65
дәлелдейді. Алайда ақынның таланты, шығармалары оның көзі тірі кезінде
әріптестері тарапынан да, ресми билік тарапынан да мойындалмағаны,
бағаланбағаны ақиқат. Оның дәлелі – мүшелігінен
шығарып жіберген ҚССР
Жазушылар одағына ол қайтыс болғанда асығыс түрде қайта қабылдау. Ал
қарапайым оқырман мен қаламгерлердің кейінгі буыны, керісінше, оның әрбір
сөзін құндап, өлеңдерін ауызекі сөйлеуде цитата, поэзиялық шығармаларында
претекст ретінде пайдаланып, халық арасында кеңінен таралуға ықпал етті.
Ақынның өз өлеңдерінде де интертекстуалды элементтердің түрлі типтері
кездеседі. Лексикалық, синтаксистік деңгейдегі
бұл мәтінаралық байланыстар
аллюзиялық сипатта келіп, түрлі троп ретінде қызмет етеді. Ал біз келтіріп
отырған «Теңізге бір барамын» өлеңін синкретті интертекстуалдылықтың
айқын көрінісі деп санауға болады.
М. Мақатаевтың барлық жинақтарына кірген бұл өлең ақынның күрделі
табиғатын, тебіреніс-толғанысқа толы жан-дүниесін көрсетеді. Біздің
ойымызша, өлеңнің атауы аллюзивті. Кеңес
өкіметі тұсында одақтас
республикалардың шығармашыл зиялы қауымы әр алуан ынталандыру
шараларымен мадақталып отырды, оның ішінде түрлі круиздар, курорттар,
сауықтыру орындарына жолдамалар берілетін еді. Бұлардың арасында, әсіресе,
Қара
теңізге бару ерекше беделдің, шығармашылық мойындалудың белгісі
болып есептелді. Мұндай ынталандыру ресми өкіметпен стандартты байланыс
орнатқан қаламгерлерге ғана ұсынылатындықтан, М. Мақатаевтың ондай
құрметке ие болу мүмкіндігі де жоқ болатын. Ол ешқандай ортаға
жатпайтындықтан, имплицитті болса да ресми биліктің мұндай мойындалуына
жете алмады. Қаламгер ретінде Қара теңізге
демалысқа жолдама беру әр
адамның талантын ресми өкіметтің жанама болса да тануы, мойындауы деп
есептелген жағдайда Мұқағали ақын үнемі назардан тыс қалып қойып жатты.
Қарапайым халықтың зор сүйіспеншілігіне қарамастан, ресми өкімет
өкілдерінің
бейжай көзқарасы, тіпті көзге ілмеуі оның наразылығын,
қарсылығын тудырғаны ақиқат. Сондықтан да өлең атауында өз талантын
танытуға, мойындатуға ұмтылыс жатыр деп есептеуге болады.
Бес шумақтан тұратын өлең эмоционалды-экспрессивті сипаты әр түрлі
лексиканың семантикалық ортақтығына негізделген. Лирикалық кейіпкердің
әлемі іштей суреттеліп,
оның іс-әрекеті, сезімі, ойы келер шақпен, онда да
қалау, тиістілік модусімен беріледі. Бұл әр түрлі уақытты түйістіретін
етістіктерден көрінеді:
көргем жоқ, барамын, жүрмеп едім, көремін, барып
Достарыңызбен бөлісу: