Адам эмбриологиясының дамуының периодизациясы. Прогенез. Жыныс жасушаларының морфофункционалдық сипаттамасы


Лейкоциттер классификациясы. Гранулоциттер мен агранулоциттер. Құрылысы, функциясы. лейкоцитарлық формула / пайыздық мөлшерлері/



бет47/73
Дата27.11.2023
өлшемі0,64 Mb.
#130199
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   73
28.Лейкоциттер классификациясы. Гранулоциттер мен агранулоциттер. Құрылысы, функциясы. лейкоцитарлық формула / пайыздық мөлшерлері/.
Лейкоциттер. Лейкоциттер немесе қанның ақ түйіршіктері балғын қанда түссіз. Ересек адамдарда 1 л қанда 3,8х109 - 9,0х109 болады. Лейкоциттер белсенді қозғалысқа бейімді, олар мүшелердің дәнекер тініне қан тамырларының қабырғасы арқылы ауыса алады. Олар мұнда қорғаныштық қызмет атқарады. Морфологиялық белгілері және биологиялық рөлі бойынша лейкоциттерді екі топқа жіктейді: түйіршікті және түйіршіксіз. Түйіршікті лейкоциттерге нейтрофильдер, эозинофильдер және базофильдер, ал түйіршіксіздерге лимфоциттер мен моноциттер жатады.
Лейкоциттердің ядроларының пішінін ескере отыра, оларды мононуклеарлы (домалақ немесе сопақша ядролары сегменттелмеген) және сегменттелген (ядролары сегменттелген) лейкоциттерге жіктейді.
Лейкоциттердің жылжу қабілеттілігі жоғары, олардың қозғалу жылдамдығы әр түрлі жағдайларға: температураға, ортаның консистенциясына, рН және т.б. байланысты. Лейкоциттердің қозғалу бағыты әр түрлі факторлармен анықталады. Оның ішінде белгілі бір рөлді хемотаксис атқарады. Лейкоциттердің кейбір түйіршіктері қорғаныш қызметін атқарады, микробтардың фагоцитоздарын, жасушалар өнімдерінің ыдырауын қамтамасыз етеді, гуморальдық және клеткалық иммунитеттерді қалыптастырады.
Түйіршікті лейкоциттер
Түйіршікті лейкоциттерге базофильдер, эозинофильдер және нейтрофильдер жатады. Олар қызыл сүйек кемігінде түзіледі және цитоплазмасындағы түйіршіктері мен сегменттелген ядроларымен сипатталады.
Нейтрофильді түйіршіктер – лейкоциттердің ең көп тараған тобы. Олар домалақ пішінді, диаметрі шамамен 7 – 9 мкм. Ересек адамдардың қанында нейтрофильдер жалпы лейкоциттердің 65 – 75% құрайды. Олардың цитоплазмасы әлсіз оксифильді және онда ұсақ түйіршектер байқалады. Бұл түйіршіктер тек балауса қанда ғана емес, фиксацияланған және боялған препараттарда да әлсіз көрінеді. Әр жасушадағы түйіршіктің саны 50-200-ге дейін болуы мүмкін. Рамановский – Гимза әдісімен бояған кезде түйіршіктер қызғылт – күлгін түске ауысады. көп мөлшерде нейтрофильді түйіршіктер мен аз мөлшерде азурофильді түйіршіктер болады және ол нашар оксифильді болып келеді. Химиялық құрамы және қасиетіне байланысты түйіршіктің негізгі екі түрін - нейтрофильді түйіршіктер мен азурофильді түйіршіктерді ажыратады. Азурофильді түйіршіктер нейтрофильден ертерек пайда болғандықтан оны біріншілік деп атайды. Азурофильді түйіршіктер жетілген нейтрофильдердің 10-20% құрайды. Арнайы нейтрофильді түйіршіктер азурофильді түйіршіктерден кейін пайда болғандықтан, оны екіншілік деп атайды. Жасушалардың мамандану процесі барысында олардың мөлшері артады. Жетілген нейтрофильдердегі барлық түйіршіктердің 80-90% құрайды. Жетілген нейтрофильді түйіршіктердің диаметрі 0,1 - 0,3 мкм, пішіндері домалақ, сопақша. Жетілмеген нейтрофильді түйіршіктердің диаметрі 0,2 - 0,4 мкм, пішіндері домалақ. Лизосомальді ферменттер мен пероксидазаның болмауы және сілтілі фосфатазаның, негізгі катионды белоктардың, фагоцитиндердің, лактоферриннің, лизоциманың және т.б. болмауы олардың химилық құрамына тән. Демек, спецификалық түйіршіктердің маркерлері сілтілі фосфатаза және катионды белок, азурофильді түйіршіктердің маркерлері – қышқыл фосфотаза және пероксидаза. Нейтрофильдің цитоплазмасында органеллалар әлсіз көрінген – аздаған митохондриялары, кішкентай Гольджи аппараты, эндоплазмалық тордың элементтері бар. Оған қосындылар – липидтер, гликоген және т.б болуы тән.
Нейтрофильді лейкоциттердің ядроларында әсіресе шет жағында тығыз хроматин болады. Ядролардың пішіндері әр түрлі, сондықтан оларды полиморфты - ядролы деп атайды.
Қан нейтрофильдерінде әртүрлі дәрежедегі жасушалар бар – жас, таяқшалы ядролы, сегментті ядролы. Алғашқы екі түрі – жас жасушалар. Олар қалыпты жағдайда 0 – 0,5%. Таяқшалы ядролы нейтрофильдер 3-5%, бұл жасушалардың ядролары таяқша тәрізді. Сегментті ядролы нейтрофильдер – 60-65%.
Нейтрофильдердің фагоцитоздық қасиеті өте жоғары. Бактериялар мен басқа бөлшектерді жұтқан соң, оларда алдымен арнайы түйіршіктермен қосылатын фагосомалар қалыптасады. Бұдан кейін фагосомалардың біріншілік түйіршіктермен қосылуы жүреді және фаголизосома қалыптасады.
18 – 45 жастағы сау адамдарда фагоцитоздаушы нейтрофильдер 68,5 – 99,3%, ал фагоцитарлық индекс 12 -23. Нейтрофильдерде гранулоциттердің қатарындағы жасушаларда ДНҚ синтезін тежейтін және лейкоциттердің пролиферациясы мен дифференциялану процесіне реттеуші әсер көрсететін арнайы заттар - кейлондар бар.
Нейтрофильдердің өмір сүру ұзақтығы шамаммен 8 тәулік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет