Адам эмбриологиясының дамуының периодизациясы. Прогенез. Жыныс жасушаларының морфофункционалдық сипаттамасы



бет48/73
Дата27.11.2023
өлшемі0,64 Mb.
#130199
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   73
Эозинофильді түйіршіктер. Олар нейтрофильдерге қарағанда неғұрлым ірі жасушалар. Балауса қанда диаметрі 9 – 10 мкм, ал жұғында шамамен 12 – 14 мкм. Перифериялық қанда эозинофильді түйіршіктердің мөлшері шамамен 3-5%.
Эозинофильдердің цитоплазмасында ірі эозинофилді түйіршіктер көп және ұсақ азурофильді түйіршіктер аз мөлшерлерде болады. Эозинофиьді түйіршіктер шамамен бүкіл цитоплазманы толтырады. Олардың орта тұсында құрамында негізгі белок, пероксидаза, эозинофильді катионды белок, сондай – ақ гистаминазасы бар кристаллоидтар орналасқан.
Эозинофильді түйіршіктердің негізгі белогы эозинофильдердің антипаразитарлық функциясына қатысады. Гистаминді бұзатын фермент – гистаминаза қабынудың негізгі медиаторларының бірі.
Эозинофильді түйіршіктер фагоцитозға қабілетті, бірақ олардың фагоцитоздық қасиеті нейтрофильдерге қарағанда төмен. Олар аллергиялық және анафилактикалық реакцияларға қатысып, қорғаныштық қызмет атқарады.
Базофильді түйіршіктер лейкоциттердің 0,5-1% құрайды. Жаңа қанда оның диаметрі шамамен 9 мкм, ал жұғында шамамен 11 – 12 мкм. Базофильдердің ядролары сегменттелген. Метохроматикалық түйіршіктері бар, олар көбінесе ядроларды жауып тұрады. Түйіршіктің метохромазиясы құрамында қышқыл гликозаминогликан - гепариннің болуына байланысты. Бұл түйіршіктерде гистамин, серотонин, пероксидаза, гистидиндекарбоксилаза, қышқыл фосфотаза болады. Базофильдердің құрамына арнайы түйіршіктерден басқа азурофильді түйіршіктер енеді.
Базофильдердің қызметі – гистамин және гепарин метоболизміне қатысу. Базофильді түйіршіктер гепарин мен гистаминді бөліп, қанның ұю процесін реттеуге, организмнің иммундық реакцияларына, көбінесе аллергиялық реакцияларға қатысады. Олардың фагоцитоздық қабілеті төмен.
Базофильдер сүйек кемігінде түзіледі. Перифериялық қанда 1-2 тәулік болады.
Түйіршіксіз лейкоциттер
Түйіршіксіз лейкоциттер тобының цитоплазмасында түйіршіктер болмайды және ядролары сегменттелмеген. Оларға лимфоциттер мен моноциттер жатады.
Лимфоциттер. Ересек адамдардың қанының 20-35% лимфоциттер құрайды. Көлеміне байланысты лимфоциттер: кіші – диаметрі 4,5-6 мкм, орташа – диаметрі 7-10 мкм, үлкен – диаметрі 10 мкм және одан жоғары болып бөлінеді. Үлкен лимфоциттер жаңа туған нәрестелер мен балалардың қанында кездеседі. ересек адамдарда олар болмайды. Лимфоциттерге жақсы боялған сопақша ядро мен базофильді цитоплазма тән. Кейбір лимфоциттердің цитоплазмасында аз мөлшерде ұсақ азурофильді түйіршіктер болады.
Ересектерде электрондық микроскоппен қарағанда лимфациттердің 4 түрлі жасушаларын ажыратады: 1) кішірек ашық түсті лимфоциттер, 2) кішірек күңгірт лимфоциттер; 3) орташа лимфоциттер; 4) плазмоциттер.
Адам қанының көп мөлшерін кішірек ашық лимфоциттер құрайды. Олардың диаметрі шамамен 7 мкм. Ядросы домалақ, хроматині конденсацияланған. Ашық цитоплазмада бос рибосомалар мен полисомалар, түйіршікті эндоплазмалық тордың, Гольджи апаратының, митохондрияның, центросоманың нашар айқындалған элементтері орналасқан.
Кішірек күңгірт лимфоциттер лимфоциттердің 12-13% құрайды, олардың диаметрі шамамен 6-7 мкм. Хроматин тығыз, ядрошық ірі болып көрінеді. Цитоплазмада көп мөлшерде рибосомалар орналасқан. Митохондриялары аз. Басқа органеллалары сирек кездеседі.
Орташа лимфоциттер адам қанының лимфоциттерінің 10-12% құрайды, олардың диаметрі шамамен 10 мкм. Хроматині неғұрлым болбыр, ядро қабығының қасында конденсацияланған хроматиннің аймағы көрінеді, ядрошығы жақсы айқындалған. Цитоплазмасында ТЭТ ұзыншақ өзекшелері, рибосомалар мен полисомалар орналасақан. Митохондриялары ұсақ. Лизосомалар аз мөлшерде кездеседі.
Плазмоциттер адам қанының лимфоциттерінің 1-2% құрайды.
Лимфоциттердің 2 негізгі функционалды класттарын – Т және В лимфоциттерді ажыратады.
Т-лимфоциттер сүйек кемігінің бағаналы жасушаларынан тимуста түзіледі, ол клеткалық иммунитеттің реакциясын қамтамасыз етеді және гуморалды иммунитетті реттейді.
В-лимфоциттер құстарда сүйек кемігінің бағаналы жасушаларынан фабрициев сумкасында түзіледі, ал адамдарда эмбрионалдық кезеңде бауырда түзілуі мүмкін. Ересектерде сүйек кемігінде. Оның негізгі қызметі гуморалды иммунитетті қамтамасыз ету. В-лимфоциттерден түзілетін эффекторлы жасушалар – плазмоциттер, қанға келіп түсетін қорғаушы ерекше белоктар – иммуноглобулиндер (антидене) түзеді.
Т-лимфоциттер мен В-лимфоциттер арасындағы морфологиялық анық айырмашылықтар әлі дәлелденбеген. Электрондық микроскоптың көмегімен жүргізілген зерттеуде В-лимфоциттерде түйіршікті эндоплазмалық тордың, ал Т-лимфоциттерде лизосомалардың жақсы дамығаны крінеді. Морфометриялық сараптама жасушалардың, олардың ядроларының көлемдерінің әр түрлі екендігін, ядролардың гетерохроматинді немесе эухроматинді болатындығын анықтады. Т-лимфоциттер мен олардың ядроларының көлемдері кішірек, құрамындағы гетерохроматиндері көп.
Моноцитер - ірі ядролы лейкоциттер. Олар адам қанында лейкоциттердің 6-8% құрайды. Жаңа қанда диаметрі шамамен 9-12 мкм, ал жұғында шамамен 18 – 20 мкм. Моноциттердің ядролары сегменттелмеген. Лимфоциттерден айырмашылығы, олардың ядролары пішінсіз. Олар қанның ең ірі жасушасы. Моноциттер тінге түсіп, макрофагтарға айналады. Түгел мүшелердің макрофагтары моноциттерден дамиды. Моноциттер организмнің макрофаг жүйесіне кіріп, қорғаныштық реакциясына қатысатын күшті қорғаныш аппаратын түзеді.
Моноциттерге амебаша қозғалу мен фагоцитоздық қасиет тән. Олар ірі бөгде бөлшектерді және жасушаларды немесе ұсақ бөлшектерді көп мөлшерде жұтуға қабілетті. Бұл кезде әдетте моноциттер тіршілігін жоймайды. Олар осы қасиетімен нейтрофилдер мен эозинофилдер макрофагтарынан ерекшеленеді.
Моноциттер ерігіш цитокиндерді секреттейді. Олар иммундық жүйенің басқа буындарының қызмет етуіне әсерін тигізеді. Моноциттер секреттейтін цитокиндер монокиндер деп аталады.
40. Мезенхимадан дамыған бұлшық ет тіндері, олардың гистогенезі, құрылысы, морфо-функциональдық және гистохимиялық сипаттамасы. Жазық миоциттер. Жиырылу аппаратының құрылымы. Жазық бұлшық ет тіндерінің қалпына келуі мен адамның жасына байланысты ерекшеліктері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет