Бұлшық ет талшықтарының типтері. Әр түрлі бұлшық еттер бірдей биомеханикалық жағдайларда қызмет етпейді. Сондықтан бұлшық ет талшықтарының күші, жылдамдығы және жиырылу ұзақтығы әр бұлшық етте әр түрлі. Олардағы ферменттердің де белсенділіктері бірдей емес. Бұлшық ет талшықтарында гликолитикалық және қышқылдық – тыныс алу ферменттерінің айырмашылықтары айқын байқалады.
Миофибриллдер, митохондриялар және миоглобинге қатынасы бойынша ақ, қызыл, және аралық талшықтарды ажыратады. Функциялық ерекшелiктерiне байланысты еттi талшықтар жылдам, баяу және аралық болып жiктеледi. Гистохимиялық реакцияны жасау кезінде оларды АТФ белсенділігі бойынша ажыратады. Бұл қасиеттерімен тыныс алу ферменттерінің белсенділігінің корреляциясын жасайды. Әдетте жылдам ет талшықтарында гликолитикалық ферменттердің белсенділігі жоғары, олар гликогенге бай, миоглобиндер аз, сондықтан оларды ақ талшықтар депте атайды. Баяу талшықтарда керісінше қышқылдық ферменттердің белсенділігі жоғары, олар миоглобинге бай және қызыл болып көрінеді.
Қаңқа бұлшық ет тінінің регенерациясы Миосимпластардың ядролары бөліне алмайды, себебі оларда жасушалық орталық жоқ. Сондықтан, қаңқа бұлшық ет регенерациясына миосателлиоциттер қатысады. Олар организм өскенше бөлінеді, еншілес жасушалар симпластардың ұшына тізіледі. Организмнің өсуі тоқтаған кезде миосателлиоциттердің көбеюі де тоқтайды. Еттi талшықтар зақымданғаннан кейін олар бұзылады және оның үзінділері макрофагтармен фагоцитоздалады. Тiннiң қалпына келуi екi түрлi механизм арқылы жүзеге асырылады: симпластың гипертрофиясы және миосаттелиоциттердiң гиперплазиясы. Гипертрофия кезінде миофибриллдердің саны артуына байланысты симпластың көлемі ұлғаяды. Симпласта эндоплазмалық тор мен Гольджи кешенiнiң белсендiлiгi артады. Саркоплазма мен миофибрилдiң қалпына келуiне қажеттi заттар синтезделедi. Гиперплазия кезінде миосателлито-циттердің пролиферациясы жүреді. Сақталған миосателлитоциттер бөлінеді. Олардың біразы етті бүршікке көшеді де, ал қалғандары миотубтер түзеді. Кейіннен жаңа түзілген етті талшықтардың құрамына еніп, жаңа талшықтар қалыптастырады