Адамның басынан кешкендері



Pdf көрінісі
бет15/17
Дата06.03.2017
өлшемі2,4 Mb.
#8411
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

*** 
 
Мені жұбатқан жалғыз нәрсе, — бұл менің оқуымның соңғы курсын аяқтауға осы жерде 
қалып, Линнің өзінің дереу Мичиганға, үйіне кетуі еді. Оның маған жазған хаттарының  есебі 
жоқ,  бірақ  мен  ол  хаттардың  біреуіне  де  жауап  бермедім,  біз  бірнеше  рет  телефон  арқылы 
сөйлестік.  Ол  бірдеңенің  дұрыс  емес  екенін  аңғарған  болса  керек.  Алайда,  оның  барлық 
сұрақтарына мен қолымнан келгенше, жалтарма жауап беріп жүрдім, — менің өзімнің құпия 
күмәндарым туралы тікелей айтуға батылым жетпеді. 
Бірде мен онымен телефон арқылы сөйлескенде, оған өзімнің оны шынымен сүйетініме 
сенімсіз  екенімді  айтып,  мені  қинап  жүрген  мәселені  шешуге  жақын  келдім.  Бірақ  Линнің: 
«Мен  түсінемін,  қымбаттым.  Бірақ,  саған  алаңдаудың  қажеті  жоқ.  Сезім  —  бұл  сондай 
тұрақсыз және алдамшы нәрсе. Уақыт өте келе, бәрі өз орнына келеді, әлі-ақ, көресің», – деп 
айтқан жауабы менің аузымды мүлдем аштырмай тастады. 

170 
 
Бақытыма  орай,  оқу  мен  жақындап  келе  жатқан  емтихандардың  және  қосымша  ақша 
табудың әрекетімен жүріп, біздің қарым-қатынасымыздың әрі қарай қалай болатыны жайында 
уайымдауға  менің  уақытым  болған  жоқ.  Мүмкін,  оның  да  айтқаны  дұрыс  шығар.  Бәлкім, 
уақыт өте келе, бәрі шынымен де өз орнына келер. Бірақ мен бір нәрсені анық білетінмін — 
сүйіспеншілік  бұрынғысынша  мен  түсіне  алмайтын  сезім  болып  қала  берді.  Әйелдер  де 
түсініксіз, мүмкін, екеуі де түсініксіз шығар. 
Бізге диплом беру салтанатына Билли Грэмнің өзі келді. Осыдан он тоғыз жыл бұрын ол 
да Уитонді бітірген екен, ал енді ол Чикагода Ізгі хабар жиналыстарын өткізіп жүрді. Алайда, 
сол маусым айында таңертең ол бізге арнайы келіп, сәлемдесіп болған соң: 
—  Біздің  айналамызда  —  бүкіл  әлем  бұрынғысынша,  Құдайға  өзін  толық  бағыштаған 
адамды күтіп тұр. Бұл – ауруханалар салу қажет болатын, жастарға білім беру қажет болатын, 
Ізгі  хабарды  уағыздау  қажет  болатын  орасан  үлкен  әлем.  Өздерінің  Ілияс  пайғамбары  мен 
шомылдыру  рәсімін  орындаған  Жақия  пайғамбарын  күтіп  жүрген  әлем.  Иә,  сіздерді 
алдарыңызда шекараларды бағындыратын тамаша  еңбек күтіп тұр, осы іте Құдай  сіздермен 
бірге болады. 
Ұзын  бойлы,  сымбатты,  өзінің  сөзі  мен  сенімінің  дұрыс  екендігіне  нық  сенімді, 
жалтырап  тұрған  кең  орналасқан  көздері  бар  ол,  мен  үшін  оңтүстіктік 
акцентпен
  сөйлеген 
періште  сияқты  болып  көрінді.  Бұл  жолы  өткен  күздегіден  айырмашылығы  мен  өзімнің 
қобалжығанымды жасыру үшін, дәрісханадан қашып кеткен жоқпын. Құрбы-құрдастарымды 
көзіммен бір шолып өтіп, Ізгі хабарды жердің шетіне дейін жеткізу үшін, біздің біртұтас дене 
болып,  бірлесіп  еңбек  ететінімізді  толық  түсініп,  өзіміздің  жетістіктеріміз  үшін  мен 
мақтаныш сезімін сезіндім. Дегенмен, мені басқалардан өзгеше етіп тұрған бір нәрсе бар еді. 
Мойным  бұрынғысынша  мені  мазалауын  жалғастырып,  арбиған  ақ  бандажды  менің  тіпті 
колледжді бітіру салтанатына да киюіме тура келді. 
 
Он алтыншы тарау 
                                                        Соңғы жаз
 
мезгілі
 
Мен  жазды  фермада  емес,  өзімнің  сырлау  бизнесімнің  қасында  болу  үшін,  Бэттл-
Криктен  бір  шағын  бөлмені  жалға  алып  сонда  өткіздім.  Бұл  шешімім  өзімше  дұрыс  болды, 

171 
 
өйткені істерім жақсы жүріп жатты, ал менің үнемі істердің бәрінен хабардар болуыма тура 
келетін. Алайда, туған үйімнен жырақта жүруге басқа да себептер бар еді. 
Шынымды  айтсам,  туған  үйім  әр  түрлі  естеліктерді,  әсіресе  о  дүниеге  өтіп  кеткен 
анамды  есіме  түсіретін  болғандықтан,  менің  сол  жерде  болғым келмеді.  Мен  әлі  де,  –  қазір 
менің  анам  қай  жерде,  онымен  не  болады  екен?  –  деген  сұрақтармен  өзімді  мазалауды 
жалғастырдым.  «Өлімнен  кейін  өмір  бар.  Жұмақ  бар,  тозақ  бар.  Егер  адам  Мәсіхті  тірі 
кезінде  қабылдамаса,  ол  адам  жұмаққа  бармайды»,  –  дейтінмін  өзіме-өзім.  Иә,  менімен 
менің тәлімгерлерім де мұқият жұмыс істеді. 
Мен  анам  туралы  қайта-қайта  ойлана  бердім.  Ол  Киелі  кітапты  «қасиетті  кітап»  деп, 
оған құрметпен қарайтын. Бірақ, біздің отбасымыз қауымға өте сирек баратын еді. Егер әкем 
маскүнем болмағанда, анам қауымға жиі барған болар еді, мен бұған сенімдімін. О, Құдайым, 
мүмкін, осының өзі де есепке алынып, қалайда оның пайдасына шешілетін шығар? Өкінішке 
орай, мен бұл сұрақтың жауабын тым жақсы білетінмін: біз игі істеріміз немесе ізгі ниетіміз 
арқылы құтқарылмаймыз. Құтқарылу — тек жалғыз Мәсіхке ғана сеніп, Оған үміт артқанда 
ғана болады. 
Олай  болса,  бұның  бәрі  анама  қатысты  нені  білдіреді?  Ендігі  оның  мәңгіліктегі  орны 
қай жер болмақ? Ол бұ дүниеден өтіп кетті, ал оның Мәсіхтің құшағына келуіне бәрінен де 
көбірек  кедергі  жасаған  кісі,  енді  тек  жаңа  рухани  өмірмен  ғана  емес,  сонымен  қатар  жаңа 
әйелімен  де  рахаттанып  өмір  сүріп  жатыр.  Бұл  маған  әділетсіз  болып  көрінді,  менің  анам 
біреудің  Мәсіхке  келуі  үшін  өзін  құрбандыққа  шалғандай  болып  тұр,  ал  кейін  ол 
құрбандықты бір шетке шығарып тастаған сияқты. Неліктен бұлай болады, осы өмірде азап 
шегуге лайықты емес адамдар, бәрінен көбірек азап шегеді? 
Сонымен бірге менің Линнге бола Факторивиллдің төңірегінде онша көзге түсе бергім 
келе  бермейтін.  Бұны  мойындау  қаншалықты  қорқынышты  болса  да,  енді  менің  оған 
ешқашан үйлене алмайтыныма  — титтей де күмәнім болмады, алайда, оған бұл жаңалықты 
қалай  хабарлаудың  амалын  таба  алмадым.  Бұл  мәселенің  Линнге  ауыр  тимей,  өз-өзінен 
қиындықсыз шешіледі деп  іштей үміттеніп жүретінмін. 
Дегенмен,  біздің  қарым-қатынасымыздың  менің  тарапымнан  осылай  аяқталуы  мүмкін 
емес  екенін,  сонымен  бірге  олай  істеу  –  Линнге  қатысты  әділ  болмайтынын,  мен  жақсы 
түсіндім. 
Алайда, онымен бетпе-бет кездесіп, түсінісіп алу үшін батылым жетпейтін, сондықтан 
ұзақ  уақыт  жұмыс  істеуден  және  Калифорния  университетінің  заңгерлік  факультетіне  түсу 

172 
 
үшін барлық  қажетті  нәрселерді  дайындап жүргенімді  сылтауратып өзімді  жұбатып жүрдім. 
Бұл  арманымның  орындалуына  маған  Келлог  колледжінде  оқып  жүрген  кездегі,  менің  ескі 
досым Боб Хэммонд түрткі болды. Ол мәсіхші болып, менімен бірге сырлау компаниясында 
жұмыс  істейтін.  Бірде  сұхбаттасып  отырып,  мен  оның  жаздың  соңына  қарай  Калифорнияға 
баруды жоспарлап жүргені туралы білдім. 
— Егер қаласаң, маған қосыл, екеуміз бірге барамыз, — деді Боб. 
— Қашан барамын деп ойлап жүрсің? — деп сұрадым мен. 
— Егер қаласаң, ертең-ақ жол жүреміз. 
— Бұлай тез емес, досым. Менің өз бизнесімнің қамын ойлауым керектігін, сен ұмытып 
кеткен сияқтысың. 
— Саған қанша уақыт керек? 
— Үш апта болса, қалай қарайсың? 
— Үш апта болса, демек, үш апта. Менің көлігіммен баруымызға болады, ал сенің 
көлігіңді көмек ретінде сүйреп аламыз. 
— Шынымен бе? 
—  Әрине,  неге  бармасқа?  Жол  шығындарын  елуде  елу  етіп  бөліп  аламыз.  Осындай 
жоспар саған ұнай ма? Калифорнияда менің жолдастарым бар. Оларды алдын ала ескертпей 
барсақ  та,  олар  қарсы  болмайды  және  өзімізге  қолайлы  тұратын  орын  тауып  алғанша,  біраз 
уақыт солардың үйінде бола тұрамыз. 
— Иә, айтып отырғаның адам қызығарлықтай екен. 
— Олай болса, менімен серіктес боласың ғой? 
— Жарайды, бірге барамыз. 
Риза болған Боб, жұдырығымен мені иығымнан түртіп: 
— Біз батысқа, досым! Батысқа жол тартамыз! — деп ән салды, күлімдеген күйі өзін 
бақытты сезініп. 
—  Иә-иә,  мен  түсіндім.  Батысқа  —  тек  мына қабырғаны  сырлап  болған  соң  шығасың, 
жарай  ма?!  Сен  әлі  «Алғашқы  сырлау  компаниясында»  жұмыс  істейтініңді  және  мына  үйді 
сырлап бітіруің керек екенін ұмытпа, – дедім. 
Боб  қалжыңдап  сәлемдесті  де,  қайтадан  жұмысына  кірісіп  кетті.  Апталар  өтіп  жатты, 
бір күні жұмыстан кейін Линнге баруға батылым жетті-ау, әйтеуір. Мен есікті қағып едім,  ол 
да есікті бірден аша қойды. 
— Сәлеметсің бе, Линн. 

173 
 
— Сәлем, Джош. Төрлет. 
— Осы жерде сөйлессек жақсы болар еді. Менің… бүгінгі кешкі уақыт сондай тамаша 
деп айтқым келіп еді. 
—  Әрине,  —  деп,  Линн  тербелме-диванға  отырды  да,  өзінің  қасына  отыруым  үшін 
маған да орын қалдырды, алайда мен дәліздің шарбағына сүйеніп тұруды дұрыс көрдім. 
— Линн, мен саған мынаны айтайын деп келіп едім… ім... мен... келесі аптада… 
— Келесі аптада — не? 
— Бір аптадан… кейін… — деп, мен қайтадан тұтыға бастағанымды сездім. 
— Сонымен, келесі аптада не болады? 
— Мен… саған қалай айтсам екен?... Калифорнияға кетіп бара жатырмын, — деп ақыры 
бәрін айтып салдым. 
— Заңгерлік факультетке түсуге ме? Әлі ерте емес пе? 
Мен терең күрсініп алып,  өзімді қолға алуға тырыстым да: 
—  Жол  алыс  қой,  өзің  түсінесің  …  Бұған  қоса,  Боб…  Боб  Хэммонд  және  мен  …  бір 
сөзбен айтқанда,  туристік сапар сияқты бір нәрсе жасауды ұйғардық. Жол-жөнекей әр түрлі 
жерлерді көреміз: Жартасты таулар, Гранд-Каньон… өзің түсінесің, – дедім. 
— Боб Хэммонд дегенің кім? – деп сұрады ол. 
— Ол біздің сырлау компаниясында жұмыс істейді, – деп жауап бердім.  
— Онда маған ашық хат жібересің, жарай ма? – деп қиылды. Мен оған: 
— Линн… — дегенімде, ол маған үндемей қарап тұрды, ал мен ымыртта оның 
көздерінің жалтырап тұрғанын көрдім де: — Линн… мені кешірші… – дей бергенімде, ол 
менің сөзімді аяқтауыма жол бермей, ернімді саусақтарымен басты, алайда менің сөздерімді 
енді тоқтатып болмайтын еді. Мен оған: 
— Линн, мен саған үйлене алмаймын. Мүлдем үйлене алмаймын, – дегенімде, ақыры, 
біздің бір-бірімізге ойымыздағының бәрін айтып алуға мүмкіндік туылды. 
— Алайда, сен бір кездері мені сүйдің ғой, солай ма? 
— Иә, солай болғаны рас. 
— Олай болса, саған енді не болды? Мен сені бұрын қалай сүйген болсам қазір де солай 
сүйемін. 
—  Линн,  —  дедім  мен,  оның  қасына  жайғасып  отырып  жатып,  —  біз  екеуміз  де 
сенушіміз.  Біз  екеуміз  де  Исаның  біздің  қадамдарымызды  бағыттайтынына  сенеміз.  Біздің 
өмірімізде Оның еркі болсын деп мінәжат етеміз. 

174 
 
— Алайда, бір себебі болуы қажет қой, — деп ол менің сөзімді бөліп жіберді. 
— Мен сенің ата-анаңның біздің некемізге қалай қарайтынын білемін. 
— Біздің некемізге менің ата-анамның қатысы жоқ. 
— Бұл қазірше солай. Олар сенің үйден алыста өмір сүргеніңді қаламайды, ал менің бұл 
жерден барынша алысқа кеткім келеді. Менің жолымның мені қайда апаратынын, кім білсін? 
Мүмкін,  жер  шарының  басқа  бір  шетіне  кететін  шығармын.  Мәселе  тек  осы  да  ғана  емес, 
заңгерлік оқуы да бірнеше жыл бойына менің оған толық бағышталуымды талап етеді. 
— Олай болса, мен сені күтемін. 
— Линн, менің үйленгім келмейді. Егер саған осы нәрсе жеңілдік әкелетін болса, онда 
біліп қой, менің ешкімім жоқ. 
Линн алдына қарай қадалып қарап отырды да: 
— Сенің бұдан басқа ешнәрсе айтқың келмей ме? – деп сұрады. 
— Сенің жүрегіңді ауыртқаным үшін қатты өкінемін. Негізінде сенің жүрегіңді 
ауыртқым келген жоқ еді, маған сенші, – дедім. 
— Джош, сенің кетуің керек деп ойлаймын. 
— Линн… мен тағы… жүзік туралы айтайын деп едім… 
— Жүзіктің не қатысы бар? 
— Біз үйленген жоқпыз ғой… мүмкін, сен оны маған қайтарып беретін шығарсың? 
 
*** 
 
Бірақ Линн маған жүзікті қайтарып бермеді. 
Ал, мен қалада жүргенде немесе қауымға барғанда онымен кездейсоқ кездесіп қалудан 
қорқып, Бобқа телефон шалдым да, жоспарлағаннан күннен ертерек кетуге ұсыныс жасадым. 
Біз жұма күні таңертең ерте жолға шығамыз деп келістік, ал сапарымыздың қарсаңында мен 
әкеме кіріп шығуды ұйғардым. Берта ас үйде, түскі ас дайындап жатыр екен. 
— Әкең Бергердің фермасына балық аулауға кетті, — деді ол. 
Өзім ойлағандай, мен әкемді көлдің жағасынан таптым. Оның қасында қармағы мен 
тоңазытқыш-сөмкесі бар еді. 
— Амансың ба, әке! Балық аулау қалай болып жатыр? — деп мен оған дауыстап 
сөйледім. 

175 
 
—  Онша  емес.  Соңғы  рет  екеуміздің  осы  жерде  болған  кездегімен  салыстыруға 
тұрмайды.  Сен  де  балық  аулауды  ұйғарған  ба  едің?  Өкінішті-ақ,  өзіммен  бірге  тек  бір  ғана 
қармақ әкеліп ем. 
— Ештеңе етпейді, әке. Мен балық аулау үшін келген жоқпын. 
— Солай ма? 
— Ертең Калифорнияға жол жүремін. 
— Мен сені келесі аптаның соңында кететін шығарсың деп ойлап едім. 
— Жоспарым өзгерді. 
— Әрқашан солай болады, — деп басын изеді әкем, — қашан қайтамын деп ойлайсың? 
—  Сабантой  мерекесіне  үйге  қайтудың  қажеті  жоқ  деп  ойлаймын.  Мүмкін,  Милад 
күніне (Исаның дүниеге келген күні) келетін шығармын. 
Әкем ешнәрсе айтпай, маған  қарады. Оның еріндеріне біртіндеп күлкі үйіріліп: 
— Егер бір нәрсе керек болса, маған айт, – деді. 
— Сен нені меңзеп тұрсың? – деп сұрадым. 

 
Сен  өзіңді  алда  не  күтіп  тұрғанын  білмейсің  ғой…  күтпеген  жерден  қаражаттан 
қиыналып қалатын болсаң … 
— Сенің ақшаң жоқ қой, әке. 
— Аздап қиын-қыстау күнге арнап сақтап қойған ақшам бар. Ал, егер қажет болып бара 
са, фермадан бір нәрсені сатармын. 
Мен басымды шайқап: 
— Жоқ, ферма — бұл сенің үйің. Менде бәрі жақсы болады, уайымдама. Одан да өзіңнің 
қамыңды ойла, жарай ма? 
— Егер саған жақсы ақыл-кеңес қажет болса… 
— Онда мен — бірден саған келемін! 
— Кешіктірмей дереу келесің ғой. Тек менің айтқандарымның бәрін екіге бөлуді 
ұмытпа. 
Мен  басымды  изедім.  Кенеттен  қармаққа  жан  біткендей,  әкемнің  қолынан  шығып 
кетуіне  сәл  қалды.  Ол  әңгімеге  кірісіп  кетіп,  балықтың  қармаққа  ілініп  қалғанын  тіпті  де 
байқамапты.  Бір  минуттан  кейін  —  оның  тоңазытқыш-сөмкесі  тағы  да  бір  әжептеуір  үлкен 
көк  желбезекті  балықпен  толды.  Ол  қармаққа  жемді  іліп,  оны  тоғанға  лақтырып  еді  — 
мәссаған! — қармаққа тағы да балық ілінді. «Тұрған жеріңде, қимылдамай тұра тұр, ұлым! — 
деп қуанышты дауыспен айқайлады ол. — Орныңнан қозғалма! Сен маған сәттілік әкелдің!» 

176 
 
Біз  әкеміз  екеуміз  қас  қарайғанша  сол  ескі  тоғанда  отырдық,  содан  соң  фермаға  қайта 
оралдық.  Ай  өзінің  жарқыраған  сәулесімен  бізге  жол  көрсетіп  тұрды.  Берта  мені  қоярда-
қоймай дастарқан басына отырғызды,  тамақтың бәрі суып қалған болса да, мен кешкі астан 
бас  тартпадым.  Мен  тамаққа  бас  салған  кезде,  әкем  кешірім  сұрап,  қонақ  бөлмеден  шығып 
кетті. Көп кешікпей ол қолына құрал-саймандар салынған ескі жәшікті көтеріп қайтты. 
— Сен бір нәрсені жөндемексің бе, әке? — деп сұрадым мен. 
—  Жоқ,  бұған  қажеттілік  жоқ.  Сен  Калифорнияға  кетеріңде,  мынаны  ала  кет.  Жақын 
жол емес, бұл жәшік жолда керек болып қалуы мүмкін, – деді менің қамымды ойлап. 
Мен  әкеме  Бобтың  көлігінде  де,  менде  де  құрал-саймандардың  жиынтығы  бар  екенін 
айтқалы  тұр  едім,  бірақ  кейін  айнып  қалдым.  Әкем  жәшікті  үстелдің  үстіне  менің  алдыма 
қойғанда, Берта: 
— Уилмот! Сен не істеп тұрсың? Қоятын жерді тапқан екенсің, тап-таза дастарқанның 
үстіне қойдың ғой! Бұл тамақ жейтін үстел ғой! – деп ашуланды. 
Мен жәшікті алып, оны еденге, аяғымның қасына қойдым. 
— Әй, осы еркектерді-ай, —  деп, Берта дастарқанның үстіне жәшіктен түскен тоттың 
және шаңның ұнтақтарын қағып тастады. 
— Рахмет, әке! Үйге қайтып келгенде қайтарамын, – дедім мен. 
— Жоқ, ұлым. Ешнәрсені қайтарудың қажеті жоқ — енді бұл сенікі, – деп қарсылық 
білдірді. 
— Әкесінен ұлына — сыйлық қой, солай ма? — дедім мен. 
— Әкесінен — ұлына сыйлық, — деп қайталады ол. 
Біз тағы да біраз отырдық, алайда, ақыры, қоштасатын уақыт та келіп жетті. 
—  Әкемді  сенің  қамқорлығыңа  қалдырамын,  Берта,  —  дедім  мен  есіктен  шығып  бара 
жатып.   
—  Оған  күмәнің  болмасын,  Джош.  Бәрі  өз  орнында  болады,  сен  білесің  ғой,  —  деп 
Берта менің бетімнен сүйді, сөйтіп мен өзім өскен — шын мәнінде өзім дүниеге келген үйден 
шықтым.  Мен  бұрылып,  көпті  көрген  үйдің  қабырғаларын,  қаншама  рет  ашылып-жабылған 
есікті, ескі дәліз бен әбден тозығы жеткен кіре берісті, тағы да бір рет көзіммен шолып өттім. 
Киелі  кітаптағы:  «Бала  кезімде  балаша  сөйлейтінмін, балаша  ойлап,  балаша  пайымдадым. 
Бірақ  та  ержеткеннен  кейін  мен  қол  үздім  балалық  қасиеттерден»  (Қор.  1-хат  13:11),  –  деп  
жазылған  осы  аят  менің  ойыма  келді.  Көлікке  отырып,  айналадағының  бәрінің  айдың 

177 
 
сәулесімен  сондай  жайбарақат  және  тыныш  болып  көрінетінін  тамашалап,  іштей  таңырқап 
қуандым. Мен шын жүрегіммен іштей: «Кешір… және қош бол!» – деп  сыбырладым. 
Әкем маған құрал-саймандар салынған жәшікті берді. Ол оны өзі қолына көтеріп, менің 
соңымнан ілесіп шықты — мені ұмытып кетеді, я болмаса ас үйде әдейі қалдырып кетеді деп 
ойлаған болса керек. 
Біз көлікке қарай жүріп бара жатқанда, әкеме: 
— Қалада да, түрмеде де  өзіңнің куәлігіңмен адамдармен бөлісуді жалғастыр, — дедім. 
— Күмәнің болмасын, ұлым, – деді әкем. 
— Сен адамдармен жақсы тіл табыса аласың. Қарашы, сенімен қарым-қатынас 
жасағалы бері, қаншама адамның өмірі түбегейлі өзгерді. 
Әкем үнсіз басын изеді,  мен оның әдеттен тыс оғаш ернін тістелегенін байқап қалып: 
— Бәрі жақсы ма, әке? Бет-әлпетің онша жақсы болмай тұр ғой? – деп сұрап едім. 
— Жоқ, балам, бәрі де ойдағыдай, Соңғы кезде ішім ауырып жүр. Бәлкім, неше жылдан 
бері ішкен ішімдіктің салдары, енді денсаулығыма әсерін тигізіп жатқан шығар, – деп жауап 
берді. 
— Сен дәрігерге барып, тексеріліп қайтсаңшы, — дедім мен, артқы орындыққа құрал-
саймандары бар жәшікті қойып болған соң, көлікке отырып жатып. Әкем мені жақсырақ көру 
үшін, ашық тұрған есікке шынтағын сүйеніп еңкейді де: 
—  Милад  күніне  келген  кезіңде  мұздың  астынан  балық  аулауды  ұйымдастырамыз,  – 
деді. 
— Келістік! 
— Келіскен болсақ, онда ешқандай сұлтаулар қабылданбайды. 
— Ешқандай сұлтау болмайды. 
Ол басын изеді. 
«Сол  сияқты,  біздің  қазір  көргеніміз, айнадағы  көмескі  бейне  іспетті,  ал  болашақта 
бетпе-бет  анық  көреміз.  Қазіргі  білетінім  тек  қана  шектеулі,  ал  Құдайдың  мені  толық 
білетіні секілді, бәрін де толықтай білемін сол кезде». (Қор. 1-хат 13:12.) 
— Жарайды, енді, қоштасайық. Жайғасқан соң, мекен жайыңды білуім үшін маған дереу 
хат жазып жібер. Мен де саған хат жазып тұрамын. 
«Мәссаған! Туған әкемнен хат алу. Ақыры, бұған да жеттім-ау!» - деп ойладым да: 
— Күмәнің болмасын, бара салысымен-ақ, саған хат жазып жіберемін, – дедім. 

178 
 
Мен  көлікті  оталдырып,  артқа  қарай  жүрдім.  Қандай  да  бір  сәтке,  көліктің  артқы 
шамдары  арт  жақты  көретін  айнаны  бұлдырлатып,  қараңғылықтың  ішінен  әкемді  көрсетіп 
тұрды — ол соңғы рет маған қолын бұлғап, қою қараңғылықта қала берді.  
«Сонымен сенім, үміт, сүйіспеншілік: Осы үшеуі әрқашан да қалады. Ал солардың ішінде 
сүйіспеншілік мәңгі бақи ең бастысы болады». (Қор. 1-хат 13:13 қараңыз.) 
 
Он жетінші тарау 
 
       Батысқа бет алу
 
 
Келесі күні таңретең Боб екеуміз Бэттл-Крикті артқа тастап ұзақ жолға шықтық. 
Ауа-райы да жайма-шуақ жылы болып, біз Индиана мен Иллинойс арқылы өтетін жол 
арқылы  жүріп  кеттік.  Бірнеше  күн  өткен  соң  Айоваға  жеттік,  әрі  қарай  Небраска  мен 
Колорадодан  содан  соң,  Ютаның  шекарасынан  өтіп,  Аризонаға  жетуіміз  үшін  бізге  сегіз 
немесе  тоғыз  күн  қажет  болды,  сөйтіп  біздің  көз  алдымызда  Гранд-Каньоны  жайылып  сала 
берді. 
Біз  оның  оңтүстік  шетіне  тоқтадық,  сөйтіп  туристік  топпен  және  жолсерікпен  бірге 
саяхатқа  шығуды  ұйғардық.  Бүкіл  жол  бойына  көз  тартарлықтай  әсем  көріністер  болды, 
әсіресе соқпақ жолдың шетінде бірден үңірейген терең тұңғиықтың көрінісі сондай керемет! 
Жаяу  жүрген  саяхатшылардан  басқа,  экскурсияға  шыққан  әлсіздеу  туристерді  өзінің  үстіне 
мінгізіп алып жүрген қашырлар да болды, сондықтан кейде сол жануарларға жол беру үшін, 
бүкіл  денемізбен  жартасқа  тақалып  тұруымызға  тура  келді.  Табиғаттың  керемет  тамаша 
көрінісі  болған  Гранд-Каньон  маған  –  Құдайдың  көзге  көрінбейтін  қасиеттерін,  Оның 
жаратқан  осы керемет табиғаты бізге ашып көрсететінінің дәлелі сияқты болып көрінді. 
Біз  Боб  екеуміз  сол  сәтте-ақ  өзіміздің  сапарластарымызбен  танысып  алдық.  Олар 
студенттік  тәжірибе  алмасу  үшін  келген:  Мозамбиктік  Паскуаль,  Мысырлық  Марван, 
Швециялық  Ингвар  және  Италиялық  Джина  есімді  студенттер  екен.  Танысқан  бойдан-ақ 
менің олармен қарым-қатынас жасағым келді. 
 Туристік соқпақ жол бойымен шамамен он шақырымдай төмен түсіп, «Үндістер бағы» 
деп  аталатын  жерде  түскі  асқа  тоқтаған  кезде,  мен  өзімнің  сенімім  туралы  бөлісуге  деген 
еңсерілмейтін қалауды  сезіндім. Айналамыздағы бізді қоршаған табиғат сондай тамаша. Бір 
кездері  үндістердің  хавасупай*  тайпасының  туған  өлкесі  болған  «Үндістер  бағы» 

179 
 
айналамыздағы төніп тұрған аңғардың жартастарының арасында нағыз көгалды алқапты еске 
түсіреді.  Делта  әріпі  тәріздес  үлкен  теректердің  арасында  бұралаңдаған  өзеннің  жағасында 
демалудың  өзі  бір  ғанибет  емес  пе?!  Біз  бәріміз  демалу  үшін  жайғасып  отырған  соң,  мен 
соқпақ  жолмен  келе  жатқанда  бастаған,  әр  түрлі  діндер  мен  сенімдерге  қатысты  әңгімені 
жалғастырдым. 
 
*Хавасупай,  хавасупаи,  хавасубая  деген  сөздің  өзі  (Havasu  ’Baaja  —  «көгілдір  түсті  судың  адамдары» 
деген  мағынаны  білдіреді)  —  олар  800  жылдан  астам  уақыт  бойына  Аризона  штатының  солтүстік-батыс 
бөлігінде  өмір  сүрген  үндіс  тайпасы.  Басқа  үндіс  тайпалары  сияқты,  американдық  жер  аударылып  келіп 
қоныстанған  адамдар  АҚШ  аймағын  игеріп  бастаған  уақытта,  хавасупай  сақтаулы  қорда  қалдырылған.  1975 
жылы АҚШ үкіметі осы тайпаға 750 км² жерді қайтарып берген. — Ред.ескер.
 
 
—  Мен  сіздерге  Құдай  туралы  және  Киелі  кітап  туралы  айтып  берсем  бола  ма?  –  деп 
сұрап  едім,  ешкім  қарсылық  білдірмеді.  Мен  серіктестеріміздің  назарын  біздің 
айналамыздағы  табиғат  көріністеріне  аударып:  —  Барлық  жерде  біз  Құдайдың 
жаратылысының  сұлулығын  көре  аламыз.  Біз  Оның  —  Құдыреті  күшті  Құдай  екенін  және 
сұлулық  пен  шығармашылықтың  Құдайы  екенін көреміз.  Алайда,  қазір  бізді  қоршап тұрған 
осы керемет жартастарды жаратқаны сияқты, біздің де — Оның жаратылысы екеніміз туралы, 
ойлап көрдіңіздер ме? Киелі кітапта біздің бәрімізді Құдайдың жаратқаны туралы айтылған: 
Паскуальды,  Марванды,  Ингварды,  Джинаны…  менің  ойымша  сен  жәй  көктен  түсе  салған 
сияқтысың … бірақ сонда да… – деп, арасында қалжыңдап қойып едім, бәрі бірауыздан күліп 
жіберді. 
—  Ал,  маған  келетін  болсақ,  мен  тегім  ирландық  пен  ағылшын  болған  Мичиганның 
фермерлік  бір  түкпірінен  шыққан  қарапайым  жігітпін.  Алайда,  біз  бәріміз  Құдай  үшін 
керемет жаратылыспыз. Ол біздің әрқайсымызды Өзінің бейнесіне ұқсас етіп жаратты. Оған 
бізбен бірге болған ұнайды, Онымен бірге болу бізге де ұнауы қажет! Ол бізді сүйетін киелі 
Әке. Бірақ, біздің күнәларымыз бізді Одан ажыратып тұр. Біз бен Құдайдың арасында түпсіз 
тұңғиық жатыр. Олай болса, біз Оған қалай келе аламыз? Біз қалай Онымен татуласа аламыз? 
Оның жауабы — Исада. Айқыш ағашта құрбан болған Құтқарушы Иса ғана бізді бостандыққа 
шығарып,  Құдаймен татуластыра алады. Мен  Құдайдың осы әлемде  әлі  де Өзінің жұмысын 
тоқтатпағанын  білемін,  Ол  барлық  жерде  адамдарды  тәубе  етіп,  Өзінің  Ұлы  Иса  Мәсіхке 
сенім  артуға  шақыруда.  Неліктен?  Өйткені  болашақта  Мәсіхтің  осы  дүниені  соттайтын  күн 
туады. 

180 
 
Мен білдірмей, Бобқа қарадым,  — ол таңқалғаннан аузын ашып  отыр, ол мені  осылай 
ашық  түрде  Құдайдың  Сөзімен  бөліседі  деп  күтпегендіктен  ғана  емес,  сонымен  бірге 
айналамыздағы  адамдардың  бәрінің,  менің  әрбір  айтқан  сөзімді  қалт  жібермей  тыңдап 
отырғандарына аузы ашылып отыр. Мен тағы да бес минуттай сөйледім, содан кейін өзімнің 
жаңа  достарымның  қасына  келіп  отырдым.  Боб  маған  сэндвичті  ұзатты,  бірақ  мен  тым 
әсерленіп  кеткендіктен,  оны  жегім  келмеді.  Студенттердің  кейбіреулері  маған  сұрақтар  қоя 
бастады,  ал    мен  олармен  қызу  сұхбаттасып  кеттім.  Біз  тіпті  қайтадан  жоғары  көтерілетін 
уақыттың болып қалғанын да байқамай қалыппыз. 
— Бәлкім, сенің шешендік шеберліктегі тәжірибең мол шығар? — деп сұрады Ингвар, 
менің соңымнан ілесіп келе жатып. 
— Ол шешен емес, уағыздаушы, — деді Жаңа Зеландиялық студент Уоллас. 
— Шын мәнінде, мен екеуі де емеспін. Мен сендер сияқты, жәй студентпін. 
— Құдайдың Сөзін зерттеп жүрсің бе? — деп қызығушылық танытты Паскуаль. 
— Жоқ, Калифорниядағы заңгерлік факультетке оқуға түскелі жатырмын. 
— Швецияда менің ағайым бар, ол лютерандық уағыздаушы, — деді Ингвар. — Ол да,  
оның әйелі де дәл сен сияқты Иса туралы айтады. 
— Өйткені, олар Исаны білетін болар, сондықтан да олар Иса туралы айтады, Ингвар. 
Олардың  Оны  сүйетініне  және  Оның  олардың  жүрегінде  өмір  сүретініне  күмәнім  жоқ.  Сен 
Исаны  өзіңнің  Құтқарушың  және  Иең  ретінде  білетін  болсаң,  онда  Оны  сүймеуің  мүмкін 
емес. 
— Мен өзімді сенуші деп атай алмаймын, — деді Ингвар. — Егер маған қандай да бір 
атау лайықты болса, онда ол агностик деп ойлаймын. 
—  Менің  де  осы  клубқа  мүшелік  билетім  болған!  —  деп  айқайлап  жібердім  мен,  
өзімнің  алдыма  қойған  мақсатым    туралы  және  Еуропа  бойлап  саяхат  жасаған  уақытымда 
Мәсіхтің өмірінің шүбәсіздығына көз жеткізгенім туралы, оларға шабыттанып айтып бердім. 
Аңғардың  жоғарғы  жағына  шыққан  сәтте,  бәрі  әлсіреп  қалды.  Бәрібір  шаршағанымызға 
қарамастан, біз бәріміз бірге Гранд-аңғарындағы ең қиын жерлерін артқа тастап жүріп өткен 
соң, өзіміздің алған әсерлерімізбен бөлісіп, әзілдесіп келе жаттық. Менің аяғымның арт жағы 
күлбіреп  кетіпті,  бұған  қоса  күнге  де  әжептеуір  күйіп  қалыппын,  —  алайда,  ең  бастысы, 
өзімнің жаңа достарымның елдеріне – жеті түрлі елге қонақ болуға шақыру алдым. 
Біз қайтадан көлікке отырып, жолға шыққанымызда Боб маған қарап:  

181 
 
—  Иә,  сен  сөзге  тапқырсың,  сен  бір  оталып  алсаң  болды,  —  деді.  Мен  жауап  ретінде 
оған  қарап  күліп  қойдым,  сол  сәтте-ақ  бізді  жан-жағымыздан  қоршаған,  ашық  кеңістік  пен 
ұзағына  қатарласқан  тулардың  ұлылығы  мен  сұлулығы,  менің  жүрегімді  қайтадан  жаулап 
алды.  Біздің  қарсы  алдымызда  бізбен  қоштасып  күн  де  өзінің  ұясына  батып  бара  жатты,  ал  
менің айдарымды сипап, жылы самал есіп тұрды. Бізді алдымызда үлкен үміт пен уәделерге 
толы бүкіл әлем күтіп тұрды. 
«Дүниеде бұдан асқан не болуы мүмкін, — деп ойладым мен. — Құдайым, мені Өзіңнің 
балаң  ретінде  мойындағаның  үшін  және  бұрынғы  өзіме  деген  сенімсіздігім  мен  түңілуден 
шығарғаның  үшін,  Саған  рахметімді  айтамын.  Біздің  қазір  ғана  Гранд-аңғарында 
кездестірген  студенттерден  менің  де  ешбір  айырмашылығым  болмаған  кездерім  болды. 
Өтінемін, менің осыларды ұмытып кетуіме жол бермеші. Алайда, олармен сұхбаттасу өте 
қуанышты  болды!  Менің  бүгінгі  айтқан  сөздерімнің  ең  болмаса  кейбіреуі  олардың  есінде 
қалады деп үміттенемін. Мен Саған тиесілімін, Ием. Міне, мен Сенің еркіңді орындау үшін 
кетіп барамын».  
Тіпті, егер бұл Құдайдың Сөзін уағыздайтын қызмет болса да ма? 
Бұл сұрақтың менің ойыма қайдан келгенін білмеймін, бірақ ол дауыстап айтылғандай, 
анық естілді. Таңқалған мен сол сәтте-ақ отырған орындығымда түзуленіп отырдым. 
Боб маған көз тастап: 
— Саған не болды? Бәрі дұрыс па? – деп сұрады. 
— Иә, бәрі дұрыс. 
— Шынымен бе? Түрің бір түрлі болып кетті ғой. 
— Жәй әншейін… басыма бір ой келді. 
Біз екі күннің ішінде Коста-Месаға жетіп, Бобтың жолдасының үйіне келіп тоқтадық, ол 
да мәсіхші жігіт, бұл үй бізді құшақ жайып қарсы алды. Кешкісін алдымда жатқан журналды 
парақтап  отыр  едім,  Талбот  мектебіне  студенттерді  жинақтау  туралы  хабарландыруға  көзім 
түсті,  ол  мектеп  осы  жерде,  Калифорнияда,  Ла-Мирада  деген  көрші  қалашықта  орналасқан 
болатын.  Хабарландыруды  көргенде  мен:  Мүмкін,  Құдай  менің  сол  жерге  барғанымды 
қалайтын шығар?  – деп сезіндім. Тоқтай тұр… Мен неге  бұл туралы ойлап тұрмын? Мен 
заңгерлік факультетіне оқуға түсу үшін келдім ғой…  маған керегі де сол ғой. 
Бұл  жағдай  менімен  шамамен  кешкі  сағат  сегізде  болған  еді.  Таңертең  мен  ұйқымнан 
оянғанымда,  маған  журналдағы  хабарландыру  тағы  да  маза  бермеді.  Меніңше,  егер  мен  Ла-
Мирадаға  барып  қайтсам,  бұнда  тұрған  не  бар  екен,  оған  қоса  жәй  ғана,  бұның  қандай 

182 
 
мектеп  екенін  сұрастырып  көрейін,  деп  ойладым.  Ол  жерге  жетуге  қырық  бес  минуттай 
уақыт кетті, жолда кетіп бара жатқанымда мен өзімше Құдаймен келісім-шарт жасасып: егер 
бүгін қандай да бір, мүлдем мен ойламаған себеппен олар мені студент ретінде қабылдаса, 
онда  болашақта  менің  уағыздаушы  болуым  бұл  –  Сенің  еркің  деп  білемін.  Олай  болмаған 
жағдайда, мен өзім жоспарлағанымдай, заңгерлік факультетке оқуға түсемін, – дедім. 
 Мен іштей, міне, осыған тоқтайық,  әрі қарай жағдайды қиындатпайық деп шештім.  
Күн-райы жайма-шуақ  еді, мен Ла-Мирадаға  дейін тамаша көңіл-күймен жетіп алдым. 
Көлігімді  әкімшілік корпустың жанындағы тұраққа қойып, тіркеу бюросына қарай өттім де, 
хатшыға семинарияға оқуға түскім келетінін айттым. 
— Сіздің аты-жөніңіз кім? — деп сұрады ол. 
— Макдауэлл. Джош Макдауэлл, – деп жауап бердім. 
Ол өзінің қағаздарын мұқият қарап шықты да, басын шайқап: 
— Өкінішті, тіркеуге алу тізімінде сіздің есіміңіз жоқ. 
—  Иә,  мен  білемін,  білемін.  Шын  мәнінде…  түсінесіз  бе,  мен  сіздердің  оқу  орныңыз 
туралы кеше ғана білдім. 
Хатшы маған таңырқаған кейіппен тесіле қарап тұрып: 
— Сонымен, сіз... шешім қабылдадыңыз... мен сізді дұрыс түсіндім бе? – деп сұрады. 
— Иә, мен құжатттарымды тапсырып, сіздерге оқуға түсемін деп ұйғардым. Алайда, бұл 
мүмкін емес сияқты, солай ма? 
—  Әрине,  жоқ.  Кандидатураны  іріктеу  үдерісі  тез  болғанның  өзінде  бірнеше  айға 
созылады. Сондықтан сіз тек келесі жылы ғана біздің семинарияның студенті бола аласыз. 
Мен жеңіл күрсініп: 
— Тамаша! – дедім. 
— Сіз не дедіңіз? – деп сұрады хатшы, мені түсінбей қалып. 
— Жақсы қалыңыз, ханым, — дедім мен жүріп бара жатып. 
«Бәрі  де  шешілді,  —  дедім  мен  өзіме-өзім,  шыға  беріске  бет  алып.  —  Мен  келісім-
шарттағы  өзімнің  міндетімді  орындадым.  Енді,  Калифорния  университетіне  қарай  бет 
алсам да болады!» 
Кенеттен, неге екенін өзім де білмеймін, мен тоқтап қалдым да, қайтадан хатшының 
үстеліне жақын келдім. Ол таңырқаған кейіппен, әлі де менен көзін алмай қарап тұр екен, 
бәлкім, ол тіпті полицияны шақыру қажет деп ойлап тұрған шығар. 

183 
 
— Сонда да, маған айтыңызшы, студенттерді қабылдау бойынша соңғы шешім кімге 
байланысты? Бұл мәселе бойынша мен кіммен сөйлессем болады? 
— Бұл мәселе бойынша доктор Файнбергпен сөйлессеңіз болады. 
— Сіз Доктор Файнберг дедіңіз бе? 
— Иә. Алайда, сіз онымен сөйлесе алмайсыз. 
— Неге сөйлесе алмаймын? 
— Өйткені, ол ректор. 
— Ол өзінің орнында ма? 
— Әдетте, ол жазда бұл жерде болмайды, бірақ … 
— Не, бірақ? 
— Бүгін ол өзінің орнында. Күтпеген жерден қайта оралды. 
— Олай болса, мен неге онымен сөйлесе алмаймын? 
— Мен сізге айтттым ғой. Ол семинарияның ректоры және оның қолы бос емес. 
— Алайда, сіз ең болмағанда, оған мен туралы айта аласыз ғой, солай ма? 
Хатшы маған ашуланған кейіппен басымнан аяғыма дейін бір қарап шықты, бірақ менің 
айтқанымнан қайтпайтынымды түсініп, жасанды құрғақ дауыспен жауап беріп: 
— Осы жерде күте тұрыңыз, – деді. 
—  Жарайды,  күте  тұрамын,  —  дедім  мен  креслоға  жайғасып,  хатшы  холлдың  ішіне 
терең еніп,  көрінбей қалды. Бір-екі минут өткен соң  хатшының қарасы көрінді, ал мен оны 
әурелегенім  үшін,  кешірім  сұрап,  алғыс  айтуға  дайындалып,  орнымнан  тұрып,  оған  қарсы 
жүре берген едім, оның: 
— Иә, ол қазір сізді қабылдай алады. Сол жақтағы соңғы кабинет, – деген сөзін естідім. 
Ол келген жаққа қарай шаршаңқы түрде, әрең дегенде аяғымды бастым,  барған сайын 
менде  именшектік  пен  тартыншақтық  басым  болып  бара  жатқанын  сезіндім.  Ақыры,  мен 
«Доктор  Чарльз  Файнберг»  деген  тақтайша  ілулі  тұрған  есіктің  алдында  келдім.  Есік  аздап 
ашық тұр екен,  үлкен жазу үстелінің басында еңкейіп бір нәрсе жазып отырған кісі көрінді. 
Есікті қағып, мен өзімнің келгенімді білдірейін деп жөтелдім. 
Ректор:  «Кіріңіз»,  —  деп  басын  көтеріп  маған  қарады.  Қатаң  костюм  мен  галстук, 
сонымен  бірге  қысқа  күзелген  мұрты  мен  қалың  қара  көзілдірігі,  оған  маңызды  адамның 
кейпін беріп тұрды. Мен тура үстелдің қасына келдім де:  
—  Менің  семинарияға  оқуға  түсем  деген  қалауым  болған  жоқ  еді.  Менің  заңгер 
мамандығына оқығым келеді. Мен бұны бүкіл өмір бойы армандаған болатынмын, сондықтан 

184 
 
да  Калифорния  университетінің  заңгерлік  факультетіне  оқуға  түсу  үшін,  осы  жерге  келдім. 
Алайда,  кеше  кешкісін  мен  сіздің  мектебіңізге  қабылдау  туралы  хабарландыруды  көріп 
қалдым,  осылайша Құдай маған бір нәрсе айтқысы келіп жатыр деп ойладым. 

 
Иә,  кейде  Оның  әрекеттері  бізді  таңқалдырады,  келісесіз  бе?  —  деді  доктор 
Файнберг, сөйтіп өзінің айналмалы креслосында сөйлеп отырып, бұрылып терезеге 
қарады да:  
— Мынау, тұрақта тұрған, сіздің көлігіңіз бе? – деп сұрады. 
— Иә, менің көлігім. Оны жуып тазаласам, көлік емес қуыршақ болар еді, — деп жауап 
бердім мен әдепсіз дауыспен. 
— Шынымен бе? 
— Тіпті күмәніңіз болмасын. Газ бергенде, дөңгелектің астынан тек қиыршық тастар 
ұшатын болады. Көлік емес, нағыз жабайы аң дерсің. 
Доктор Файнберг қайтадан креслода отырып бұрылып,  көзілдірігінің үстінен маған 
тесіле қарады. 
« Оның жүрегінде мен туралы онша жақсы емес әсер қалыптасқан сияқты, маған 
керегі де осы ғой». – деп ойладым мен. 
— Сіз қайсы колледжде білім алдыңыз, мырза … – деп өзімді таныстыруымды қалаған 
кейіппен маған қарады. Мен:  
— Макдауэлл, – деп өзімді таныстырдым да, – Уитонді  аяқтадым, мырза, – деп жауап 
бердім. 
— Ал, сіздің үлгеріміңіз қалай болды? Бағаларыңыз ше? 
— Менің бағаларым жақсы. 
Доктор Файнберг алақанын «үйшік» сияқты айқастырып, біраз ойланып саусақтарының 
ұштарын бір-біріне соға бастап: 
— Сіз Калифорния университетінің заңгерлік факультетіне түсуді қалағандықтан, осы 
семинарияға келдіңіз? 
— Жоқ, мырза, яғни, иә, мырза. Істің мән-жайы мынадай, біз келісім-шарт жасасқан 
едік… 
— Бұл қызық екен, — деді ректор білінер-білінбес жымиып. 

 
Мен Құдайға — егер Сен мені уағыздаушы еткің келсе, мен келісемін деп айттым. 
Бірақ,  Оның мұны қалайтынына, менің онша сенгім келмейді,  – деп, қолымды айқастырып, 
доктор  Файнбергтің  мені  кабинеттен  қуып  жіберуін  күтіп  тұрдым.  Ұзаққа  созылып  кеткен 

185 
 
үнсіздік  қолайсыздық  туғызды.  Ол  қайтадан  терезеден  менің  көлігіме  қарады,  сосын  маған 
бұрылып: 
— Олай болса, бүгін-ақ Уитонға телефон шалыңыз және олар авиапошта арқылы сіздің 
құжаттарыңызды  осы  жерге,  Талбот  мектебіне  жіберсін,  —  деді  ол.  —  Дүйсенбіден  бастап 
сабаққа  кірісе  берсеңіз  болады,  ал  сізді  семинарияға  қабылдауға  байланысты  ұсақ-түйек 
деректемелерді, біз бірнеше аптаның ішінде реттейміз, – деді. 
Мен жауап бермегендіктен, ол қайтадан сұрады: 
— Осылай істесек болады ма, Макдауэлл мырза? 
Мен ләм-мим деп бір ауыз да сөз айта алмадым, — тіпті басымды изей алмай қалдым. 
Менің кірпіктерімді де қағуға шамам келмеді. Мен теңселіп, доктор Файнбергтің кабинетінен 
зорға дегенде шықтым. Таңертеңнен бері мен Құдайға адал болдым және нәтижесінде бәрібір 
менің  қалағанымдай  болды  деп,  риза  болып  өзімді  өзім  мақтаған  едім.  Алайда,  Құдай  мені 
сол сәтте-ақ орныма қойды, бұдан кейін мен өзімді жаман сезіндім. 
Дүйсенбі күні мен оқуға кірісіп, екі апта бойына ынтамен оқыдым. Алайда, осы екі апта 
уақыт  ішінде  мен  өзімді  жаман  сезініп,  не  істерімді  білмедім.  Университет  қалашығындағы 
кез  келген  қоғамдық  тапсырмаға  жабысып,  әрбір  іс-шараға  жаңа  құрбымен  келіп,  көңілімді 
басқа  жаққа  аударуға  тырыстым.  Бірақ,  менің  жаныма  ешнәрсе  де  тыныштық  бере  алмады. 
Шынымды  айтсам,  соңы  не  болатынын  ойламай  жасаған  менің  іс-әрекетім  арқылы,  өзімнің 
тұзағыма  Құдай  өзімді  түсіргендей  етіп  жайғастырды.  Алайда,  мен  Оған  сөз  бердім, 
сондықтан сол сөзімде тұрдым. 
Ақыры,  сабақтың  үшінші  аптасы  басталды.  Қауым  тарихы  сабағында  мен  әдеттегідей 
қалғып-мүлгіп  отырған  болатынмын.  Кенеттен,  біздің  мұғаліміміз  доктор  Джеймс  Крисчен, 
бүкіл сыныптың алдында менің есімімді атап өтті. Мен оның сөзінің басын естімей қалдым, 
бірақ  әрі  қарай  естіген  сөздерімнің  өзі,  мені  қызара  бөртіп  ашуға  булығуға  мәжбүр  етті. 
Доктор Крисчен мен жаққа қарай нұсқап: «Мысалы үшін, Макдауэлл мырзаны алайық. Біздің 
әріптесіміздің осы аймақтағы барлық студент қыздармен кездесуге баратыны сияқты, қауым 
да  егер,  Ізгі  хабарды  дүниежүзілік  деңгейде  құлшына  жарияласа,  онда  бүкіл  дүние  жүзі  тез 
арада  толық  құтқарылған  болар  еді»,  –  дегенде,    бүкіл  сынып  күлкіден    жарылып  кете 
жаздады.  Мен  дәптерлерім  мен  оқулықтарымды  алып,  мұғалімнің  үстеліне  лақтырып 
жібердім де: 
— Жетер енді! Не үшін мен бұның бәріне төзуім керек? Бәрі бітті, мен кетемін! – дедім 
де, ғимараттан жүгіріп шығып кеттім. 

186 
 
Мен өзімнің қайда баратынымды білмесем де, университет қалашығынан ертерек кетіп 
қалуым  керектігін  білетінмін.  Бірнеше  махалладан  өтіп,  орта  мектептің  ғимаратына  келдім. 
Мектептің  қасынан  өтіп  кетіп  бара  жатқан  сәтте  қоңырау  шалынды  да,  мектептің  ауласы 
оқушыларға  толып  кетті.  Мен  сағатыма  қарап  едім,  тал  түске  бірнеше  минут  қалған  екен. 
Телефон  дүңгіршігіне  сүйеніп,  айналамдағы  жасөспірімдердің  ерсілі-қарсылы  жүріп 
жатқандарына үнсіз қарап тұрдым. Мектеп ғимараты бір минутқа да жетпей босап қалды деп 
ойлаймын,  алайда,  маған  бұл  адамдардың  ағыны  менің  қасымнан  мәңгілікке  кетіп  бара 
жатқан сияқты болып көрінді. Мен өзімді аяғыма тас байлап алғандай сезініп, аяқ-қолы сал 
адам  сияқты,  бір  қадам  да  баса  алмай  тұрып  қалдым.  Әрбір  жасөспірімнің  беті  маған  анық 
көрініп тұр, бірақ олар үшін мен көрінбей тұрған сияқты болдым.  
Содан  кейін  мен  бір  дауысты  естідім.  Бұл  дауыс  өңімде  болды  ма,  әлде  естілген 
дауыстан  қатты  әсеріленіп  кеттім  бе,  мұны  анық  айта  алмаймын,  —  қалай  болғанда  да,  ол 
анық дауыс еді. «Мен сені жастарға Менің Сөзімді жеткізу үшін шақырдым. Кері бұрылма», 
– деген Құдайдың даусы менің жүрегімді жебемен тесіп өткендей болды. Көп те емес, аз да 
емес, қарапайым да түсінікті сөздер. Мен қарсыласудың пайдасы жоқ екенін білдім. 
Кенеттен  менің  есіме  Билл  Брайттың  «рухани  адам»  туралы:  Менің  өмірімде  Мәсіхке 
қандай орын берілген? Менің еркім  Оған  бағына ма? Мен өз өмірімнің тағына Оны тиісті 
дәрежеде отырғыздым ба? – деп айтқан сөздері түсті.Сол уақытта мектеп оқушылары қалай 
тез үзіліске шыққан болса, дәл солай мектептің ғимаратына қайтадан кіріп кетті. Менің аяқ-
қолыма  жан  бітіп,  семинарияға  қайта  оралдым.  Тарих  кабинетіне  кіріп,  бәрінің  алдында 
доктор  Крисченнен  кешірім  сұрап,  содан  кейін  өзімнің  оқулықтарымды  алып,  орныма 
отырдым.  Сағат  12.30  өткен  еді.  Сол  сәттен  бастап,  мен  «көрген  азабым  мен  үшін  сабақ 
болды» деп қайталауды ұнататын болдым. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет