Дәнекер тіндерінің дамуы Дәнекер тіндерінің эмбрионалдық және постэмбрионалдық гистогенезін ажыратады. Эмбрионалдық гистогенез процесі барысында мезенхима тіндік құрылым кейпіне келеді.
Болбыр талшықты дәнекер тін Болбыр талшықты дәнекер тіні дененің барлық мүшелерінде кездеседі. Ол қан және лимфа тамырларымен қатар жүреді, кейбір мүшелердің стромасын құрайды. Бұл тін көптеген жасушалардан, аморфты заттардан және аздаған талшықтардан тұрады.
Болбыр талшықты дәнекер тіннің жасушалары: фибробластар, макрофагтар, плазматикалық жасушалар, тіндік базофильдер, адипоциттер, пигментоциттер, адвентициалды жасушалар, перициттер, лимфоциттер.
Ең көп таралған жасуша - фибробластар. Олар фибриллярлы белоктарды (коллаген мен эластин) синтездеп және де глюкозоамингликан белогын жасуша аралық затқа шығарады. Эмбриогенезде мезенхимдi жасушалардан, ал туғаннан кейiн бағаналы жасушалардан дамиды. Түрленудiң барысында әртүрлi жасушалар түзiледi: жартылай бағаналы жасушалар, аз маманданған, түрленген, фиброциттер, миофибробластар, фиброкластар.
Фибробластардың негізгі қызметі негізгі заттар мен талшықтарды түзу.
Аз маманданған фибробластар – аз тармақталған жасушалар, цитоплазмасы базофильді, рибонуклеиндi қышқылға бай. Цитоплазмасында бос рибосомалар көп. Мембраналы органеллалары нашар дамыған.
Түрленген фибробластар - бұл жетiлген, белсендi қызмет атқаратын, көлемі үлкен жасушалар. Цитоплазмасында ЭПТ мен Гольджи кешенi жақсы дамыған.
Жетілген фибробластарда коллогенді, эластиндік белоктардың биосинтезі жедел жүреді.
Фиброциттер - фибробластардың дамуы барысындағы соңғы формасы. Олардың органеллаларының, вакуольдерінің, липидтер мен гликогендерінің сандары аз болады. Фиброциттерде коллаген мен басқа заттардың синтезі бірден төмендейді.
Миофибробластар - фибробластарға ұқсас жасушалар. Олар коллогенді және жиырылғыш белоктарды синтездеуге қабілетті.
Фиброкластар – жоғары фагоцитоздық қасиеті бар және гидролитикалық белсенді жасушалар. Мүшелердің инволюциялық кезеңі кезінде ол сору қызметін атқарады.
Макрофагтар - моноциттен дамыған, белсендi қызмет атқаратын, органеллаларға бай жасуша. Макрофагтардың көлемдері мен пішіндері олардың функционалдық күйіне байланысты. Әдетте бұл жасушалардың бір ядросы болады. Макрофагтардың ядросы аса үлкен емес, сопақша немесе пішіні дұрыс емес. Лизосома, фагосома және пиноцитозды көпіршіктерге бай цитоплазмасы базофильді. Мұнда митохондриялар саны аз, түйіршікті ЭПТ, Голджи кешені, гликоген және май қосындылары болады. Жасуша құрылымдарындағы ерекшелік - цитоплазмасындағы өсінділерінің болуында, сол өсіндісі арқылы макрофаг жылдам қозғалып, бөгде заттарды жұтады. Макрофагтардың негiзгi қызметтерi:
бөгде заттарды жұту және ыдырату