Инсулин - полипептид проинсулин түріндегі β - жасушалардың құрамында болады, ол секрецияға дейін инсулинге және эквимолярлық мөлшерде қанға түсетін С - пептидке бөлінеді. С-пептид белсенді емес. Инсулин ұйқы безінің негізгі гормоны болып саналады, өйткені ол қандағы глюкоза деңгейін төмендететін жалғыз фактор; барлық мүшелер мен ұлпаларға анаболикалық әсер етеді. Инсулин глюкозаның ұлпаларға жеткізілуін, жасушалардағы макроергтердің жиналуын, гликолизді, гликоген синтезін, липогенезді белсендіреді, ақуыз бен нуклеин қышқылының метаболизмін реттейді. Қандағы инсулин деңгейін анықтайтын бірқатар әдістер жасалды: биологиялық (май жасушаларын, оқшауланған диафрагманы қолдану арқылы); радиорецептор; иммунды-ферменттік талдау (гормон β - D - галактозидазамен біріктірілген); радиоиммунды; иммунометриялық. Соңғы екеуі клиникада іс жүзінде қолданылады.
С-пептидті анықтау β-жасушалардың жұмысын бағалауға мүмкіндік береді: экзогендік инсулин болған кезде, инсулинге антиденелер болған жағдайда, глюкагон енгізілген тестте (бездің секреторлық қабілетін бағалау).
Достарыңызбен бөлісу: |