Адилбекова Г. О. «Микробиология және вирусология» пәнінен



бет18/80
Дата01.03.2023
өлшемі0,7 Mb.
#70960
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   80
Байланысты:
Àäèëáåêîâà Ã. Î. «Ìèêðîáèîëîãèÿ æ?íå âèðóñîëîãèÿ» ï?í³íåí

Бақылау сұрақтары:
1.Тірі және қақталған препараттардың ерекшелігі.
2. Грам әдісімен бояу
3. Волютин қосындыларын, жіпшелерді бояу үшін қандай әдістерді қолданады.
4.«Залалсыздандыру» және «дезинфекция» туралы түсінік.
Дәріс №5-6
Тақырыбы: Прокариоттардың морфологиялық алуантүрлілігі және дифференциялану типтері
Жоспары:
1Прокариоттық клеткалардың пішіні және мөлшері.
2.Прокариоттардың көбеюі, дамуы.
3.Бактериялардың клеткалық циклдары: мономорфты, диморфты, полиморфты.
4.Спора және оның түзілу процесі.
5.Бактериялардың тыныштық күйдегі клеткаларының негізгі типтері: эндоспоралар, экзоспоралар.
6.Цисталар, гетероцисталар және акинеттер

Микроорганизмдер көне заманнан бері тіршілік етіп келе жатқан жер бетіндегі тірі организмдер өкілі. Олар үш миллиард жыл бұрын пайда болған деген болжамдар бар. Микроорганизмдердің басым көпшілігі бір клеткалы организмдер. Жалпы микроорганизмдерді прокариоттар және эукариоттар деп екіге бөлеміз. Прокариоттарға бактериялар мен цианобактериялар (көк-жасыл балдырлар) жатады. Соның ішінде ең көп тараған өкілі бактерияларды сыртқы пішініне қарай Ф.Кон үш топқа бөлінеді: шар, таяқша және спираль тәрізділер.


Шар тәрізді бактериялар – коккалар (Coccus), диаметрлері 0,5-1,2 мкм аралығында. Коккалардың клетка бөлінудегі жазықтық бағыты және клеткалардың орналасуы бактериялардың туыстарға бөлінуінде системати-калық көрсеткіші болып табылады.
Микрококка тәрізділер (Micrococcus) – клеткалар әртүрлі жазықтықта бөлініп, бір-бірден жекеленіп орналасады.
Диплококка тәрізділер (Diplococcus) – бір жазықтықта бөліну барысын-да түзіліп, клеткалар екеуден орналасады.
Стрептококка тәрізділер (Streptococcus) – клеткалары бір жазықтықта бөліну барысында түзіліп, тізбектеліп орналасады.
Тетракокка тәрізділер (Tetracoccus) – екі перпендикулярлы жазықтықта бөлініп, 4-ден тұратын клеткалар түзеді.
Сарцина – (Sarcina) - үш перпендикулярлы жазықтықта бөлінетін клеткадан түзілген 8-16 клеткалы пакеттер.
Стафилококка тәрізді (Staphylococcus) – клетка әртүрлі жазықтықта бөлініп, ретсіз орналасады.
Шар тәрізіді бактериялармен қатар сопақ (овал) немесе ланцет тәрізді клеткалар (пневмококкалар), кофе дәндеріне ұқсас гонококка, менингоккалар кездеседі. Шар тәрізді бактериялар қимылсыз, жіпшелері жоқ клеткалар, олар спора түзбейді, тек Sporosarcina ureae спора түзеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет