қалғанымда ішінен құрт-құмырсқа, бақа-шаян, жылан-кесіртке ақтарыла түсті... Бірақ бұлар менен қашпады, бәрі быжынай келіп, атымның сауырына, жалына жабыса бастады.Шошынғанымнан айғайлап жіберіп, оянып кеттім. Жоруын айтшы осы түсімнің, жырауым», - депті Абылай хан. Сонда Бұқар жырау былай деп жорыған екен: «Жалынқұйрыққа мінгенің – хан тағына мінгенің. Ал алдыңнан арыстан қашса, сенен арыстандай айбарлы ұл туады екен. Одан туған бала да жолбарыстай қайратты, жүректі болады екен. Жолбарыстан туған шөберең де көкжал қасқырдай жүректі жаратылады екен. Ал көкжал қасқырдың баласы, төртінші ұрпағың, қызыл түлкідей заманына қарай қу, тәсілқой келеді екен. Ал қызыл түлкіден әрі қарай тараған тұқымың құрт- құмырсқа, бақа-шаян, жылан-кесіртке секілденіп, уақтанып кетеді екен», - депті (І. Есенберлин). Дәл осы түс XVIII ғасыр тарихынан жазылған ғылыми-көркем
трилогияның Бұқар жырауға арналған І кітабында былайша вербалданады,
мұнда сөйлеу субъектісі екі рет өзгертілген:
« - Мен жақында түс көрдім, - деді Абылай жырауға қарап. Егер Сәуе көрмеймін десең сол түсімді жорып бер. – Не көрдің, айта ғой, – деді жырау да, бойы бір жеңілдеп қалғандай, ауыр сезімдер ықпалы сәл босаңсығандай. Сонда хан айтты: - Түсімде бір жолбарыс келіп шатырымның алдына мойнын созып, шөгіп жатып алды. Бұл не қылғаны деп, жанына жақындап едім, әлгі жолбарысым аю болып кетті. Аюға жақындасам, ол қасқырдай ырылдап ит-құсқа айналып, енді ит-құсқа қарасам, ол түлкі боп шыға келді. Осыдан кейін түлкінің орнына қарсақ, қоян, бақа-шаян, әйтеуір неше түрлі жәндік толып кетті. Осы болды көргенім. ... Кәрі жырау Абылайға сынай қарады, түсте не шешім бар екенін өзі біледі ме, сезетін сияқты. Әйтпесе, дәл осы түсін айтпас еді. «Тәуекел түбі – жел қайық» деп кетіп бара жатқанға ұқсайды. - Хан ием, - деді жырау, - шатырыңның алдында жолбарыс болып