Қараңғы коридордың ішінде жүремнен отырып, есімді жинадым. Ұрғаным қабырғадағы айнаға түскен өз бейнем боп шықты». Т. Әбдіковтің осы шығармасында күнделік пен түстен басқа да
интертекстуалды элементтер бар: хаттар, ашық және жасырын цитаталар, тілдік
интертекстер. Кейіпкер мен оның оппоненті хаттарында өз ойларын
байланыстыру, дәлелдеу, айшықтау, қорытындылау үшін көне дәуір
ғұламаларының сөздерінен бастап, бұрынғы-қазіргі заманның атақты
ойшылдары мен ақындарының пікірлерін, өлеңдерін цитата ретінде қолданады.
Қазақ халқының тарихы, өткені мен қазіргісі, болашағы үшін үлкен
маңызы бар атақты түс – Абылайдың түсі. Бұл түсті баяндату арқылы автор
сөйлеу субъектісін өзгертіп, болып жатқан жағдайға өз қатысын көрсетеді.
Қаламгерлер өз шығармаларына халық арасындағы түстің бір-біріне ұқсас екі
нұсқасын кіргізу арқылы түрлі мақсаттарға акцент жасайды. Салыстырып
көрелік: І. Есенберлиннің «Көшпенділер» тарихи трилогиясында Кенесары
Жүсіп-Иосиф Гербуртқа әңгімелеуі нәтижесінде сөйлеу субъектісі үш мәрте
ауысқан: баяншы – Абылай – Кенесары. Түс коммуникативті жағдайдың
таңбасы ретінде көрінеді:
«Кенесары бәлсінген жоқ, әңгімесін бастап кетті. - Атамыз Абылайды үш жүздің игі жақсылары боз биенің сүтіне шомылдырып, ақ кигізге орап, хан ғып көтерген күнінің түнінде ол бір ғажайып түс көріп шығыпты. Бұқар жыраудан жоруын сұрапты... « Астымда Жалынқұйрық жүйрігім бар. Сарыарқада серуендеп келе жатыр едім, депті хан Абылай, - алдымнан бір арыстан тұра қашты, қуып жетіп, алдаспаныммен ішін жарып жіберіп едім, арыстанның ішінен бір жолбарыс шықты да тұра жөнелді. Жолбарысты да қуып жетіп, аш бауырынан орып жіберіп едім, ішінен бір көкжал шыға келді де тұра қашты. Көкжал қасқырды да қуып жетіп, ішін тіліп жібергенімде, одан бір