28
туралы пікір білдірген алғашқы еңбектердің қатарында Т. Есембековтің «Әдеби
талдауға кіріспе» оқу құралы [67] мен Ш. Жалмахановтың «Қазақ тілінен
дипломдық жұмыс» әдістемелік нұсқаулығын [68] атауға болады.
Цитата қолдану, цитата сөз тек постмодернистік әдебиетке қатысты ғана
емес, басқа да әдеби ағымға біріктірілетін көркем шығармаларда да кездесетіні
байқалады.
Поэтика саласындағы белгілі маман К.Ф. Тарановскийдің мәтін талдаудағы
подтекст немесе астарлы ой әдісіне байланысты [69] цитатаға көзқарас өзгерді.
Бұл әдіс бойынша цитата тек психологиялық қана емес, семантикалық та
құбылыс
деп есептеліп, ол мәтіндегі түсініксіз жерлерді түсіндіруге қажетті
теориялық ұғым ретінде қарастырыла бастады. Ресей және американдық
филологтардың зерттеулері бойынша орыстың көптеген ақын-жазушыларының
шығармашылығында ашық және жасырын түрдегі цитата сөздер жиі
ұшырасады [70; 71; 72; 73; 74; 75; 76]. Бұл құбылыс қазіргі қазақ әдеби
үдерісінде де байқалады. Мысалы:
Байғазы етіп байлаған халқым маған,
Менің де бір күйім бар тартылмаған.
Менің де тұғырдағы қыраным бар
Асқар шың аспанды аңсап шаңқылдаған.
Бұл лирикалық туындыда ақын қолданысында қазақтың біртуар қаламгері
Қасым Аманжолов өлеңінің бір фрагменті
оп-оңай танылады және оны
ақынның өзі вербалды түрде атап көрсетеді, яғни
менің есімдігін
де демеулік
шылауымен күшейту арқылы оны бұрын да басқа адамның айтқанына сілтеме
жасап тұрғаны сөзсіз. Алайда М. Мақатаев өзінен бұрын айтылған ойды өз
контексіне еш өзгеріссіз енгізіп, ақындарға тән сезім арпалысын, биік мақсатты
дайын образбен беріп, Қасымның бұл сөзқолданысын саналы түрде қолданса
да, келтірінді мәтіннің авторы туралы еш дерек бермейді. Осы екі ақын
өлеңдеріндегі байланысты аңғарып, тану, орнату - оқырманның міндеті..
Цитата көркем шығарма атауынан бастап
оның кез келген жерінде
орналасады. Атауына цитата алынған бірнеше шығарманы атасақ та жеткілікті:
Ә. Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романының атауына
Абайдың бір жолы алынса, Д. Исабековтің «Гауһартас» повесі халық әнінің бір
сөзімен аталған.
Ж. Жақыпбаев өз өлеңін «Мұң. Бір түн...» деп атапты, бұл бірден
Шығыстың атақты «Мың бір түн» классикалық шығармасын еске түсіреді.
Цитацияға алынған араб әдеби ескерткішінің атауы дыбыстық, синтаксистік,
пунктуациялық, графикалық өзгерістерге ұшыраса да, танылуы оңай. Осы
ақынның «Қайран шешем» өлеңі Құрманғазының күйімен
байланыстырыла
алады.
«Мәтінде цитата ретінде келтірілген эпиграф интеграциясы осы мәтіннің
мазмұнын күрделендіре түседі. Эпиграф өз алдына жеке дербестігін сақтайды
және автор интенциясын білдіретін тәсіл ретінде қызмет етеді» [77, 133] деген
зерттеуші Г. Әзімжанова оның ең басты белгісін, яғни оның қашанда цитата
екенін көрсетіп кетеді. Мәтінаралық байланыстар теориясында эпиграфтар
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
29
«бөгде сөз» (М.М. Бахтин), «интертекст» (Ю.
Кристева, И. Смирнов),
«прецедентті мәтін» (Ю. Караулов), «интекст» (Х. Тороп), «мәтін ішіндегі
мәтін» (Ю. Лотман) деп түсініледі. Қалай болғанда да, эпиграфтар цитата
түрінде еш өзгеріссіз көптеген шығармаларға енгізілетіні ақиқат.
Ал эпиграфтардың көлемі, типі, саны, ондағы ақпардың түрі, алынған
дереккөзі әр алуан болғанмен, олар мәтін түзуге,
семантикасын ашуға,
түсінуге, қабылдауға, интерпретациялауға тікелей әсер етеді. Басқаша
айтқанда, эпиграф мәтінді интерпретациялау бағытын көрсетеді, яғни оқырман
эпирафты оқыған бетте мәтіннің жалпы дамуы, ондағы мазмұндық-астарлы,
мазмұндық-концептуалды ақпар туралы белгілі бір пікірге келеді. Мәселен, А.
Сүлейменовтің «Ситуация» повесіне эпиграф ретінде Грэм Гриннің әңгімесінен
алынған сентенция қолданылса, Т. Әбдіковтің «Парасат майданы»
шығармасына екі эпиграф берілген, бірі – Гамлеттің монологінен үзінді, ал
екіншісі – авторлық афоризм. Поэзиялық туындыларға алынған эпиграфтар әрі
өлең, әрі қара сөз түрінде болуы мүмкін. Г. Салықбайдың «Шайхы»
өлеңдер
циклына берілген екі эпиграфтың бірі қаламгер сөз арнап отырған Ахмет
Иассауидің өзінікі, ал М. Мақатаевтың атақты «Бақыт деген» өлеңінің
эпиграфына баласының сөзі жұмсалған:
«Мұғалима бізге бақыт туралы
Достарыңызбен бөлісу: