Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі



Pdf көрінісі
бет124/136
Дата10.12.2023
өлшемі2,63 Mb.
#135603
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   136
Байланысты:
Adilova korkem matin

«Көркем әдебиет
музыка, театр, кино неғұрлым дөрекі сезімдерге толы болған сайын
неғұрлым шектен тыс ұятсыз болған сайын, соғұрлым өтімді. Бетховенді 
тыңдамайтындар ең төменгі санаға арналған тұрпайы музыкаға 
құмырсқаша қаптайды»
(Т. Әбдіков)
.
Жағымсыз коннотация прецедентті есім 
семантикасының перифериясындағы жақсы музыка семасын жоққа шығару 
негізінде пайда болған.
Кейіпкер сөзіндегі прецедентті құбылыс символдары әдетте оның өзімен 
қатар суреттелетін басқа персонажды мінездеуінен, бағалауынан көрінеді. 
Мұндай интертекстуалды элементтердің бағалауыштық қызметі екі жақты 
болады, өйткені қаламгер өз кейіпкеріне айтқызған интертекст арқылы 
оқырман сол кейіпкердің өзін бағалай алады.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


157 
Бағалауыш қызмет атқаратын интертекстерді қаламгерлер өз кейіпкерінің 
тілдік-мәдени құзіретіне байланысты қолданады. Кейіпкердің әлеуметтік 
жағдайы, білімі, айналасы сияқты экстралингвистикалық факторларды 
ескеретін автор өз персонажына оның осы параметрлеріне лайық, сай келетін 
претекстерді айтқызады. Д. Исабековтың «Тыныштық күзетшісі» повесіндегі 
Демесіннің іс-әрекетін бақылап тұрған Мәнсия өз бағалауын өзінің білім 
деңгейіне лайық прецедентті есіммен береді: 
« - Вот Дон Жуан, - деді Мәнсия 
бұл сөздің терең мағынасын білмесе де. - Өткен жолы Ардақтың шашынан 
сипап еді, бүгін Шәмсиямен сүйісіп тұрғанын қарай гөр-әй мұның!»
. Автор 
тарапынан кейіпкерінің тілдік құзіретіне түсініктеме беріледі, яғни Мәнсия бұл 
прецедентті есімнің семантикалық құрылымындағы қалың көпшілікке мәлім 
ең танымал бір белгіні - әйел адамдармен тез әуестенушілікті жаңсақ 
өзектендіріп тұрғанын көрсетеді. Бұл түсініктемесіз-ақ оқырман Ұлы Отан 
соғысы алдында мектеп көлемінде ғана білім алып, бар ауыртпалықты көріп 
жүрген Мәнсияның когнитивтік базасы туралы дұрыс пікір қалыптастыра 
алатыны сөзсіз.
Ал мына үзіндіде Жасын романда аса көп көрінбейтін Қаратайды 
бағалауда пайдаланған прецедентті құбылыстар символдарын қаламгер 
түсіндіруді артық санайды, себебі кейіпкердің де, қазіргі оқырманның да тілдік-
мәдени құзіретін жоғары бағалайды: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет