Абжанова сокращенная indd


Әртүрлі физикалық еңбек ететін адамдардың тамақтануы



Pdf көрінісі
бет72/151
Дата27.11.2023
өлшемі5,39 Mb.
#130239
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   151
Әртүрлі физикалық еңбек ететін адамдардың тамақтануы
Физикалық ауыр еңбек түрімен байланысты адамдар IV және V 
топқа жатқызады (4000-5000 ккал). Рационға үлкен көлемде ақуыз, 
көмірсу, май қосу керек. Қатынастары келесіде көрсетілген:
– IV топтар үшін 11:33:56;
– V топтар үшін 11:30:59.


159
Шөлді басу үшін газдалған, қышқылдау, тұздалған суды, сүт-
қышқылды сусындарды ішу ұсынылады. ас қорыту сөлдерінің 
бездерін қоздыру үшін, мәзірге шикі көкөністерден дайындалған 
салаттар, басытқыларды (ащы дәмдеуіштер және соустар қосылмаған) 
қосу қажет. төрт түрлі тамақтану.
әртүрлі көлік жүргізушілері іі топқа жатады (2250-3000 ккал). 
Құрамында орталық нерв жүйесін тыныштандырып тұратын өнімдер 
мен тағамдарды (сорпалар, балық сорпасы, шай, кофе, какао), көздің 
көруін қамтамасыз ететін сүт (В2 витамині) қолдану керек қолдану 
керек. 
Рационды тамақтану
тамақтану мәдениеті деген ұғымға нелер кіреді? Оған енетіндердің 
саны өте көп және олардың бастылары және екінші, үшінші дәрежелері 
дегендер болмайды, өйткені бәрінің маңызы бірдей. тамақтану 
мәдениеті дегеніміз – бір қалыпты тамақтану және тамақтардың 
түрліше болуы, қай кезде және қандай мөлшерде ішіп жей білу де – 
мәдениеттілік.
ең алдымен адамға тәулігіне қанша мөлшерде тағам қажет? бұл 
сұраққа теңдестіре тамақтану теориясы жауап береді. Ол теорияда 
организм клеткаларының өсуі және ұдайы жаңарып отыруы үшін 
қажетті энергия мен құрылыс материалдарының қайнар көзі санала-
тын тағамға деген талап адамның жас дәрежесіне, жынысына, жұмыс 
түріне, тұратын жерінің климат жағдайларына байланысты болуынан 
келіп шығады.
адам тағамнан өзінің тәулігіне жұмсайтын энергиясы мөлшерінде 
ғана қуат алуға тиіс, аз да емес! егер адам үшін үнемі мөлшерден 
тыс ішіп жесе семіреді де, нәтижесінде қант диабетіне, атеросклерозға 
ұшырайды, бауырдың қызметі бұзылады, басқа да аурулар пайда 
болады. әрине, біздің заманымызда өмірдің басты мәні, мақсаты, 
гогольдің ескі көзқарастағы помещиктері сияқты, тек ішіп жеуде ғана 
деп білетін адамдарды табу қиын. бірақ қомағайлана жеуді, өте майлы 
тамақтарды жарататындар аз емес.
тамақтану институты жүргізген байқаулардың көрсетуіне 
қарағанда, қомағайлана тамақтанудан семіру ерекше көп таралған. 
тексеруден өткендердің ішінде 18-ден 80 жасқа дейінгілердің 30%-
ының салмағы анағұрлым артық, ал олардың жартысына жуығының 


160
 
 

семіздігі ауырлық деп бағаланады. Демек, «саулық үшін» ішіп-жеу 
мөлшерден артық тамақтану деген сөз емес.
алайда тамақты аз ішіп , үнемі аш жүруге де болмайды. бұның да 
қауіпті зардаптары бар. тамақтанудың ақылға қонымды түсініктемесі 
болуға тиіс.
азық-түліктің қай түріне көңіл аудару керек? Олардың қайсысы 
пайдалырақ.
азық-түліктің пайдалы немесе зиянды деген түрлері бол-
майды. азық-түліктің түр түрін жеген дені сау адамға тағамның 
барлығы пайда береді. ал оның белгілі бір түрін ғана жеу зиян. бүл
түсінікті де.
Өйткені организмге барлық тағамдық заттар: ақуыздар да, майлар 
да, көмірсутегі де, витаминдер де, минерал тұздар да қажет. бұлар 
қорытатын шырындардың әрекетімен тағамнан бөлініп шығып қана 
барып араласады да, сөйтіп, онда түрлі клетка элементтерін құруға, 
оларды қалпына келтіруге және адамның жұмсаған энергиясының 
орнын толтыруға жұмсалады.
есте болатын биоген аминдері қан тамырларының тонусын 
(өмір сүру қабілеті) күшейтеді де, сол арқылы артериял қысымын 
жоғарылатады, ал нуклеин қышқылдары мен турин, негізінде 
подогранның (құяң – буынның ұстама ауруы) пайда болуына әкеліп 
соғады. ақуызы көп асқа бір құнды азықты ірімшікті шамадан көп 
пайдалансақ, бауырда тас құралуы ықтимал. сондықтан ішетін 
тамақтың түрін (рационын) өзгертіп отыру керек, оған ақуызға 
бай сүт, ірімшік, балық немесе ет витаминдері мен минералды 
тұздары көп көкөністер, жемістер мен әртүрлі майлар, оның ішінде 
өсімдік майлары (бұлардың құрамында организмге қажетті май 
қышқылдары болады) жатады. тіпті ешқандай пайдалы заттары жоқ 
көкөністер мен жемістер клетчаткалары да (өсімдік клетчаткасының 
құрамын құрайтын заттар) – организмге қажетті заттар, өйткені ол ас 
қорытатын шырындардың түзілуін қамтамасыз етеді, ішектің жиыры-
луын күшейтеді, соның арқасында ішектің қызметін ретке келтіреді 
және организмге қажетті басқа артық холестеринді шығарып отырды.
тамақтағы «үйлеспейтіндерді» үйлестіруден қорықпау керек. 
кейбір шетелдік диетологтар етті немесе балықты нанмен немесе 
ботқамен бірге жеу зиян, ал сүт басқа ешқандай тағаммен үйлеспейді 
дегенді айтады. бұлай тұжырымдау негізсіз.
Қайта, асқазаны ауруға шалдықпаған адамның осы аталған 
тағамдарды әрқашан жеуі пайдалы, өйткені нанның немесе ботқаның 


161
онша құнды саналмайтын өсімді ақуызы сүттің, ірімшіктің немесе 
балықтың құрамында өте құнды амин қышқылдары бар ақуыздармен 
толығып отырады. ақуыздың организмге неғұрлым көбірек сіңуін 
қамтамасыз ететін тағам үйлесімдері толып жатыр. мысалы, 
қарақұмық ботқасын сүтпен жеу, нанды сүтпен немесе балықпен жеу 
(әрине, семіруге бейім адамдарға емес) пайдалы.
кейбір адамдар бала жасынан бастап осы аталған азық түліктердің 
жекелеген түрлерін және олардан жасалған жеке тағамдарды жемей, 
қателік істейді. 
мысалы, біреулер сүт ішпейді, екіншілері балық, енді біреулері 
жеміс жемейді. бұнысымен олар өз организмдерін қажетті қоректік 
заттардан құр қалдырады, өте қолайсыз жағдайға ұшыратады. сәбиді 
тамақтану әліппесіне оның өмірінің алғашқы күнінен бастап үйрету 
керек.
ана жаңа туған нәрестесін белгілі сағат бойынша емізгенде, сәбиді 
режимге баулиды. Оның тамақтанатын белгілі уақытта рефлексі 
қозады, яғни сол сағатта іште ас қорытатын шырындар бөлінеді де, 
организм азықты жақсы сіңіреді. 
бірақ, өкінішке қарай, сәби өсе келе көптеген ата аналар тамақ 
режиміне көңіл бөлмейді. балалар қолына қай жерде көшелерде, қала 
көлігінде не түссе – соны жей береді. Дүкендерде ұртын бұлтитып 
алып, бірдеңені шайнап жүрген балаларды жиі көресіз. біреулердің 
қолында – тоқаш, біреулерінің аузында – алма, енді біреулеріне аналар 
дүкен сөрелерінің жанында тоқаш немесе шоколад ұстатады.
тамақ режимін бұзу сәбилерге ғана емес, үлкендердің өздері үшін 
де қатерлі. тамақты шамадан тыс көп ішіп жеумен қатар, ауқаттануды 
тәулігіне бір-екі ретке кейін қысқарту, кешке жатарда қатты тоя 
тамақтану көптеген адамдардың семіруіне себеп болады.
әңгіме мынада: ауқаттанудың арасын алшақтатудан адам ашыққан 
сезімге түседі де, ашқарақтанып, тамақты өзіне қажетті мөлшерден 
көп жейді. Ұйықтар алдында көп жеген адам да еріксіз толығады.
тамақтың қорытылуы және тағам заттарының қышқылдануы 
күндізге қарағанда түнде азаяды. сөйтіп, майлы тағам денеге толық 
сіңбей, етке айналады.
Дастарқанға қойылған тағамның қалай пісіріліп, даярланғанының, 
әдемілігі мен дәмділігінің айрықша маңызы бар. әдемі де дәмді 
даярланған тағам көзді қызықтырып қана қоймайды, тәбетті шақырып, 
асқазанға шырын бөледі, сөйтіп, тағамды қорытатын ішкі жүйенің 
барлығы асты қабылдауға дайын тұрады .тағам ауызға түсіп сәл ғана 


162


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет