Абжанова сокращенная indd



Pdf көрінісі
бет74/151
Дата27.11.2023
өлшемі5,39 Mb.
#130239
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   151
Тамақтану мөлшері. 
тамақтану мөлшері астың қуаттылығына 
негізделеді. бірақ тіршілік үшін бұл жеткіліксіз. Организмнің қажет-


163
тілігін толық қамтамасыз етуге ақуыз, май, көмірсу, су, дәрумен және 
минерал тұздары міндетті түрде жеткілікті мөлшерде болуы керек. 
балалардың тәулік ағынында дәрумендер мен амин қышқылдары 
мол болғаны жақсы. тәуліктік азықтың барлық мөлшері олардың 
жасына қарай 2000-2600 г шамасында болуы шарт. піскен ас буы 
шығып, иісі аңқып, дәмді және көрер көзге жағымды болса, сілекей 
шұбырып, қарын сөлі көбірек бөлініп, тағам жағымды болып, бойға 
жақсы сіңеді.
тәуліктік азықта минерал тұздары, әсіресе са мен Р тұздарының 
мөлшері жеткілікті болуы тиіс, себебі балалардың сүйегінің өсіп-
жетілуіне бұл минералдар аса қажет. егер са, Р және Д дәрумені 
жеткіліксіз болса, сүйек ұлпасының өсіп-жетілуіне нашарлайды да 
баланың бойы еркін өспейді, нәрестелер ауруға шалдығады. са мен 
Р өзара қатынасы мектеп жасына дейінгі балаларда 1:1.5, бастауыш 
сыныптағыларға 1:1.7, жоғары сынып оқушыларына 1:1.4 болуы керек.
балалардың тамағында сүт, айран, көкөніс, жеміс жеткілікті 
мөлшерде болса, олардың организміне қажетті минерал заттар 
мен витаминдер толық мөлшерде түсіп, жастардың жақсы өсіп, 
денсаулықтары дұрыс қалыптасады.
Тамақтану тәртібі.
адамның тамақтануы бір уақытта болады. 
мұның себебі – күн мен түн, сергектік пен ұйқы, жұмыс жағдайы-
ның тәулік ішінде өзгеріп тұрады. Осыған байланысты ас қорыту 
мүшелерінің қызметі, олардың сөл өндіруі тәулік ішіндегі қалып-
тасқан ырғақпен өтеді де, ас қорыту ферменттерінің белсенділігі 
жоғарылайды. кезекті мерзімінде тамақтану ас қорыту нәтижесін арт-
тырады.
төрт мезгілді тамақтану тәртібң адам өміріндегі орын алып 
қалыптасты. жұмыс жағдайына қарай үш мезгіл тамақтану да 
жеткілікті, ал одан аз болса, тамақтану тиімсіз және ас қорыту 
мүшелерінің қызметі табиғи ырғағына сай болмайды.
тамақтану тәртібі сақталмай, қалыпты жағдайдан бұзылса, гастрит, 
қарын мен ішектің жаралы науқаны, атеросклероз, дененің мөлшерден 
тыс талуы және тағы басқа сырқаттар пайда болуы мүмкін. мұндай 
сәтсіздік ересектерде де, балаларда да байқалады. әсіресе жұмыс 
істемей, қозғалмай бір жерде отыратын адамдарда сырқат өршіп 
кетеді.
күндіз тамақ ішу арасы 4-5 сағат болуға тиіс. түнде тамақ ішпей, 
ас қорыту мүшелерінің демалуы 8-10 сағатқа созылады. әрине, бұл 
тәртіп жұмыс істеу уақыты әртүрлі жағдайларға байланысты өзгеруі 
мүмкін.


164
 
 

тамақтанудың ертеден қалыптасқан тәртібі бойынша таңертеңгі 
ас тамақтың тәуліктік мөлшерінің – 20-25%, 2 сағаттан кейінгі жеңіл 
тамақ – 10-15%, түскі тамақтану – 40-45%, ал кешкі 20-25% болуы 
керек. ал үш мезгіл тамақтанғанда таңертеңгі ас 25-30%, түскі 45-50%, 
ал кешкі 20-25 % болады.
тәуліктік азықтың құрамындағы қоректік заттардың арасында 
тепе-теңдік қатынасы сақталуға тиіс.
академик Шарманов қағидасы бойынша, ақуыз, май, көмірсу, 
дәрумендер, минерады тұздар мен судың тәуліктік азықтағы үлес 
қатынасы организм тіршілігі үшін мөлшерде болуы керек. Оның 
ішінде валин, лейцин т.б маңызды амин қышқылдары мен дәрумендер 
жеткілікті мөлшерде болуға тиіс.
ауыл шаруашылығы және басқа өндіріс орындарының жұмыс 
ерекшелігіне сәйкес тамақтану тәртібінің басқа түрлері де болуы 
мүмкін. таңертең тамақ ішпей жұмысқа барғанда, еңбек нәтижесі 
төмен болады.
Өсіп, дамуына байланысты балалардың тамақтану тәртібі ерекше. 
Олардың тамағының тәуліктік мөлшерінің кұрамында ақуыздың 
үлесі жасына лайық болуға тиіс: 1-3 жаста – 55 г, 4-6 жаста – 72 г, 7-9
жаста – 89 г, 10-15 жаста – 100-106 г.
балалардың бақшасында тамақтану әрбір 3-3,5 сағаттан кейін, ал 
мектеп жасындағыларға 3,5-4 сағатта, жас өспірімдерде тәулігіне
4 рет болады.
ақуызды тағамдары балаларға түске дейін берген жөн, себебі 
ол жүйке жүйесінің қызметіне өте қажет. ал кешкілікке ол өте аз 
мөлшерде болуға тиіс, өйткені баланың ұйықтауына бөгет жасайды. 
Ұйықтар алдында 1,5-2 сағат бұрын сүт, жеміс сияқты жеңіл тамақты 
ғана берген дұрыс.
тамақ әртүрлі, дәмді дайындалса, асхана таза болса, баланың 
тәбеті ашылып, жақсы тамақтануына себеп болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет