25
хаттар, 5) күнделіктер, 6) цитаталар, 7) аллюзия, 8) реминисценция. Эпиграфтар
зерттеу жұмысында көркем мәтінге қосымша мән-мағына үстейтін, оны
интерпретациялау бағытын айқындайтын цитата ретінде қарастырылады.
1.2.1 Цитата және цитация
Көркем шығарма - автордың өзін қоршаған ортаны, болмысты, қоғамдық-
әлеуметтік формацияны өз тұрғысынан түсініп, сол өзі түсінген, елестеткен
бейнені оқырманға эстетикалық өңдеп жеткізетін құрылым. Оның тілдік
қабатында
жалпыхалықтық
қолданыстағы
лексика-фразеологиялық
бірліктермен қатар, ауыз әдебиетіне тән мақал-мәтелдер, өзінен бұрын өмір
сүрген ақын-жазушылардың сөзқолданысы кейде саналы түрде, кейде еріктен
тыс ұшырасуы мүмкін. Тілдік қауымдастыққа жақсы таныс, көпке белгілі
шығармалардан алынған түрлі көлемдегі, түрлі деңгейдегі үзінділерді қолдану
қаламгердің ой-өрісін, эрудициясын танытатын, өз алдындағы әдебиет
қайраткерлерін бағалауын жеткізетін, сондай-ақ сол шығарманы оқитын
оқырманның ұлттық әрі әлемдік мәдениет үлгілерімен таныстығын көрсететін
тілдік дерек ретінде қарастырыла алады. Түрлі түпнұсқа мәтіндерден алынған
әр деңгейдегі үзінділерді қолдану постмодернистік әдебиеттің бірден-бір
белгісі деп есептеле бастады. Постмодернизм әдебиетінде басқа мәтіндердің
үзінділері ашық немесе жасырын түрде кездесуі цитатаның негізгі белгілерінің
біріне сай келетіндіктен, әлемдік әдебиеттану мен тіл білімі ғылымдарында
Достарыңызбен бөлісу: