Адам физиологиясы



Pdf көрінісі
бет325/380
Дата15.12.2023
өлшемі28,52 Mb.
#137927
түріОқулық
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   380
Байланысты:
Адам физиологиясы

Ой еңбегі
Ғылыми-техникалык дамудың салдарынан ой еңбегімен шүгылданатын 
адамдардың саны көбеюде. Сонымсн қагар көптеген дене еңбегі бар 
кесіптерде де ой әрекетінің үлесі артуда. Ой еңбегінің катарына ақпаратты 
кабылдайтын жэне өндейтін сезім жүйесі, ықылас, зерде, ойлауды жэне 
эмоциялык күйді айырықша ывгаландыратын жұмыстар жатады.
Қазіргі көптеген кәсіптер жылдам карқынды, эртүрлі жэне мол 
ақпараттарга қысқа мерзімде тиесі шешімді тез қабылдауды талап етеді. 
Осының борі шамадан тыс зорлану тудырады, сөйтіп жүректамыр жэне жүйке 
ауруларына жиі шалдыктырады.
Бүгінгі өндірістерде ой еңбегінің мынадай топтары жіктеледі опе- 
раторлық, 
баскару 
(мекеме 
басшылары, 
мүғалімдер, 
оқытушылар), 
шыгармашылық (гылыми қызметкерлер, сәулетшілер, жазушылар, артистер, 
суретшілер т. б.), медицина кызметкерлерінің жэне оқуіиылар мен 
студенттердің еңбегі.
Ой жұмысымен айналысатын адамдарда жүрек-тамыр ауыткуларын 
тудыратын көптеген қатерлі түрткілердің ішінде өте елеулісі көтсріңкі
510


эмоциялык зорланушылық, гипокинезия, темекі шегу, салмактың артуы, 
тектік (генетикалық) бейімділік болып саналады.
Ой еңбегінің ерекшелігі сол, мұнда ми реттеушілік қызметпен бірге 
жүмыскер мүше болыи есептеледі. Соңдықтан оның ықпалы ең әуелі орталық 
жүйке жүйссіне тиеді. Ой жүмысының нейрофизиологиялық тетіктсрі И.М. 
Сеченов, И.П. Павлов, А.А. Ухтомский, П.к. Анохин жэне Н.П. Бехтереваның 
еңбектерінде айқын корсстілді. Бұл еңбектер бойынша, ой еңбегінің негізін 
жогары дэрежелі жүйке қызметі мен нсихикалык эсерленістер күрайды. Олар 
тиісті 
әрекеттік 
жүйелерді 
белсендіреді. 
Оған 
мидың 
арнамалы 
(талдағыштык) жэне бейарнамалы кұрылымдары қагысады.
Ой 
жүмысы 
кезінде 
мидың 
көптеген 
аймақтарында 
жсргілікті 
белсенділік үрдістері пайда болады. Олар үлкен мидың оң жэне сол 
сыцарларын қамтиды. Ал енді кез келген ой жүмысында ми белсенділігінің 
жалпы өзгерістері бірге жүретін болса, жергілікті белсенділік қыртыс пен 
қыртысасты аймактарында көптеген басқа 
(перцепция
- түйсік, қимыл, сөйлеу, 
мнестиялық -
есте сақтау) әрекет терде жиі кездеседі.
Н.П. Бехтереваның еңбектері эрбір психикалық эсерленіс жүзеге 
асырылған кезде ми қүрылымының терең орналасқан бірнеше аймақтары 
қатысатындыгын дәлелдеді. Олардың кейбіреуі 
("мызгымас"
бөлімдері) осы 
әрекетке жауапты болады. Ал басқасы 
("икемді"
бөлімдері) сыртқы жэне ішкі 
ортаның өзгерістеріне байланысты іске қосылады.
Психикалық эрекеттер жүзеге асу үшін мидың маңдай бөлігі өте күрделі 
қызмет атқарады. Оның көлемді байланыс жүйелері барлык ақпараттардың 
бірлесуіне жагдай тугызады. Олар ми кыртысыныц жобаланыс аймактары 
арқылы сыртқы әлемнен организмнің маңызды мүқтаждыктары ішкі 
агзалардан, эмоциялық эсерленісі туралы мидың терең қүрылымдары мен 
лимбия жүйесінен мэліметтер әкеледі.
Адамның эмоциялык күйі тек тітіркендіруден ғана емес, эрбір кэсіби 
әрекеттерде кездесетін элеуметгік жэне психологиялық себептерден өзгеріп 
отырады. Еңбекте зорланушылық психикалык жүктеменің физиологиялық 
кұнын сипаттайды.
Максатты эмоция аркылы шешу, оның парасатты шешілуінен бүрын 
жүреді. Өйткені эмоция дүрыс нэтижеге жетудің элі де кепілі болмаса да, 
нысаналы ой зрекетін үйымдастырушы.
Сонымен, жүмыс кезінде жүйке мен сезімнің зорлануы, ОЖЖ-С1 
эрекетін, жүрек-тамыр жэне эңдокриндік жүйелердің қызметін өзгертумен 
қатар, адамгершілік ерекшеліктеріне де эсер етеді. Сөйтіи олар организмнің 
алдында түрған мақсаттар мен міндеттерді жеңіл орындаута мүмкіндік 
жасайды.
Вегетативтік жүйенің өзгерістері жалпы жұмыскерлікгі осіреді. Артерия 
кысымы біршама көтеріледі, алайда қалыгіты нормасының шегінен көп 
аспайды. Ой еңбегінде миды қанмен жабдыктау оньщ тамырларында қан 
агынының көлемдік жылдамдығы ұлғаюы аркылы аткарылады. Ол қалыпты 
жағдайда минуттық көлемнің. 15%-ін (700-800 мл) қүрады. Қалыпты
511


жағдайда ми жалпы оттегінің 20%-ін тұтынады, бұл қан ағынының жоғары 
көлемділік жылдамдығы арқылы қамтамасыз етіледі. Алайда, ой еңбегі 
кезінде миды қанмен жабдықтаудың ұлғаюы басқа тіндермен салыстырғанда 
(миокардтан -1,5, теріден 4-6, бұлшықеттен 5-7 есе) кем болады. Күрделі жэне 
ұзак ой еңбектерінде көлемдік кан агыны мидың маңдай бөлігінде ең жоғары 
деңгейіне жетеді. Мұнда белсенді ой еңбсгі кезінде қан агыны қалыпты 
жағдайдан 30-50% көбейеді (Е.Б.Бабский). Өкпенің желдетілуі көбейіп, 
оттегін пайдалану ұлғаяды, назар күшейеді жэне парасапы іс-эрекет 
жақсарады. Кептеген мүшелердің жэне жүйелердің белсенділігі артып, 
организм жеткілікті машықтанады.
Ал енді койылган міндет күрделі болып, оны орындауга косалқы 
мүмкіндігі жетпесе, онын зорлануы күшейеді. Бұл кезде адамның нсихикасы 
өзгеріп, физиологиялық ауытқулар көбейеді, сөйтіп жағымсыз эмоциялық 
эсерленістер (ашулану, ызалану, қаһарлану) туады. Организмнің энергиялық 
коры толык жүмылдырылады. Мәселен, отырып дауыстап оқу кезінде энергия 
шыгыны 48% -ке, ал түргеліп тұрып дэріс оқығанда 94%-ке өседі. Ой 
еңбегінің ерекшілігі сол ол зор көлемді ақпаратты өңдеу кезінде қимыл 
белсенділігінің шектелуімен 
(гиподинамия) 
бірге 
жүреді. 
Сондай-ак, 
кимылсыз жүйке сезініп кернеуі (90-120 минуттан кейін) жүйке, бұлшықет 
жэне жүрек - тамыр жүйесінің эрекеттік белсенділігін төмендейді. Мұндай 
жагдайда, кантамырларының тонусы элсіреп, қан қысымы төмендейді, қан 
ағынының жылдамдығы баяулайды, жүрекке оралатын қан көлемі азаяды. 
Сөйтіп дененің төменгі бөліктерінде қан іркіліп қалады. Әсерленіс өте қатты 
өзгереді, "вегетативтік толкын" байкалады. Жүйке мен сезім зорлануын 
тудыратын ой еңбегі симпатоадреналдық жэне гипаталамус - гипофиз - 
адренокортикалық жүйелердің эрекетін күшейтеді. Сондықтан организм қиын 
жагдайлардан оңай құтылады. Мұндай жағдайлар тиімсіз үйымдастырылған 
жүмыстардан пайда болады. Бұған кызметкердің алдына қойылатын белгісіз 
талаптар, түсініксіз мақсат пен міндеттср жарамсыз эсер етеді.
Ой еңбегі кезінде қажымау үшін оны үйымдастырылган дене 
кимылымен, жаттыгулармен алмастырып отыру кажет. Әрбір сағат сайын 
үзілістер кезінде, ой еңбегінің түріне жэне күрделілігіне сэйкес жаттығулар 
(гимнастика) жасаған жөн.
Дене мен ой еңбектерін өзара оңтайлы үйлестіру адамның денсаулығын 
жақсартады, түлғалық жэне психикалык бітісін қалыптасырады, тірліктік 
әрекетін, иммундық қасиетін жоғарғы деңтейге көтереді, төтенше, орасан 
акуалдарга 
икемделу 
қабілетін 
арттырады. 
Сөйтігі 
организмнің 
биоэнергегикалық пэрменін, физиологиялык реттеліс тетіктерін, тіршіліктік 
жэне элеуметтік бейімделісін қамтамасыз етеді.
Соңгы жылдары адам ой еңбегі физиологиясы едәуір табыстарға жетті. 
Олар организмнің зорлану күйін аныктауға мүмкіндік берді.
Ми кыртысының көптеген аймактарынан бір мерзімде биотоктар (ЭЭГ) 
тіркеу жэне мидын кан айналысын (реография) тексеру жиі қолданылып жүр. 
Сонымен бірге, математикалык әдістерді қолдану адамның ой эрекеті жэне
5 1 2


оның нәтижелігін камтамасыз етстін тетігі туралы біздін ұғымымызды 
кеңейтті.
Еңбек физиологиясында адамның әрекеттік күйін жэне ой жұмыскерлігін 
бағалау үшін негізгі психикалык зрекеттерді (ыкылас, зерде, түйсік, жауап 
беру шапшаңдылыгы) тексеру эдістері кеңінен тарады. Ол үшін эртүрлі 
корректуралык сынамалар, рефлексометрия жиі пайдаланылады.
Ой жүмысы әсерінен психикалык әрекет кезеңдік озгерістерді туғызады. 
Алгашқыда, жүмыс басталғанда ықылас, зейін, есте сактау, "тест" - 
тапсырмаларды орындау жылдамдығы, кәсіби жұмыскерлік жақсарады. Кейін 
зор ой жүктемесі, психикалык іс-әрекеті нашарлайды, жүмыскерліктің 
мөлшсрлік жэне сапалык көрсеткіштері төмендейді, көру талдағышынын 
ширактығы элсірейді. Одан басқа ықылас әрекеті (көлемі, шоғырланысы, 
аударақосу), зерде, түйсік нашарлайды, карапайым жоне күрделі сезім-кимыл 
эсерлепістерінің жауап беру мерзімі үзарады.
ОЙ 
еңбегінде 
зорланушылықты 
толык 
сипаттайтын 
оның 
тск 
нейродинамикалык бөлшектері емес, онымен бірге әрбір психика әрекеті 
орындалуын энергия жағынан қамтамасыз ететін вегетативтік қүрамы да 
маңызды болады.
Алайда вегетативтік эсерленістің көрінісі ой еңбегінің карқынына, 
сыртқы ортаның стресс түрткілсрінс, организмнің эртүрлі эрскеттерінің 
жайына байланысты болады. Мүның көбісі, әсірссе жүрсктамыр жүйесінің 
ауытқулары, адамның іскерлігі мен кісілік келбетінен туады.
Сондықтан 
ақыл-ой 
еңбегі 
физиологиясын 
зерттеу 
кезінде, 
П.К. Анохиннің енгізген эрекеттік жүйе қағидасын пайдаланган жөн. Ол 
организм мен оны қоршаған ортаның арақагынасын жүйелік түрғыдан, яғни 
гомеостаздық және мінездік нәтижелердің озара тьныз байланысы ретінде 
қарауға мүмкіндік тудырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   380




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет