Күннің жарык энергиясын фотосинтез арқылы сіңірген жасыл өсімдіктер
-
өндірушілер (иродуцен п ер) қарапайым заттардан күрделі органикалык
коспалар түзеді. Жануарлар -
тұтынушылар (консументтер) - бүл бастапқы
өнімді өз мұктаждығына пайдаланады.
Соның нэтижесінде атмосфераның,
топырактың жэне судың химиялық кұрамын жасайды. Мүндай үрдістерге
әртүрлі қоректенетін микроорганизмдер -
жеңілдетуиіілер (редуценттер)
катысады.
Адам осы экожүйелердің белсенді мүшесі бола тұрып, ылғи қоршаған
ортаның ықпалын бастан кешіреді. Сондықтан да адамның кейбір аурулары
биосфераның срекшеліктерімен байланысты иайда болады (эндемиялык
жсмсау, тіс жегісі, тау ауруы,
жұкпалы ауруларды қоздырушы, таратушы тірі
организмдер).
Сонымен қатар адам табиғатты белсенді түрде өзгертіп, өзінің
шаруашылық әрекетіне жануарларды, өсімдіктерді,
казба байлықтарын
кеңінен пайдаланады. Алайда табигатты біржақты өзгертудің салдары зиянға
әксп соғады. Ормандарды аяусыз қүртудан - су тасқыны, сел жүру, эорзия,
топырактың шайылуы жэне кебуі, климаттың өзгеруі - барлық елдерге де
эсерін тигізеді. Өнеркосіп қалдықтары ауаны, суды,
топырақты уландыра
отырып, тіршілікке зиянды косылыстарды енгізеді. Атом энергиясын
пайдалану, сынау кезінде биосферага радиоактивті заттар жиналады.
Зиянкес жэндіктер жэне арам шөптермен күреске карсы қолданылатын
улы заттар қоректену тізбегі арқылы адамды да уландырады. Жидек,
көкөністер арқылы, сондай-ак нюп арқылы мал еті мен сүтіне өткен у адам
организмінде жиналып, ауруға шалдыкгырады.
Адамзаттың саяси және әлеуметтік әрекеттері де табиғаттың өзгеруіне
эсерін тигізуде. Ол энергия мен техникалық қуаты кеңінен меңгеріп,
биосфера жағдайын өзгертуші ең басты күшке айналды.
В.И.
Вернадскийдің айтуынша, адам баласы осы кезде жердің жаңа
қабыкшасын -
ноосфераны ("саналы кабықшасын") игеріп отыр. Адамзат
өзінін парасатты істері арқасында биосфераның шегінен шыгып, енді
ғарыштык кеңістікті, планеталарды менгеруге кірісті.
Адам организмінің ғарыштагы тіршілік жағдайына, төзімділігіне және
психофизиологиялык
мүмкіндігіне
салмақсыздық
қозғалыстың
үдеуі,
гиподинамия т. б. түрткілер әсерін тигізеді. Сондыктан
өзі жасаган ортаны -
биотехносфераны сақтау адамзаттың алдында түрған аса мадызды мәселеге
айналды.
Достарыңызбен бөлісу: