Адилбекова Г. О. «Микробиология және вирусология» пәнінен



бет10/80
Дата01.03.2023
өлшемі0,7 Mb.
#70960
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   80
Байланысты:
Àäèëáåêîâà Ã. Î. «Ìèêðîáèîëîãèÿ æ?íå âèðóñîëîãèÿ» ï?í³íåí

Мөлдір нысандар (соның ішінде микробтар) қоршалған ортадан сыну көрсеткіші бойынша ерекшеленеді, сәулені жұтпайды, бірақ оның фазасын өзгертеді. Бұл өзгерістерді көзбен ұстауға болмайды. Фазалы-контрастты микроскопиялау кезінде нысанмен жұтылмаған сәуле, объективтің бір линзасына қойылған фазалық сақиналар арқылы өтеді. Фазалық сақина осылай өткен сәуленің толқын ұзындығын ¼ бөлігіне ығыстырады да оның интенсивтілігін төмендетеді. Нысанмен жұтылмаған сәуленің фазалық сақинадан тура өтуі конденсордың сақиналық диафрагмасымен қамтамасыз етіледі. Препаратта тіптен шамалы шашыранды сәулелер фазалық сақинаға түспейді де фазасының ығысуы болмайды. Нәтижесінде ауытқыған және ауытқымаған сәуле фазаларының айырмашылығы күшейеді де, препарат құрылымының контрастты бейнесін береді. Фазалы-контрастты микроско-пиялауды бактерияларды, саңырауқұлақтарды, қарапайымдыларды, жануар-лар мен өсімдіктердің жасушаларын тірідей зерттеу үшін пайдаланады.


Люминесценттік зерттеу әдісі. Люминесценция дегеніміз – нысан-дармен сіңірілетін сәулелі энергияның көрінетін жарыққа айналу құбылысы. Люминисцентті микроскопиялау үшін арнайы люминисцентті микроскоп-тарды немесе арнайы қондырғы қойылған кәдімгі «биологиялық» микроскоптарды қолданады. Люминесценция ерекше түрі – флуоресценция, жарық энергия салдарынан туындайтын жарық. Кейбір нысандарға ультракүлгін немесе ультракөк сәулелері арқылы әсер еткенде нысандардың өздігінен жарқырау қабілеттілігіне негізделген. Флуорохром немесе бояғыш заттар ретінде қызғылт Сары акридин, корифосфин, аурамин, риванол және акрихин қолданылады. Люминесценттік микроскопиялық зерттеу барысында препараттарды: заттық шыны үстінде зерттелетін тамшы мен бояу ерітіндісін араластырып, жабынды шынымен жабады.
Люминесценттік зерттеу әдісі практикада кеңінен қолданылады. Акридин немесе аурамин бояуларының көмегімен туберкулез таяқшасын анықтайды. Люминесценттік сывороткаларды қолдану барысында жұқпалы ауру қоздырғыштарын анықтауда практикалық маңызы өте үлкен. Люминесценттік зерттеу әдісінің жетістіктері:
1) түрлі-түсті бейнелеу;
2) қараңғыда өздігінен жарқырайтын нысандардың контрастылығы;
3) түсті және түссіз нысандарды зерттеу;
4) жекеленген микробтар мен вирустардың шоғырлануын зерттеу және анықтау.
Микроорганизмдер клеткасының морфологиялық және цитологиялық ерекшеліктерін зерттеуде мироскопиялау әдістері қолданылады. Микроорга-низмдерді микроскоппен бақылау үшін препараттар дайындалады. Микробиологиялық зертханаларда тірі және фикцирленген (қақталған) препараттар дайындалады. Бұл препараттардың айырмашылығы, тірі препаратта микроорганизмдерді тірі күйінде, яғни боямай-ақ қолдануға болады. Ал фиксацияланған препаратта микроорганизмдер заттық шыныға жабысқан, одан соң боялған препарат алынады. Фиксация микробтардың бояу деңгейін арттырады, олар тірі кезінде бояғыштарды нашар қабылдайды Бұл препаратты тұрақты немесе қақталған препарат деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет