Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі


Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін



Pdf көрінісі
бет14/118
Дата30.01.2023
өлшемі2,63 Mb.
#63682
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   118
Байланысты:
Әділова. Көркем мәтін. Цитация

Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін. 
«Жаздым үлгі жастарға бермек үшін» 
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін (М. Мақатаев).
Ақын осы шумақта Абайдың өлең жолдарының бірін еш өзгеріссіз беріп, 
тырнақша арқылы оның цитата екенін көрсетсе, екіншісін автор поэзияның 
талаптары бойынша ырғақ, буын сәйкестігі үшін өзгерткен. 
2) Автордың немесе лирикалық субъектінің өзі идеал тұтқан объектіні 
бағалауы үшін қолданылады: 
Қараулықтың қапаста қаңғыр үні
Мен де ән салам. Сан адам салды мұны. 
«Жаза алмайтын өлеңді ермек үшін» 
Жақсылардың болайын жаңғырығы (Г.Салықбай). 
Бұл мысалда Абай сөзі анық танылса да, оны қолданып отырған ақын тек 
оны ғана емес, басқаларды да есте ұстап отыр деп түсіну керек. 
3) Автор өзі суреттеп отырған жағдайдың таңбасы ретінде қолданады, яғни 
Абайдың бір ғана жолы арқылы қазіргі қазақ қоғамындағы жершілдік, 
жікшілдік, 
рушылдық 
сияқты 
кертартпа 
қарекеттерді 
ұстанушы 
көсемсымақтардың жиынтық бейнесін танытады:
Дүрбелеңнен сыр тартсам дерек шығар, 
Тарихымның тор көзі елеп шығар. 
Бас-басына би болған қиқымдарға
Құнанбайдай бір кие керек шығар (Ғ. Жайлыбай). 
Әрине, көркем мәтіндегі цитацияның түрі, қызметі, ерекшеліктері тек 
бұлармен ғана шектеліп қалмайды. Алайда, осы мысалдардан көрініп 
тұрғанындай, цитация немесе цитата сөз негізінде басқа бір шығарманың 
үзіндісі, атауы, кейіпкерінің есімі жатады. Ол үзінді сөз, сөз тіркесі, сөйлем, 
ырғақ, құрылым деңгейінде болуы мүмкін. Ал цитатаның нақты дәл болуы, 
авторы көрсетілуі міндетті емес. Басқа бір мәтіннен алынған цитата кейде 
графикалық тұрғыдан ерекшеленсе, яғни тырнақшамен немесе курсивпен, қара 
әріптермен ажыратылса, кейде ешқандай маркерсіз беріледі. Цитация арқылы 
қаламгер тілдік қауымдастықтың қатардағы мүшесіне жақсы таныс көркем 
шығармаларды еске түсіреді, яғни цитата алынатын көркем мәтін қалың 
көпшілікке белгілі болуы тиіс, сонда оқырман екі шығарма арасында байланыс 
жасай алады. Мәселен, М. Мақатаевтың мына өлең жолдарындағы цитация 
антропоним, яғни сөз деңгейінде
 Антейміз біздер, 
Жеріміз біздің халық-ты. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


31 
Халықсыз біздің Антейлігіміз қауыпты. 
...Жұртына тастап кетпесе болды көшкенде, 
Берендері үшін қорғасын құйған қалыпты. 
Көне мифологиядан күштілік, қажырлылықтың бейнесі болып саналатын 
есім арқылы ақын жалпы қаламгерлердің ел, халық алдындағы парызын, 
жауапкершілігінің ауырлығын өте ауқымды әрі жинақы көрсеткен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет