1. «Тар жол, тайғақ кешуді» Кешіп кеткен қазақсың!
2. Айырылып қалыппыз
Күләш салған «Гәккудай»,
Өзің жазған
«Аққудай»... Келтірілген мысалдың алғашқысында Сәкен өткен азапты жолды
суреттейтін шығарма атауы эпитет ретінде қолданылса, екінші мысалдағы
трансформацияланған артоним реминисценция-теңеуге айналған, демек
оқырманға мәтін семантикасын ашу үшін конвергенция көмекке келеді.
Өлеңнің 5-шумағында орналасып, ойды дамытатын
«қызыл сұңқар - жолдастар » да – реминисценция. Автор осы символмен қатар тағы бір
интертекспен өлеңді қорытындылайды. Онда Сәкеннің тағы екі артонимі
өзгертіліп берілген.
...Айқай,
Қызыл сұңқарлар !
Пай-пай, дүлдүл
тұлпарлар ! Ортаға алып Сәкенді,
Жас қазақтың ұранын,
Жаңарта бір шырқаңдар!
Сәкен шығармашылығын претекст етіп ақын Ғ.Жайлыбай да қолданған. Өз
өлеңінде автор Сәкен шығармаларының атауын еш маркерсіз беріп, өлең
семантикасын байытатын, толықтыратын элемент, мағыналық ұйытқы сөздің
эпитеті ретінде пайдаланады:
Басқан ізіне гүл өскен ақын,
Жүрген жерінде жыр ескен ақын,
Тар жол тайғақты кешіріп бастан
Бақыт жолында күрескен ақын.
Аталған екі қаламгер де претексті ұлттық білім аясынан алып отыр,
сондықтан да бұл интертекстер оқырмандардың біраз буындарына оңай
танылады.
Ал мына мысалдарда мәтіннің жекелеген фрагментін авторлар өз
өлеңдеріне кіргізгенде тырнақшамен ажыратып, бөгде сөз екенін көрсетпесе,
тұтас мәтінге етене қабысқандықтан жаттығын байқамаймыз десе де болады:
Жоқ-барды жазып-сызып, күштеп таңып,
Ақпарлы, әжік-күжік істі атқарып,
Батырмыз – тоқсанымыз тоқты жыққан.
Жатырмыз