89
Үн үзіліп, жыр жоғалып, ми қурап
Жатыр, жатыр қанша маңғаз Мағжандар!
Әкем жатыр, атам жатыр, нағашым...
Енді қалай қайта қазып аласың!
Қарғамаса,
сілемесе болды ғой,
Сол тар кездің қол көтергіш баласын.
«Мәңгі-бақи жаса, жаса, Қолбасшы!»
Өлеңімнің сөзі еді бұл алғашқы,
Білмеппін ғой әр сөзіме бірақ та
Сұмдық іздеп сұқтанарын албасты.
Сұм мен сұмдық... Көрдім
қилы қиынын,
Сондықтан да жүрдім солғын, бұйығы.
Қорықтым да қоқан-лоқы қоқидан,
Ұрандарға Құран-жырдай ұйыдым.
Жасымда мен солай жырлай бастағам,
Ұрлағам жоқ, көшіргем жоқ басқадан.
Ұлтым жайлы бірақ бір
сөз айтпаған
Бұл қазақта бар ма мендей қасқа адам?!
Өлеңнің алғашқы шумағында бәйіттегі қимыл атауының грамматикалық
категорияларын кезектестіру арқылы мәтін континуумын көрсетеді. Ақын
өміріндегі кеңістік пен уақытты тоғыстыратын
тағдыр мен локальді кеңістік
(ауылым) пен уақытты
(бүгін, әр күнім) сипаттаған әр сөздің эмоционалды-
экспрессивтілігі айқын. Өлең континуумында қазіргі
мен өткен қарама-қарсы
қойылған. Өткенді ақын дейктикалық элементтер (оны, сол кез, солай),
аллюзиялар
(Енді ғана айтуға оны пұрсат бар; Жатыр қанша тарландар
Достарыңызбен бөлісу: