«Диагност поштасы» әдісі – әр сабақтың соңында диагностикалық қабілеттер, танымдық, эмоционалдық сала, тұлғалық, тұлғаның интеллектуалды ерекшеліктеріне арналған диагностикалық құралдарды іріктеуде кеңес беру өтінішімен «пошталық хабарлама» келеді. Мысалы, жаңадан бастаған педагог- психологтың сынып ұжымының психологиялық климатын анықтау мақсатымен диагностикалық зерттеу жүргізуге арналған әдістемені талдауға көмектесу бойынша өтініші немесе отбасылық қобалжуды анықтау бойынша қандай диагностика жүргізуге болады деген өтініш, диагностика жасауда алынған нәтижелерді педагог-психолог «Баланың қобалжуы» тақырыбындағы ата- аналар жиналысындағы баяндамасында қолданады немесе дарындылықты, суицидке бейімділікті зерттеуде, кәсіби бағытты анықтауда қандай әдістемені қолдануға болады. Студенттер топта жұмыс жасап, талқылау барысында олар топтық жауап берулері тиіс, ол үшін оларға «Педагог-психологтың 100 – диагностикалық әдістемелері» диагностикалық минимумынан жасерекшелік пен зерттеу пәніне сәйкес әдістемелерді таңдап алуы тиіс (С қосымшасы). Педагог эксперт ретінде болады.
Семинар сабақтарының көпшілігі жаттығулар мен ойыннан құралған тренингтік сабақ түрінде жүргізілді. Мысалы, «Әдістеме жәрмеңкесі», әр студенттік топ екі топқа бөлінеді, бірі – әдістемені сатып алушылар, екіншісі сатушылар.
Оқытушы сатып алушыларға 1 ден 10-ға дейінгі баллдан тұратын фишкалар (жетон) таратады. Сатып алушылар сатушыларға келіп, жетонды беру арқылы ұнатқан әдістемесін сатып алады. Соңында кім «тауарды» иеленді, кім сата алғандығы бойынша талқылау жасалатын рефренинг жүргізіледі, студенттер «тауардың» қажеттілігі, сатушының өз «тауарының» сапасын жақсы білетінін, оны жарнамалай алатыны туралы қорытындыға келеді. Осылайша, келтірілген жаттығу диагностикалық құзыреттілікті қалыптастыруға үлес қосатын психодиагностикалық құралдар мен олардың қолданылуы туралы білімдерді жүйелендіреді.
«Диагностикалық басқатырғыштар» Басқатырғыштар – бұл әдістемелердің көптеген көріністерінен құрастырылатын құрастырмалы суреттер. Топ жеке элементтерден құралған суретті құрастырып жинауы тиіс, қандай диагностикалық әдістемені қолануға болады (мысалы, «Дарынды балалар диагностикасы» тақырыбы).
Басқатырғыштарды жинамас бұрын, тақырып бойынша әртүрлі диагностикалық әдістемелермен танысып алып, содан кейін ғана диагностикалық әдіс жүргізу тиіс.
Бұл әдісті жүргізуді жеңілдетуге болады, яғни жеңілдетілген материалдарды жүргізуге, сондай-ақ күрделендіруге де болады. Күрделендіру барысында диагностикалық әдістемелерді басқа тақырыптармен біріктіруге болады, ал студенттің міндеті берілген тақырыпқа қатысты методикаларды іріктеу болып табылады. Студенттің міндеті не себепті бұл диагностикалық әдістемелердің іріктелгендігін түсіндірі, суретті жинау.
Әдістің артықшылығы оны жеке, жұптық, уақытша кіші топтарда және топтар арасында сайыс түрінде жүргізуге болады. Басқатырғышты кім тез және жылдам жинаса, сол жеңіске жетеді.
Егер студент басқатырғышты жинауда қиналса, оған неге, не үшін бұл диагностикалық әдістерді қолдану керектігі көрсетілген, нақты көмек беретін түсіндірмелі жазба беруге болады. Осыған сәйкес, педагог-психологтың диагностикалық құралдарымен нақтырақ таныстыруға ұсынылатын әдебиетті де ұмытпаған жөн.
Тренингтік сабақтардың тақырыптары мынадай сабақтарды қамтыды:
«Педагог-психолог диагностының ұйымдастырушылық мәдениеті», «Мен – жетістікті диагностпын», «Кәсіби-психологтың тұлғалық өсуі»,
«Диагностикалық әңгіме». Тренингтік сабақтарды өткізуде психологиялық- педагогикалық әрекет мақсатқа бағытталған ықпал терінде белсенді қолданылды, ол эксперименттік топтың әр студентінің тұлғасына, жалпы топқа жүргізіліп, сондай-ақ тұлғалық дамуға, студенттің кәсіби өсуіне бағытталған гуманистік мазмұнға ие болды.
Негізгі әдістемелік құралдар мінез-құлық сипатының кеңеюіне үлес қосатын вербалды және вербалды емес ойындар мен жаттығулар, жобалық суреттір, рөлдік ойындар, топтық аікір-таластар болды.
Біздің ұсынған тренинг бағдарламасы 3 қосымшада көрсетілген.
Әдістеменің келесі кезеңі педагог-психолог-диагност жұмыс дәптеріндегі өзіндік жұмыстарды орындаудың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру үдерісі. Жұмыс дәптеріндегі тәжірибелік тапсырмалар теориялық білімдермен тығыз байланысты, студент диагностикалық үдерістің өзін түсініп, психологиялық- педагогикалық іс-әрекетте жүзеге асырылуын ұғынуы керек.
Тәжірибелік эксперименттік жұмыстаң мысал келтіреміз.
Психолог-педагог-диагност жұмыс дәптерінде төмендегідей тәжірибеге бағытталған тапсырмадар ұсынылды:
Әдебиет көздерінен тест жіктемелерін іріктер жазыңыз. Төменде ұсынылған мәтінді оқып, білім беру ұйымдарындағы тәжірибеде қолданылатын тест жүргізу бойынша ұсыныстар ойластырыңыз. Өзіңіздің жұмыс дәптеріңізді жазыңыз.
Жобалық әдістеме жіктемесін оқыңыз және бір түріне тәжірибе жүргізіңіз. Қорытындысы бойынша топта жұмыстың ерекшелігі талқыланады. Жобалық әдістеменің түрлері бойынша жадынама қолданыңыз.
Жобалық әдістемені мынадай топтарға бөлуге болады:
Конститутивтік - құрылымдау, ынталандыруды қалыптастыру, оларды мазмұндау (мысалы, Роршах тесті).
Конструктивтік - жобаланған мағыналы тұтастық құру (мысалы, Мира Тест).
Интерпретативтік – белгілі бір оқиғаны, жағдаятты түсіндіру (мысалы, Тақырыптық Апперцепция тесті - ТАТ).
Катартикалық – ерекше ұйымдастырылған жағдайда ойын әрекеттерінің орындалуы (мысалы, психодрама).
Экспрессивтік – еркін немесе берілген тақырыпта сурет салу (мысалы, суреттік, проективті тесттер).
Импрессивтік - басқаларды ынталандыру (ең жағымды) артықшылығы (мысалы, Люшер тесті).
Аддитивтік – сөйлемді, әңгімені, баяндаманы аяқтау (мысалы,
«әдістемені аяқтау»).
Бақылаудың жіктелуін тексеріңіз. Бақылау түрлерi: тiкелей, жанама, ашық (анық), жабық, қосылған (қатысу), қосылмаған (қатыстырылмаған), жүйелі (тура), жүйелік емес (таңдаулы). Осылардың бірін таңдап, мектептегі тәжірибеде сынақтан өткізіңіз.
Тұлғаның өмірбаянын жақсы білуге мүмкіндік беретін диагностика әдістерінің қатарын таңдап алыңыз. Диагностика әдістемесін қалай жүргізесіз (әңгіме, сұхбат, жобалық әдістер), адамның өмірбаянын жазыңыз.
Бірінші сынып оқушысының мектепке баруына қандай талаптар қойылғанын зерттеңіз. Диагностикалық әдістерді таңдап, мектептің жетілуін анықтау үшін осы әдістерді таңдаудың дұрыстығы үшін дәлелдер келтіріңіз.
«Диагност қателігі» эссе жазыңыз.
Жобалық-диагностикалық зерттеулер – студенттердің орындаған соңғы тапсырмасы болып табылады, оның мақсаты алған білімін жүйелендіру және психодиагностикалық зерттеудің дизайнын жазу. Мысалы, «Интеллект деңгейін анықтау», «Шығармашылықты диагностикалау», «Суицидтке бейімділікті диагностикалау» және т.б.
Осылайша, осы тарауда болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастырудың бағдарламасы мен жаңартылған мазмұны талданып, әдістемесі қарастырылды.
Келесі бөлімде болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесін сынақтан өткізу бойынша тәжірибелік-эксперимент жұмыстары мен оның қарастырылады.