81
ғана сезіледі; сонымен, пародия екі бірдей міндетті жүзеге асырады: 1) қандай
да бір тәсілді механизм ретінде қолданылады, 2)
жаңа материал
ұйымдастырады, оның өзінде бұл жаңа материал механизм ретінде
қолданылған ескі тәсіл болып шығады» [10, 210]. Пародиялық шығармалардың
негізінде белгілі бір көркем туындының стилі, семантикасы, лексика-
фразеологиялық қабаты жататындықтан және бұлар претекстпен айқын
контраст жасайтындықтан, пародияны мәтіннің жаңа типі ретінде түсіну
қалыптасты. Мәтінаралық байланыстар теориясына сүйене отырып,
интертекстуалды
корреспонденция
–
интертекстуалды
қозғалыс
–
интертекстуалды
жаңғырту
формасы
(форма
интертекстуального
реферирования) ұғымдарын енгізген орыс зерттеушісі О.А. Проскурин [107]
А.С. Пушкиннің атақты «Евгений Онегин»
романын сол кезең алдындағы
элегия жазушыларға және өзінің алғашқы шығармаларына пародия деген
қорытынды жасайды. Әрине, ғалымның бұл қорытындысы Батюшков,
Жуковский, Карамзин сияқты элегия жазушылардың, сондай-ақ жас
Пушкиннің шығармашылық контекстерін зерттеу, салыстыру нәижесінде
жасалды, себебі элегия жаңа заман
шындығын беруге жарамайтын еді,
сондықтан А.С. Пушкин белгілі бір ситуацияға қайта оралып, оны басқа
формада жаңғыртуға мәжбүр болды. Мәселен, романда Ленский көбіне
комикалық тұрғыда көрсетіледі, өйткені зерттеушінің пікірінше: «Комизм,
алайда, заңды: ол шын мәнінде драмалық жағдайлардың алдында элегиялық
сананың дәрменсіз екенін көрсетеді» [107, 172].
Екінші (туынды) мәтін ретінде пародиялар мәтінаралық байланыстар
теориясының
нысаны болып есептеледі, өйткені олар лексика-семантикалық
құрылымы тұрғысынан претексі ескерілмей, толық қабылданып, түсініліп,
интерпретациялана алмайды. Бұл жерде претекст құрылымдық, лексикалық
деңгейде цитацияға түседі де, жаңа мәтін түзу механизміне айналады.Соның
нәтижесінде семантикасы претекске айқын қайшылықта болып,
жасырын
ақпар, мән түзіледі. Пародияда эксплицитті ақпардан гөрі имплицитті ақпардың
әсер-қуаты басым. Автор түзіп отырған пародия мен оған үлгі, негіз болған
мәтін арасындағы контраст айқын сезілгенде ғана оқырман үшін оның түрлі
дәрежедегі комикалық, прагматикалық эффекті танылады. Мысалы:
ҰЙЫҚТА, ҚАЗАҚ!
Ұйықта, қазақ! Ұйқыңды қандырып ал,
Көлден балық аулама, балдыры бар.
Бау-бақша, егін егіп керегі не,
Даланың дауылы бар, жаңбыры бар.
Ток соғады, жолама электрге,
Май боласың, жуысаң трактрге.
Бес ешкіңді баға бер қораңдағы,
Ғылыми жаңалыққа құлақ түрме.
Қазақты сорлатпағын ұшқыш болып,
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
82
Жермен жүр аяқ-қолың күс-күс болып.
Аспаннан жерге құлап мерт болғанша,
Тірі жүрген артық қой ішкіш болып.
Ұйқы қалың, өмірден кеш қаламыз,
Соны сезбей, кей кезде төс қағамыз.
Желтоқсанда жастарға жала жауып,
Жылап-сықтап Қайратты еске аламыз.
Байқалып отырғанындай, М. Дулатовтың ұлттық
когнитивтік кеңістіктен
белгілі «Оян, қазақ!» кітабына эпиграф етіп алынған бір шумақ өлеңінің
вербалды құрылымы мен семантикасына контраст арқылы қазіргі қазақ
қоғамында қалыптасқан жағдайға пародия жасалған. Оқырман пародияның
претексін толып жатқан интертекстуалды элементтерден оңай таниды:
Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты!
Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп,
Қазағым, енді жату жарамасты!
Пародияда қазақ халқының ділі горизонтал және вертикал контекстің
өзара әсер-ықпалы нәтижесінде өте сәтті ашылған. Вертикал контекст аллюзия
арқылы берілген, яғни қазақ қоғамындағы қазіргі заманға сай ұлттық мамандар
тапшылығына, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларына байланысты қазақ
зиялыларының жағымсыз іс-әрекетіне сілтейді. Жалпы алғанда претекст пен
туынды мәтіннің арасындағы байланысты
танытатын интертекстуалды
элементтердің конвергенциясы және лексика-семантикалық контраст ашық
байқалады:
Достарыңызбен бөлісу: