Интрафузальді етті талшықтар: Интрафузальді етті талшықтар. Олар экстрафузальді етті талшықтардан жұқа және қысқа. Гистологиялық құрылыс ерекшеліктеріне байланысты интрафузальді етті талшықтардың екі негізгі типін ажыратады – ядролы – сумкалы интрафузальді етті талшықтар және ядролық тізбегі бар талшықтар. Біріншісінде шағындалып жиналған жүздеген ядролары орналасқан. Мұндай интрофузальді етті талшықтардың орта тұсы жалпақтанып сумка тәрізді болады, осыған байланысты оны ядролы- сумкалы деп атайды. Екінші типті талшықтар ядролары тізбектеліп орналасқан. Олар бірінші типке қарағанда екі есе жұқа және қысқа. Экстрофузальді етті талшықтардың жиырылуы немесе босаңсуы нәтижесінде ұршықтағы дәнекер тінді капсуланың жетілуі өзгереді, осыған орай интрафузальді етті талшықтардың тонусы да (физиологиялық жағдайдағы күш - қуаты) өзгереді. Сондықтан интрофузальді етті талшықтар ұдайы қажиды.
15. Майдалану. Анықтамасы. Адам ұрығында майдаланудың сипаттамасы. Морула. Бластоцисталар.Эмбриобласт, трофобласт. Бөлшектену Бөлшектену - бұл зиготаның бір ізділікпен енші жасушаларға - бластомерлерге бөлінуі.
Бөлшектенудің жіктелуі: Зиготаның бөлінуіне байланысты:
Толық – зигота толығымен бөлінеді және екі бөлек жасушалар түзіледі;
Толық емес – еншілес жасушалар толығымен бөлінбейді және жеке жасушалардың түзілуі жүрмейді.
Түзілуші бластомерлердің көлеміне қарай: Біркелкі– бластомерлердің көлемдері бірдей
Біркелкі емес – бластомерлердің көлемдері әр түрлі
Бөліну аралығындағы интервал бойынша: Синхронды – барлық бластомерлердің бөліну интервалы бірдей
Асинхронды – барлық бластомерлердің бөліну аралық интервалдары бірдей емес.
Бөлшектену 1-ші тәуліктің соңында басталып, 3-4 тәулікке созылады. Адам зиготасының бөлшектенуі толық, біркелі емес, асинхронды (бластомерлердің бөліну аралығындағы интервал әр түрлі). Бірінші бөлшектену 30 сағаттан кейін аяқталып, екі бластомер түзіледі. Екі бластомерлер стадиясының соңынан үш бластомерлер стадиясы жүреді. 40 сағаттан соң 4 жасуша түзіледі.
Бірінші бөлінуден кейін бластомерлердің екі түрі қалыптасды. Оның біреуі ашық және ұсақ, екіншісі неғұрлым күңгірт және ірі. (сур.-А) (Суретте керісінше). Ашық бластомерлер жылдам бөлшектеніп, күңгірт бластомерлерді сыртынан қоршайды. Олардан ұрықты ана қанымен байланыстыратын трофобласт, ал күңгірт түрінен эмбриобласт қалыптасады. Эмбриобластан ұрық денесі және ұрықтан тыс мүшелер (хорионның және плацентаның ұрықтық бөлігінің дәнекер тіні, хорион, амнион, сары уыз қапшығы, аллантоис) түзіледі.
Бөлшектену процесінде ашық жасушалар күңгірт жасушалардан жылдам бөлінеді де, нәтижесінде ол ірі жасушалардың сыртынан қалыңдап өседі (сур.-В). 50-60 сағаттан соң жасушалық жиынтық – морула (лат. morum – тұт жидегі) түзіледі. Ол жасушалардың екі тобынан тұрады (сур. - С). 3-4 күні бластациста (бластула) – көпжасушалы, ортасы қуыс көпіршік қалыптаса байтайды.