Адам эмбриологиясының дамуының периодизациясы. Прогенез. Жыныс жасушаларының морфофункционалдық сипаттамасы



бет55/73
Дата27.11.2023
өлшемі0,64 Mb.
#130199
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   73
Макроглия. Ол нерв түтiгiнiң глиобластарынан дамиды. Макроглияға эпендимоциттер, астроциттер және олигодендроциттер жатады.
Эпендимоциттер ми қуыстары мен жұлынның орталық өзегiн астарлайды. Бұл жасушалардың пiшiнi цилиндр тәрiздi. Олар секреторлы қызмет атқарады – жұлын сұйықтығын секреттейдi. Кейбір эпендимоциттердің қозғалмалы кірпікшелері болады. Олар жұлын сұйықтығының жылжуына ықпал етеді. Көптеген эпендимоциттердің базальді беті тегіс, бірақ кейбір жасушалардың нерв тініне тереңдеп өтетін ұзын өсіндісі болады. Мұндай жасушалар танициттер деп аталады.
Астроциттер (грек. аstron – жұлдыз) – органеллалары аз, тармақталған жасуша. Олар негiзiнен тiректiк және нейрондарды сыртқы әсерлерден шектеу қызметтерін атқарады. Астроциттердің протоплазмалық және талшықты екі типін ажыратады. Протоплазмалық астроциттер орталық нерв жүйесінің сұр затында орналасқан. Олардың өсінділері қысқа және жуан. Протоплазмалық астроциттер ірі домалақ ядросының болуымен сипатталады. Цитоплазмасында эндоплазмалық тордың көптеген цистерналары, бос рибосомалар мен микро түтіктер бар, митохондрияға бай. Талшықты астроциттер орталық нерв жүйесінің ақ затында орналасады. Бұл жасушалардың 20 – 40 ұзын, жіңішке, нашар тармақталған өсінділері болады.
Олигодендроциттер орталық және шеткілік нерв жүйесiнде нейрон денесiн қоршайды. Олар нерв талшықтарының қабығы мен нерв ұштары құрамында болады. Олигодендроциттердің қызметi – трофикалық, нейрондардың зат алмасу процесiне қатысу, миелиндi синтездеу, жасушалар тармақтары айналасында қабық түзу (олар нейролеммоциттер немесе шванн жасушалары деп аталады).
Микроглия фагоцитоздаушы жасушалар, олар сүйек кемiгiнiң промоноциттерiнен дамиды. Оның қызметi – нерв тiндерiн инфекциядан, зақымданудан қорғау және нерв тінінің бұзылған өнімдерін шығару. Микроглия жасушалары жылжымалы, көлемi аса үлкен емес, денесi ұзыншақ пiшiндi болады. Тiтiркедiру кезiнде микроглия жасушаларының пiшiндерi өзгередi, олардың тармақтары тартылып, домалақтанады. Бұл күйiнде микроглиялар түйiршiктi шарлар деп аталады. Осы сипатталған морфология тармақталған микроглияға тән. Олардың фагоцитоздық қабілеті төмен. Тармақталған микроглия орталық нерв жүйесінің сұр және ақ заттарында кездеседі.
Сүтқоректілердің дамып келе жатқан миында микроглияның уақытша түрі – пішіні амебалы микроглия кездеседі. Бұл микроглияның жасушалары плазмолемманың қатпарларын және филоподиялар қалыптастырады. Олардың жасушаларының цитоплазмасында көптеген фаголизосомалар мен табақшалы денешіктер орналасқан. Белсенді фагоцитоздаушы амебалы микроглия ерте постнатальді кезеңде өте қажет, себебі бұл кезеңде гематоэнцефалитикалық тосқауыл толық дамымағандықтан, қандағы заттар оңай орталық нерв жүйесіне түседі. Сондай – ақ ол нерв жүйесінің түрлену процесінде бағдарлану нәтижесінде өлген артық нейрондар мен олардың өсінділерінен пайда болған жасушалардың сынықтарын жоюға ықпалын тигізеді.
Реактивті микроглия травмадан кейін мидың кез – келген жерінде пайда болады. Онда тармақталған микроглиядағыдай тармағы және амебалы микроглиядағыдай қатпарлары мен филоподиясы болмайды. Реактивті микроглияның тармақтарында тығыз денешіктер, май қосындылары, лизосомалар болады.
Жоғарыда қаралған глиалды элементтер орталық нерв жүйесіне жатады.
Перифериялық нерв жүйесiнiң глиясы нерв жотасынан дамиды. Оларға жатады:

  1. Нейролеммоциттер (Шванн жасушалары);

  2. Ганглий глиоциттерi (мантийндi глиоциттер).

Шванн нейролеммоциттері нерв талшықтарындағы нерв жасушалары өсінділерінің қабығын қалыптастырады. Ганглий глиоциттері нерв түйiндерiнде нейрон денесiн қоршайды, нейрондардың зат алмасуына қатысады.
18. Плацентаны қалыптастырудағы хорионның маңызы. Адам плацентасы, оның құрылысы мен қызметі. Гемохориальды тосқауыл. Жүктілік кезеңіндегі жатыр эндометриінің ерекшелігі және ұрық қабықтары. «Ана – ұрық» жүйесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет