізгі тезистер түрінде береді. «Сұрақ» - оқу материалының мазмұны бойынша
сұрақтар құрастырыңыз – оқу материалының мазмұны бойынша сұраулық, қарапайым, дәйексөздер жоспарын құрыңыз. «Рефлексия» - материалдарды қолану барысында кездесетін қиындықтарды айқындайды. Өз ұстанымыңызды негіздеңіз. «Практик-психолог-диагност», «Эксперт» - әр топ іс-әрекетіндегі позитивті және негативті сәттерді көрсетеді. Баға қояды. «Ассоциация» - сабақ тақырыбымен танысу барысында туындаған бейнені суреттейді.
Әр ұстанымды (топты) қорғау бірлескен қорытындыны сипаттайды, студент сыртқы әлемді көшіруге және оны табысты қолдануға қабілетті болады, теориялық материалды түсіну мен ұғынуды үйрену, оқу материалын теориялық меңгеруде сыни ойлау мен түрлендіруді дамытады, бұл жағдайда педагог- психологтың этикалық қағидалары орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |