153
ал балалар, ауру кісілер, жүкті және бала емізетін әйелдер өздерінің ас
үлестерінен мұндай өнімдерді алып тастау керек. табиғи емес негізде
дайындалған сірке қышқылын қолдану мәселесін егжей-тегжейлі
қарастыру керек.
автор қызметкерлермен бірге сәбіз және қызылша маринадтарын-
дағы сірке қышқылын дәстүрлі емес шикізат – сүт сарысуын қолдану
арқылы алмастыруға болатынын ұсынды.
сүт сарысуының 4,4-нан 6,3 аралығындағы ортасының реакциясы
қышқыл болып келеді және құрамында сірке қышқылы болады. бұл
оны тамақ өнімдерінің консерванттары, қызылша және сәбіз мари-
надтарын дайындауда сірке қышқылының
алмастырғышы ретінде
пайдалануға негіз береді.
сүт сарысуын қолданумен маринадтарды дайындау үшін оны
ақуыздарды денатураттаудың (t = 73-75°с) жылулық шегіне дейін
жылумен өңдеу, салқындату (t = 10-12°с) және сүзгілеу қажет.
пастерленген сарысудағы құрғақ заттардың салмақ үлесі 4,37%
құрайды, ал бұл нормативтерге (4,2-ден 7,4% дейін) сәйкес келеді.
бірақ зерттелетін нысанда бұл көрсеткіш сүттің сарысуының құрғақ
қалдығына кіретін пастерлеу және сүзгілеу нәтижесінде жартылай
алынып тасталған тағамдық заттар есебінен төменгі шекке жақын.
пастерленген сүт сарысуындағы ақуызды азотты қосылыстар
мөлшері жаңадан әкелінген сүт сарысуына қарағанда айтарлықтай
төмен. бұл жылулық өңдеу кезінде
ақуыздардың кейбір фракция-
лары денатураттаудың жылулық шегіне жеткендігімен түсіндіріледі.
алайда сарысудың ақуызды қосылыстарының көп бөлігі аса қатты
өзгере қойған жоқ. бұл оны биологиялық құнды тамақ өнімі ретінде
пайдалануға мүмкіндік береді.
Құрғақ заттар мөлшері сүтті сарысу негізінде дайындалған мари-
надтардағы сіркесу негізінде дайындалған маринадтарға қарағанда
жоғары болғандығы анықталды.
сарысу мен сірке суында дайындалған маринадтардағы жалпы
қанттың мөлшерінің деңгейі шамамен бірдей. алайда сүтті
сарысу
негізінде дайындалған маринадтарда жалпы қанттың салмақ үлесінің
көп болуы байқалады. бұл сүт сарысуында лактозаның болуымен
түсіндіріледі.
көкөністердегі нитраттардың мөлшерін төмендету үшін оларды
жылумен өңдер алдында тазартып, майдалау қажет, ал қайнату үшін
суық суға салу керек. сүт қышқылы ингибитор болып табылатыны