Адилбекова Г. О. «Микробиология және вирусология» пәнінен



бет21/80
Дата01.03.2023
өлшемі0,7 Mb.
#70960
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   80
Байланысты:
Àäèëáåêîâà Ã. Î. «Ìèêðîáèîëîãèÿ æ?íå âèðóñîëîãèÿ» ï?í³íåí

Диморфты цикл. Кейбір грам-теріс бактериялар диморфты циклмен көбейеді, бұл цикл сабақты Caulobacter туысына жататын бактерияларда жақсы зерттелген. Көбею кезеңінде оларда қозғалатын (талшығы бар) және қозғалмайтын (сабағы бар) клеткалар пайда болады. Бұл клеткалардың екі түрі де көбейе алады, бірақ олардың клеткалық циклдерінде айырмашы-лықтар бар және сабақты клетка аналық болып саналады. Көбейген кезде клетканың сабақсыз жағы өседі де, талшық пайда болғанда аналық клеткадан ажырайды. Пайда болған жаңа қозғалғыш клетка өздігінен көбейеді. Алдымен ол талшығын жоғалтады, содан соң сабағы өсе бастайды. Нәтижесінде клетка алғашқы аналық түрге айналады.
Полиморфты цикл кейбір бүршіктеніп көбейетін Hyphomicrobium туысына жататын бактерияларда кездеседі. Пайда болатын клеткалардың түрлері қоректік ортаға байланысты. Метанолда өскенде, екі түрлі клетка пайда болады: жіпше (гифа) тәрізді және сопақша бүршік тәрізді, ал метиламинде басқа екі түрлі клетка түзіледі: шоқ тәрізді және қозғалғыш.
Бактериялардың дамуында нағыз мүшелену (дифференциация) процесі кездеспейді. Дегенмен, көптеген бактериялардың вегетативті клеткалары белгілі бір жағдайда тыныштық клеткаларына айналады. Бұл дифференция-лануының қарапайым түрі болып саналады. Дифференциялану кезінде морфологиялық құрылымы жағынан мүлде өзгеше түрлер пайда болады, олар бактерия клеткаларын қолайсыз жағдайда сақтап қалу үшін арналған.
Бактериялардың тыныштық клеткаларына эндоспоралар, экзоспоралар, цисталар және акинеттер жатады.
Споралар – микроорганизмдер тіршілігіне қолайсыз жағдай туындаған жағдайда грам-оң, аэробты бациллалар мен облигатты анаэробты клостридиялардың және Sporosarcina туысына жататын коккалардың цитоплазмасында түзілетін ерекше денешік. Бациллалардың споралары қорғаныш қызметін атқаратын болса, ашытқылар мен зең саңырауқұ-лақтардың споралары көбею қызметін атқарады. Споралардың пішіні дөңгелек және сопақша болады. Дөңгелек пішінді споралар жасушаның бір ұшында (терминальды) орналасып, барабан таяқшасын еске түсіреді (сіреспе қоздырғышы), ал сопақша келген споралар жасуша ортасында немесе субтерминальды орналасып, ұршыққа ұқсас болып келеді (қарасан қоздырғышы).
Эндоспора – тыныштық клеткалардың ерекше түрі. Олар клетка ішінде орналасқан, пішіні дөңгелек немесе сопақша тәрізді. Спора түзу қабілеті, таяқша тәрізді грам-оң бактерия өкілдеріне ғана тән.
Споралардың пішіні және аналық клеткада орналасуы әр түрлі болады:

  • Сопақша немес цилиндр тәріздес споралар аналық клеткадан жуан емес; бұл споралар Bacillus megaterium, B.cereus, B.subtilis, B.anthracis түрлеріне тән;

  • Сопақша споралар аналық клеткадан жуандау, споруляция кезінде клетканы ісіндіреді; бұл спораларды B.polumyxa, B.macerans, B.cirulans бактериялары түзеді;

  • Дөңгелек споралар аналық клетканың бір шетінде орналасқан, олар B.pasteurii-ге тән;

  • Спора клеткадан жуанырақ, сондықтан клетка пішіні барабан таяқшасы тәрізді, олар B.sphaericus-ке тән.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет