Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі


құйқылжыта тербей жөнелді. Басынан емес, екінші тармақтан да емес



Pdf көрінісі
бет41/118
Дата30.01.2023
өлшемі2,63 Mb.
#63682
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   118
құйқылжыта тербей жөнелді. Басынан емес, екінші тармақтан да емес, 
алғашқы тармақтың орта шенінен, ұстазы жаңа кілт үзген жерден іліп 
әкеткен. Құйрығы суылдап еміне сілтеп барады. Еті қызып, әбден бабына 
түскен қалмақ жорғасына алыстан бұлдырап, қарақшы басындағы жұрт 
көрінген сәтте Тоқсаба күйдің екінші бөліміне – қазақ жорғасына оралды. 
Мұнда алғашқы күйдей кемерінен асқан, күшін қайда қоярға білмеген, 
нысаналы межеге қалайда тез жетуге аптыққан қызу қуат жоқ, 
таусылмас қажыр, қайтпас серпін бар, сабыр мен салтанат бірдей. Міне, 
шайқала төгілтіп, екпін үстіне екпін қосқан қалыпты ұмтылыспен, әуелде 
өзінен шығандай озған бәсекелесіне жетті. Қос тарлан үзеңгі қағысты. 
Тайпалған би енді дүбірге жақын ырғасқа ауысты. Төрт аяқты тең басқан 
әсем қимыл енді сұлулығынан айдыны басым арпалысқа көшкен. Кейде 
құйрық тістесе озысып, кейде қанжығаласа тайталасқан екі жорғаның аяқ 
алысына қос ішекті бір домбыра емес, ондаған домбыра, қызғалдақ көмген 
жасыл жон, алыстан үңіле күңіренген тау – тегіс үн қосқандай. Кенет 
үстіңгі ішек тосын күш алғандай, бөлек үн тапты. Тұңғиықтан тартылған 
қоңыр саз оқшаулана, күшейе берді де, оқыс аударылып түсіп, қос ішек, он 
төрт пернені түгел жапты. Бұл – қарақшыға жақындағанда суырылып 
алға шыққан қазақтың қара жорғасы еді. 
Ұстазына осы сәтте ғана көзі түскен. Түнере төмен қарап отыр екен. 
Бұршақтай төгілген жас сай-сай әжімдерді қуалай, бетін жуып кеткен» 
(М. Мағауин). Автор өз баяндауы мен күйден өзі түсініп, қабылдаған әсерді 
бір-бірімен астастырып, қабыстырып, бірнеше көркемдік мақсатын орындайды. 
Күй семантикасын вербалдау арқылы жазушы өзінің эстетикалық-рухани 
эрудициясын, ұлттық менталитетін танытады. Вербалданған семантиканың 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


68 
әсер-қуаты сонша, күйге арқау болған қазақ жорғасы, күйшінің хас шеберлігі, 
ішкі эмоционалдық жағдайы және Қызай домбырашының жан толқыныстары 
жанды суретше оқырман көз алдынан өтіп, күй құдіретіне де, тіл құдіретіне де 
бас игізеді. Тұтас роман құрылымында бұл вербалданған күй семантикасы 
проспекция десе де болады, өйткені Тоқсаба мен Айтан, Тоқсаба мен Бекжан 
сияқты 
шығармашыл 
тұлғалар 
арасындағы 
бастапқы 
пендешілік 
бәсекелестіктен өнер адамдарының кейінгі шынайы ықылас-құрметіне дейінгі 
арақатынасты астарлап көрсетеді. 
Жалпы, М. Мағауиннің «Көкбалақ» романында бірнеше күй семантикасы 
сөзбен көрініс тапқан. Олар арқылы қаламгер өз шығармасының мазмұндық-
астарлы ақпарын, мазмұндық-концептуалды ақпарын түзеді. Ал оларды танып, 
түйсіну, қабылдау оқырманның аялық біліміне тығыз байланысты. 
Жоғарыдағы мысалда тұтас күй семантикасы вербалданса, келесі көркем 
мәтіндегі синкретті интертекстуалдылық басқаша көрінеді.
Ж. Жақыпбаевтың «Көзбен жалғыз күй шертер» өлеңі анаға арналған. 
Ақын өз өлеңінің семантикасы мен Құрманғазы күйінің арасында байланыс 
барын имплицитті түрде аллюзия және күй лексикалық индикаторы арқылы 
көрсетеді. Өлеңнің бар мағынасын жүктеп тұрған ұйытқы сөздерді 
тырнақшамен ажыратып, оның бөгде сөз екенін танытады. Ал өз кезегінде бұл 
бөгде сөз-артоним - музыкалық туындының вербалданған үзіндісі: 
Ойынды қойып, ойбайлап жылап бар бала, 
Қатындар қарғап, қарайып кетті сар дала. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет