«Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» тақырыбындағы «Адалдық сағатының» әсері
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Парасаттылық департаментінің өткізген «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» тақырыбындағы жалпыреспубликалық «Адалдық сағатының» №1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі студенттеріне әділдік, парасаттылық, сенім сияқты құндылықтардың маңызын түсінуде көмегін тигізері сөзсіз. Мұндай адалдық сағаттары студенттер үшін адалдық пен әділдіктің мәнін ұқтыру, елі мен жерін сүйіп, адал білім алу, адал қызмет атқару тұрғысынан пайдалы болмақ.
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Абай атамыздың шығармаларындағы адалдық пен әділдіктің маңызын түсінді. ҚР Президенті Қ.Тоқаев «Абай және ХІХ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында «Абайдың мұрасы – парасатты патриотизмнің мектебі» демекші, біз Абай атамыздың әрбір сөзін мән беріп ұғынсақ, нағыз патриот, елін, жерін, тілін қорғайтын азамат болары анық.
«Еңбек қылсаң ерінбей,
Тояды қарның тіленбей,» - деп, Абай атамыздың өлеңінде адал еңбектің түбі адал ризық, несібеге кенелетінін, адалдық, қанағат, ұят, имандылыққа шақырғанын, жалқаулық пен пайдакүнемдікке салынған адамдарға жирене қарағанын, бес асыл іс пен бес дұшпанын Абай өлеңдерінен атап өтіп, студенттерді, жас ұрпақты тәрбиелеуде Абай өлеңдерінің тәрбие құралы екендігін аңғартты.
«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар еңбегің мен ақылың екі жақтап,»- деп, сенімнің әр адамның жүрегінде болып, ақыл мен еңбек ғана биікке шығарар жол екендігін, Абай қарасөзіндегі «Адал еңбекпен мал іздемек ол – арлы адамның ісі» дегендей, еңбек тақырыбы адалдықпен ұштасатынын, «Адамшылылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың» деп, әрбір адам өз несібесін адал еңбекпен табу -адамшылықтың белгісі екенін айту арқылы студенттерді ешкімнің алдын кеспей, алдамай, тек адал еңбек етіп, адал болуға шақырды.
Өзіне сенімсіз, жеткілікті білімі жоқ құрылысшының салған үйінің сапасы мен дәрігердің емі, инженердің салған жолы қандай болмақ? Әрине, біз еліміздің ертеңін ойласақ, жанымыз ашыса, білім мен ғылымға ұмтылып, жалқауланбай, тек әділ әрі адал қызмет етсек, еліміздің алдындағы борышымызды өтегіндігіміздің белгісі екендігін ұғындыруға аз болса да септігін тигізді.
Достарыңызбен бөлісу: |