Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі


Герцен қақты екен деп мұрны қисайған Черняев жоқ деді Крейгель»



Pdf көрінісі
бет74/118
Дата30.01.2023
өлшемі2,63 Mb.
#63682
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   118
Байланысты:
Әділова. Көркем мәтін. Цитация

Герцен қақты екен деп мұрны қисайған Черняев жоқ деді Крейгель». Өз 
кейіпкерін сөйлеу субъектісін сатылап өзгертіп, басқа персонаждың сөзі 
арқылы мінездеп, даралауға пайдаланса да, прецедентті атауларды таныту үшін 
автор оқырмандарына жеңілдік жасамайды, яғни оларды не графикалық 
тұрғыда, не пунктуациялық тұрғыда ерекшелемейді. Осы мысалдағы 
антропонимдер мен «Қоңырау» артонимі ХIХ ғасырдағы қазақ, Ресей 
қоғамдары үшін маңызы зор үш бірдей тарихи оқиғадан хабар беретін 
прецедентті атаулар. Себебі Лондонда А.И. Герцен шығарып тұрған «Қоңырау 
(Колокол)» журналында уағыздалатын демократия, ұлттық бостандық, 
халықтар теңдігі ұғымдарын белінен басқан генерал Черняевтің патша үкіметі 
атынан жүргізген отарлау кампаниясы қазақ жерін күшпен басып алудың, 
бағындырудың басы болатын. Бұл интертекстуалды байланыстарды орнату 
үшін оқырмандардың кейінгі буындарына біраз ойлану, анықтама 
материалдарды қарау қажет немесе олар бұл аллюзияларға мүлде көңіл бөлмей 
де өтуі ықтимал. Бұл орайда мына пікірді еске сала кету артық емес: 
«Адресатқа басымдық берген автор әдетте прецедентті мәтінді, прецедентті 
феноменді қолданарда олардағы кодқа салынған ақпараттарды адресаттың аша 
алатынын / аша алмайтынын бажайлап алады. Егер кодқа салынған ақпарат 
оқырман үшін белгісіздеу болуы мүмкін десе, ондағы тасаланған ақпаратты 
ашу үшін автор қосымша деректер беру тәсілін қолданады» [82, 249]. Келесі 
мысал - осының дәлелі: қаламгер өз оқырманының тілдік-мәдени құзіретіне 
сенімді емес, сондықтан бұл прецедентті атаудың қалай пайда болғанын 
түсіндіре кеткенді жөн санайды: «- Әй, сен өзі үркіп тұрсың ғой. Мен қарғыс 
атқан Хиросиманың «Хибакусясы» емеспін. Қорықпа...» (М. Сүндетов). Әрине, 
барлық шығармаларда автор тарапынан мұндай түсініктеме беріле бермейді, 
өйткені олар өз шығармаларын тезаурусы өздерімен шамалас адамдарға 
лайықтайтыны психолингвистикада дәлелденген. Прозалық шығармаларда 
интертекстер авторлық баяндауда да, кейіпкерлер сөзінде де кездеседі. 
Поэзиялық шығармалардағы онимдер өздері контексінен алынған мәтін 
туралы хабар беріп, өзі енгізілген мәтінмен метонимиялық байланыста болуы 
заңды. Мысалы, Г. Салықбай «Шайхы» деп аталатын өлеңдер топтамасына
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


117 
Қожа Ахмет Иассауидің бүкіл жұртшылыққа белгілі шығармасының атауын 
жартылай маркерлеп енгізген: 
Шайхылардың шайдай ашық аспанын, 
Көрер ме едің көрдей мұңның басқанын. 
Шайхылардың шаң баса алмас іздері 
Сөйлетеді «даналықтың дастанын». 
Өлеңнің екінші шумағындағы артоним шайхы бейнесін ассоциативті-
символды түрде көрсетеді, өйткені ол фрагмент арқылы қаламгер де, оқырман 
да Ахмет Иассауидің өмірі мен шығармашылығын біртұтас контекст деп есте 
ұстап отырады. Иассауи контексіне сілтейтін аллюзивті реминисценция 
лексикалық, синтаксистік деңгейде оңай танылады: көрдей мұң, сол себептен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет