Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі



Pdf көрінісі
бет22/118
Дата30.01.2023
өлшемі2,63 Mb.
#63682
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   118
Байланысты:
Әділова. Көркем мәтін. Цитация

Жалғыздықтың жиырмасыншы
жүз жылын (С.Сағынтай). 
Енді аллюзия элементі ұшырасатын шығармаларды қарастырып кӛрелік:
Көрмесең мейлің, 
Көзіңе сенің ұрынбан. 
Ұрынбан, бірақ бұғынбан! 
Есіңде болсын! 
Құлагері Серінің 
Сөреге жетпей жығылған... 
М. Мақатаев бәрімізге белгілі тарихи фактіні өз өлеңінің қорытындысында 
пайдаланады, яғни өзін Құлагерге теңеу арқылы қайшылыққа толы өміріндегі 
қиындықтарды, өзін мойындамай, танымай жүрген қатарластарына 
наразылығын меңзейді. 
Ал: Ақ боз атқа ор болған – жала-керме, 
Магаданға мола іздеп бара берме. 
Сәкен деген халқымның рухы ғой 
Рухтарды көмбейді қара жерге! 
 
Аққулардың арман бар ұясында, 
Ор, Абаның, зарлы үн бар қиясында. 
Маңдайына сыймап ең алты алаштың, 
Алты шумақ өлеңге сыясың ба?
- деген Ғ.Жайлыбаевтың «Магаданға мола іздеп бара берме» жолы 
еліміздің аяулы ұлына қатысты деректі анықтау үшін жасақталған 
экспедицияның мақсатын еске түсіреді, мола сөзін осы соңғы жолдағы рух 
лексемасымен контраста алған ақын Сәкен тұлғасының даралығын көрсетеді. 
Жалпы, аллюзияға негіз болған Сәкен өміріне қатысты бұл деректің өзі Ә. 
Тәжібаевтің мына жолдарына жауап десе де болады: 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


42 
Мен бір минут ойламағам 
Қиянатқа көнем деп.
Туған жұрттың ортасында 
Қорлықпен өлем деп... 
Кімге обалым, айтсаңдаршы,
Қаным қайда төгілген?
«Ат» деген кім? Атқан қайсың? 
Қабірім қайда көмілген? 
Бұл шығармалардағы аллюзияларды қаламгермен замандас, әдебиет, 
мәдениетке жақын немесе қоғам өмірінде болып жатқан түрлі өзгерістерге 
назар аударып отыратын оқырман бірден таныса, аялық білімі таяз, тілдік 
құзіреті төмен оқырмандар түсінбеуі, сол себепті қабылдамауы мүмкін. Бұл – 
мәдени деректердің ұлттық, әлеуметтік, конфессионалдық мән-маңызы, уақыт 
– дерек пен оны вербалдаған аллюзия жазылған мерзімнің алыс-жақындығы 
және мәтіннің оқырманға жету ұзақтығы, қоғамда уағыздалып отырған 
идеология, оқырманның білім аясы сияқты түрлі объективті және субъективті 
себептерге байланысты туындының автордан оқырманға жеткенге дейін 
жоғалтатын әсер-қуаты, алайда ол толық жоғалып кетпейді. Белгілі бір уақытта 
белгілі бір оқырман қабылдауында аллюзиялардың танылу әлеуеті 
өзектенбесе, екінші бір оқырман қанша уақыт өтсе де, олардың 
ақпараттылығын, астарлы ой түзетін мүмкіндігін танып, бағалайды, 
қабылдайды, тұтас мәтін семантикасымен байланыстырып, өзіндік ой түзуге 
пайдаланады:
Қабағыңнан күндердің діріл көрем,
Діріл көрем, жүректі тілімдетем. 
Тірілсе ақын тірілер өлең болып,
Ақша болып ақындар тірілмеген (Ғ. Жайлыбай). 
Соңғы мысалда тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ұлттық теңгелерде ел 
тарихы, мәдениетіндегі ұлы тұлғалардың бейнеленуіне халық пікірінің 
екіұдайылығы байқалады. 
М. Мақатаев аллюзиясы оқырмандардың барлық буынына таныс болуы 
мүмкін, өйткені ол дерек орта білім беретін мектеп бағдарламасына кіреді. Ал 
кейінгі екі мысалдағы аллюзияны қабылдап, түсіну оқырмандардың қазіргі 
буынына қиындау тиюі ықтимал. Себебі екі мәдени дерек те өз кездерінде ел 
назарын аударғанмен, бірте-бірте ақпарат кеңістігінен ығыстырылып қалғаны 
айқын. Тіпті бір ғана адамның бейнесі бар ақшаларға үйренген, одан кейін 
Қазақстанның осы заманғы даму үдерісінің символына айналған суреттерге 
(Бәйтерек, әдемі ғимарат) дағдыланған адамдар бір кездері көптеген 
банкноталарда ұлт қайраткерлерінің суреті болғанын ұмытып та қалғаны рас. 
Мына мысалдағы аллюзия туралы да осыны айтуға болады: 
Шартараптарға шашатын кейін даңқы нұр, 
(Шарапатың мені де келіп шарпығыр). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет