24
толықтыру, жалғастыру); 5) тілдік-мәдени құзіретін таныту; 6) оқырманның
мәтінді автор интенциясына сай интерпретациялауына бағыт беру.
Интертекстердің өздерін де бірнеше тұрғыда қарастыруға болады:
интертекске негіз болған претекстер - прецедентті құбылыстар – прецедентті
атаулар,
прецедентті айтылымдар, прецедентті жағдайлар, прецедентті
мәтіндер: күшті және әлсіз әдеби мәтіндер; күшті
әдеби емес мәтіндер;
автопретекстер; интертекстердің көріну деңгейі – морфонологиялық,
лексикалық,
синтаксистік,
құрылымдық
деңгейлердегі
цитация;
интертекстердің
мәтінде
маркерленуі
(лексикалық,
пунктуациялық,
графикалық маркерлер).
Көркем мәтіннің вербалды құрылымындағы интертекстердің және
олардың претекстерінің толық немесе үстірт таныс екеніне байланысты
оқырманның
қабылдап, түсінуіне орай интертекстерді автор интенциясына
сәйкес түсінілетін, жартылай түсінікті және мүлде түсініксіз деп топтастыруға
болады. Интертекстер мәтін авторы мен оқырманның аялық білімінің
ортақтығы, шамаластығы себепті толық түсінілсе, түрлі объективті, субъективті
жағдайларға, әлеуметтену үдерісіне сәйкес оқырманның когнитивтік
базасының басқаша қалыптасуына байланысты толық түсінілмей не мүлде
ешқандай резонанс туғызбайтындай да жағдай кездеседі. Мәселен, К.
Құныпияұлының мына өлең шумағындағы аллюзия
кейінгі өсіп келе жатқан
оқырмандар үшін мүлде танылмай кетуі мүмкін, өйткені қазіргі білім
стандартында бұл оқиға жөнінде мардымды ақпар жоқ:
Ей, Алматы…
Асқаныңды қайтейін, тасқаныңды,
Қара түтін құрсап тұр аспаныңды.
Ей, Алматы, қайтейін….
Достарыңызбен бөлісу: