Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі


басты. Көзіңді аш, өткізбей қараңғыда



Pdf көрінісі
бет58/118
Дата30.01.2023
өлшемі2,63 Mb.
#63682
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   118
басты. Көзіңді аш, өткізбей қараңғыда тіркестері қазақтың байырғы тұрмыс-
тіршілігіне тән емес іс-әрекеттер атауларын болымсыз түрге қою арқылы 
актуалданады. Пародияда претекст лексикасы парадигматикалық қатынастар 
негізінде көрінеді, яғни тура номинативті сөздердің астарында жасырын түрдегі 
мағына – жауап жатыр. Автор претекст семантикасын идеал деп 
есептегендіктен, оның оқырмандар назарын бірден аударатынына сенімді. 
Пародияның модальділігі бір қалыпты емес: алғашқы үш шумақта ащы шенеу 
болса, соңғы төрт жолда өкініш, аяныш сияқты сезім басым. Бұлайша белгілі 
бір шығарманың сыртқы пішімделуін пайдалана отырып, оған қарама-қарсы 
семантика түзетін пародиялық туындыны перифраз деп атайды.
Қазіргі қазақ филология ғылымында «перифраз» термині бір ғана 
мағынада – стилистикалық тәсіл, яғни көркем троптың бір түрі деп 
қолданылып жүргені байқалады [54; 83; 66]. Перифраз белгілі бір ұғымды 
көбіне сөз тіркесі деңгейінде (Ы. Алтынсарин – дала қоңырауы; И. Сталин – тау 
қыраны) басқаша сипаттау деп түсініліп, оның мәтін деңгейінде, негізінен
контраст семантикамен кездесуі және олардың мәтінаралық байланыстар 
нысаны екені назардан тыс қалып келеді. «Тіл білімінің сөздігінде» перифраза 
мен парафраза бара-бар деп көрсетіледі. Біздің ойымызша, бұл терминдердің 
ара-жігі ажыратылуы керек. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


83 
Перифраз терминінің мәтін деңгейін қамтитын тағы бір мағынасы бар 
екені және ол мәтінаралық байланыстар теориясы үшін аса маңызды екені 
ескеріліп жүрген жоқ. А. Квятковскийдің сөздігінде бұл терминнің мынадай 
анықтамасы беріледі: «Жазушының белгілі шығарма формасын пайдалануы, 
бірақ онда айрықша қарама-қарсы, көбінесе сатиралық мазмұн беріліп, 
түпнұсқаның синтаксистік құрылысы мен шумақ саны, кейде тіпті жекелеген 
лексикалық құрылымы да қатар сақталады» [79, 209]. 
Ал екінші (туынды) мәтіндер арасында перифраз – «суреттеу нысаны 
шындық болмыс болып табылатын туынды мәтін: оның формасы перифраздың 
авторы оң қарайтын, кеңінен белгілі қандай да бір шығарманың стиль 
ерекшеліктерін жаңғыртып, қайталап туындатады: автордың бағасы болмыстың 
суреттеліп отырған қырларына бағытталады, ал «өзгенің стилін» қолдану 
форма мен мазмұнның сәйкес келмеуі есебінен комизм тудыру мақсатын 
көздейді» [106, 88] деген анықтаманы байқауға болады. Мұндай перифраздар 
қазақ әдебиетінде жиі кездеседі. 
Оқырмандардың ұлттық когнитивтік кеңістігінде ерекше орын алатын 
пародияның бірі – Абайдың «Интернатта оқып жүр» өлеңі. Осы өлеңнің бірінші 
жартысының буын, бунақ өлшемі мен ұйқасын бірден еске түсіретін «Англияда 
оқып жүр» перифразында автор Абай өлеңінің сатиралық семантикасын сақтай 
отырып, өзі куә болып отырған дәуір шындығын көрсетеді. Перифразда 
лингвистикалық және әлеуметтік-тарихи вертикал контекст ұштаса келіп, 
сатиралық семантика түзген, яғни объектінің әлеуметтік жағдайы, өскен 
ортасы, алған тәрбиесі, білімі, тәртібі туралы ақпар әрі эксплицитті, әрі 
имплицитті берілген. Бұл шығарманың концептуалды-мазмұндық ақпарын 
түзуде қаламгер Абай өлеңінің контексіне сүйенген, претекстің лексикалық 
құрылымы перифраздың сатиралық мәнін өзектендіретін бірден-бір контекст: 
АНГЛИЯДА ОҚЫП ЖҮР 
Англияда оқып жүр, 
«Дөкей» көкем баласы. 
Новый қазақ, бундурхит,
Ана тілдің шаласы. 
«Балам бәрін білді» - деп 
Секеңдейді анасы. 
Басында жоқ олардың
Историяның саласы. 
«Дача», «Вилла» дәруі 
Салсам деген таласы. 
«Заявление» жазуға 
Ұрысса келер шамасы... 
Жігерсізге не керек,
Тек «доллар» ғой шарасы. 
Жуып, кием демейді
Кірленсе көйлек жағасы. 
...Болмаса ісі «қулықсыз» 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


84 
Ілінбес қыздың сарасы. 
Сол «мистерді» азсынса, 
Қашса, кейін қашқынша,
«Кім кінәлі?» - қарашы. 
«Көкем» дұрыс айтпайды, 
Шаша бер деп олжаңды. 
Ойнағаны «казино», 
Кім құтқарар ол жанды? 
Жасаса да болжамды, 
Бұл «азартқа» кім тартты? 
Я, ағылшын баласы, 
Я, немістің данасы?!. 
Миында жоқ бірінің
Ақыны мен термеші... 
«Я кемірсем, я жесем 
Қоям» деген бір-ақ ой, 
Ісінің жоқ мазасы. 
«Поняткасы» кімнің бар болса, 
Түсінер бәлкім санасы, 
«Скажите» болсаңыз 
«Конкретный» 
Қандай болар бағасы? (Е. Сапаров)
Атауының өзі осы перифразда тілдің түрлі деңгейіндегі цитаталардың бар 
екенін көрсетеді, сол себептен әр қилы ассоциациялар тудыруға, болжам 
жасауға, интерпретациялауға негіз бола алады. Эмоционалды мәні жағымсыз 
лексика, қазіргі қазақ қоғамына тән жаргондар (дөкей, көкем, новый қазақ, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет