35
Тарқаған жоқ мың заманғы тарихта
Қайран жырдың қанға бөккен уы әлі.
Сан соғыста қансырасын ол мейлі,-
Найза, қылыш, оқтан өлең өлмейді.
Өлең шіркін шөбересін, шөпшегін
Ұрпақтардың уызына бөлмейді.
Осы мысалдағы қарамен кӛрсетілген үш сӛйлемнің
нақылдық сипаты бар,
олардың әрқайсысын мәнмәтінмен байланысты да, мәнмәтіннен тыс та
қарастыруға
келе береді, яғни бұлардан түрлі пікір туғызып, оны ұзақ
пайымдауға айналдыруға немесе ӛлеңнің
қадір-қасиеті, мән-маңызы, ақындық
кредо туралы үлкен ғылыми, публицистикалық еңбектің қорытындысы ретінде
қолдануға болады.
Мұндай қысқа, ӛткір, кӛркем түзілген сентенциялар
поэзияда жиірек кездеседі. Мәселен, ақындық идиостилі, қолтаңбасы әр түрлі
қаламгерлердің осындай сӛзқолданыстарын атап кетейік:
«Ақыл менен парасат бұғынады,
Шынайы шын сезімге кезіккенде» (М.Мақатаев);
«Адамда да құпия күштер қанша
Өсіретін бір-бірін, өшіретін!» (Ф.Оңғарсынова);
«Жарасады жалыны бар өлеңге
Жақсылардың ғұмырындай қысқалық» (Ж. Нәжімеденов);
«Кездесуді аңсамаған адамдар
Өмір бақи бірін-бірі алдайды» (К. Салықов);
«Арманы үлкен адамның
Өзі де үлкен әрқашан» (Қадыр Мырза Әли).
Бұл сентенцияларда
жалпыға ортақ қорытынды, түйін болғанмен,
олардың ӛлең мәтініндегі орны (локализациясы) әр түрлі. Қамтыған тақырып
аясының
кеңдігіне орай, келтірілген сентенциялардың мазмұны да әр алуан
(айта кетейік, орыс тілінде шыққан афоризм жинақтары осындай принциппен
құрастырылыпты). Енді сентенциялардың
құрылымдық ерекшеліктеріне
кідірейік.
Сентенциялар кӛбіне екі бӛлімнен тұрып, антитезаға негізделеді,
параллельге құрылады. Мысалы
: «Қуаныш ауыр мінезді жеңілдетеді, қайғы
Достарыңызбен бөлісу: