Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі


желтая пресса – сары немесе саржағал басылым



Pdf көрінісі
бет30/118
Дата30.01.2023
өлшемі2,63 Mb.
#63682
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   118
Байланысты:
Әділова. Көркем мәтін. Цитация

желтая пресса – сары немесе саржағал басылым аталып кеткен. 
Темір қорғанның бер жағында қалған Кеңестер Одағының газеттері өткен 
ғасырдың 90-жылдарының басына дейін мұндай еркіндіктерден ада болды. 
Қайта құру кезеңінде көптеп пайда бола бастаған жаңа басылымдар сөз 
бостандығын, еркіндікті, демократиялық көзқарасты желеу етіп, өз мазмұнын 
өзгертуге кірісті. Қоғамдағы өзгерістерге, жаңа заман талабына, халықтың 
сұранысына сай, барлық әлеуметтік ерекшеліктерді дереу көрсетіп отыратын 
газеттің лексика-фразеологиялық жүйесі қасаң ресмиліктен арылып, өзінің 
ағартушылық, гедоникалық қызметтерін жандандыру нәтижесінде бірталай 
өзгерістерге ұшырады. Қазақ газеттерінде мұндай үрдіс те, үдеріс те 90-
жылдардың ортасына дейін байқалмады десе де болады.
Оқырмандарды өзіне тарту мақсатымен газет материалдарын берудің түрлі 
формалары іздестіріліп, солардың көбі сәтті түрде кірігіп те жатты. Бүкіл қазақ 
қоғамын ойландырып отырған ұлттық тіл, діл, болмыс мәселелерін қозғау 
арқылы өзіне оқырмандарды ең көп тартқан газеттердің бірі Жас Алаш болды. 
Әділін айту керек, Жас Алаш газетінің ұжымы ізденіс нәтижесінде өз 
мазмұнына сай форматын өзгертіп, әр қилы тақырыптағы бірнеше қосыша 
шығару арқылы таралымын күрт көбейтті де, оқырмандар іздеп жүріп оқитын 
басылымға айналды. Оқырман мен басылым арасындағы екі жақты қарқынды 
диалог, газет қамтыған материалдардың жеделдігі, жаңалығы, сонылығы, 
көкейтестілігі, өзектілігі журналистердің еркін көзқарасы мен өткір тілі және 
тәуелсіздігіне қосылып, газеттің лексика-фразеологиялық жүйесінде әдеби 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


54 
тілдің барлық тармақтарының нормаларымен қатар, ауызекі сөйлеу тілінің
элементтерін де кеңінен қолдануға мүмкіндік берді. Бұл орайда зерттеуші М.Ш. 
Жұмағұлова: «Алайда соңғы жылдары бұқаралық ақпарат құралдарының 
мемлекеттік 
цензурадан 
босауы, 
қоғамдық 
цензураның 
әлсіреуі, 
«демократияға» бетбұрыс деген желеудің күшеюі газет бағаналарында сөздің 
табулық формасының, тіпті дисфемистік формасының (қара басып, очкарик, 
қатырады-ай т.б.) көбеюіне жол ашты. Мұндай негативті құбылыс, әсіресе 
«Жас Алаш» пен «Түркістан» газеттерінен жиірек байқалып қалады» [87] деп 
көрсеткенмен, біз өз тарапымыздан «Жас Алаш» газетінің журналистері мұндай 
элементтерді саналы түрде пайдаланған дегіміз келеді. Оның тағы бір дәлелі – 
осы газеттегі Гу-Гу айдары.
Өткен ғасырдың 90-жылдарының аяғында «Жас Алаш» тұрмыстық 
коммуникацияда өте жиі көрінетін, бірақ тілдік репрезентациясы назардан тыс 
қалып жүрген бір құбылысты (феноменді) өз мақсатына, яғни газет таралымын 
көбейту үшін пайдаланғаны байқалады. Гу-Гу айдарымен ел арасына тарап 
кеткен қауесет, лақап, алыпқашпа, ұзынқұлақ жарияланып тұрды. Бұл айдар 
газет бетінде 1998 жылдан 2001 жылдың ортасына дейін үзілмей беріліп 
келгеніне назар аударсақ, қауесеттің қаншалықты өміршең, қаншалықты көп 
екендігіне, қаншалықты тез, көп тарайтынына көз жеткізуге болады. Осы 
айдармен берілген қауесет елімізде болатын немесе болған түрлі әлеуметтік, 
мәдени, саяси өзгерістерге, аты аталмаған, алайда іс-әрекеттері арқылы таныла 
алатын жоғары лауазымды адамдардың күнделікті тіршілігіндегі, қызметіндегі 
іс-әрекеттері мен мінез-құлықтары, сөйлеген сөздері мен жеке бастары 
мүддесіне қатысты болатындықтан, мемлекетімізде қоғамдық пікір туғызып, 
моральдік-этикалық хал-ахуалға тікелей әсер етеді. Қатардағы қарапайым 
оқырман оған ерекше қызығушылық білдіреді, өйткені сол арқылы өзі сол 
үлкен саясат пен үлкен билік тізгінін ұстаған адамдармен, шоу-бизнес 
өкілдерімен қатар жүргендей, олармен тең дәрежедегідей сезімде (иллюзияда) 
болады. Жарияланған қауесеттер қоғамдық өмірдің бар саласына қатысты 
болып келеді. Мысалы: «Елбасы сынынан дереу қорытынды шығарған бір 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет