Адам эмбриологиясының дамуының периодизациясы. Прогенез. Жыныс жасушаларының морфофункционалдық сипаттамасы



бет41/73
Дата27.11.2023
өлшемі0,64 Mb.
#130199
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   73
Көлденең жолақты бұлшық ет тіні: Бұл бұлшық еттен қаңқаның мускулатурасы, тiлдiң, көздiң, жұтқыншақтың, өңештiң жоғарғы бөлiмiнiң, көмейдiң еттерi құралады.
Көлденең жолақты бұлшық еттер қаңқа және жүрек бұлшық ет тіндеріне жiктеледi.
Қаңқа бұлшық ет тінi миотом жасушаларынан - миобластардан дамиды. Олардың кейбіреулері түрленіп аутохтонды (лат. autos - өзі, chton - жер) бұлшық еттерін түзуге қатысады. Ал қалғандары миотомнан мезенхимаға ауысады. Дененің басқа бұлшық еттерінің бастама алған жерлерінде олардың түрленуі жалғасады. Түрлену барысында екі жасушалық сызықтар пайда болады.
Бір сызықтың жасушалары бірігіп ұзыншақ симпластар – етті түтіктер (миотубтер) түзеді. Оларда арнайы органеллалар – миофибриллдердің түрленуі жүреді. Бұл кезде етті түтікте жақсы дамыған түйіршікті эндоплазмалық тор байқалады. Миофибриллдер алдымен плазмолемманың астында орналасып, кейіннен етті түтіктің үлкен бөлігін толтырады. Ядролары орталық бөлімнен шетке қарай ығысады. Осы кезде жасушалық орталық пен микротүтіктер толығымен жойылады. Мұндай дефинитивті (әбден тұрақталған) құрылым миосимпластар деп аталады.
Екінші сызықтың жасушалары дербес қалып, миосателлиоциттерге түрленеді. Бұл жасушалар миосимпластардың бетінде орналасқан.
Құрылысы. Қаңқа бұлшық ет тінінің негізгі құрылымдық бірлігі – миосимпласт пен миосателлиоциттерден тұатын бұлшық ет талшығы. Әрбiр талшық сарколеммамен қапталған. Сарколемма екi қабаттан тұрады: iшкi – плазмолемма және сыртқы – базальді мембрана.
Миосимласта ұзыншақ ядролар көп. Бір симпласта олардың саны бірнеше мыңға жетуі мүмкін. Ядролар полюстерінде Гольджи комплексі мен түйіршікті эндоплазмалық тордың кішірек үзінділері орналасқан. Миофибриллдер миосимпластардың негізгі бөлігін толтырып, ұзына бойы орналасқан. Әрбiр миофибриллдер жолақтанған, олар құрамында миозин белогы бар жуан миофиламенттер мен актин белогы бар жiңiшке миофиламенттерден түзiлген.
Жуан миофиламенттер сәуленi екi жақты сындыратын анизотропты диск А құрайды. Жiңiшке миофиломенттер сәуленi бiр жақты сындыратын ашық түстi изотропты диск I құрайды. I дисксiнiң ортасы арқылы Z сызығы – телофрагма, ал А дисксiнiң ортасы арқылы iшiнде орналасқан М сызығы бар мезофрагма жолағы өтедi. Екi телофрагма арасындағы миофибриллдер алаңы саркомер деп аталады. Саркомер миофибриллдердiң структуралық өлшем бiрлiгi. Мезофрагмадан телофрагмаға дейiн миозин жiптерi, ал телофрагмадан оларға қарсы актин жiпшелерi өтедi. Актин жiпшелерi өте жiңiшке және оның алтауы бiр миозин жiпшесiн қоршап жатыр. Осы актин және миозин жiпшелерiнiң қарама – қарсы қозғалуына байланысты ғылымда жиырылу теориясы пайда болды. Оның негiзгi механизмi: ет талшығы жиырылғанда актин жiпшелерi мезофрагмаға жетедi. Осының нәтижесiнде саркомер қысқарады, ал бiрнеше саркомер бiр уақытта қысқарғанда ет талшығы жиырылады.
Әр түрлi бұлшық еттер бiрдей емес биомеханикалық жағдайда қызмет атқарады. Сондықтанда әртүрлi бұлшық еттер құрамындағы еттi талшықтардың жиырылу жылдамдығы, ұзақтығы әр түрлi.
Миосимпластың үстіндегі плазмолемма изотропты және анизотропты дискілердің арасындағы шекарада ұзын түтікшелер (Т-түтікшелер) түзеді. Жиырылудың басталуы жайлы белгіні жасуша алғанда, бұл белгі плазмоллема арқылы жүреді.
Миосимпластардың жұмысында үлкен рөлді миоглобин мен гликоген қосындылары атқарады. Гликоген бұлшық ет жұмысы үшін энергия көзі ғана болып қоймай, бүкіл ағзаның жылу баланысын сақтайды. Бұлшық ет босаңсығанда миоглобин оттегіні байланыстырады, сол кезде ұсақ қан тамырлары арқылы қан еркін ағады. Бұлшық ет жиырылғанда бұлшық ет тамырлары жаншылып, оттегі қоры миоглобиннен босайды және биохимиялық реакцияға қатысады.
Миосателлитоциттер - бұл бұлшық ет тінінің регенерация көзі болып табылатын аз түрленген жасушалар. Олар миосимпластың үстінде орналасқан. Миосателлиотоциттер бір ядролы, олардың ядролары сопақша және симпластағы ядролармен салыстырғанда ұсақтау. Оларда барлық органеллалар болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет