Поли-оксимайлы қышқылдың түйіршіктері.Олар қор заттарға жатады, пішіні дөңгелек немесе сопақша, көлемі 200-800 нм, қалыңдығы 2,2-8,0 нм белокты қабатпен қапталған.Кейбір бактерияларда ПОМ сыртқы ортаның құрамында азоттың мөлшері азайғанда глюкозадан түзіледі, ал сыртқы ортада энергия көзі болмаған жағдайда ПОМ индуцибелді ферменттер түзу үшін жұмсалады.
Карбоксисомалар- барлқ цианды және кейбір фототрофты және хемолитотрофты бактерия клеткаларында кездеседі. Ол Д-рибулезо-1,5-дифосфаткарбоксилаза ферментінен тұрады.
Магнетосомалар мембранамен қапталған темір оксидінен тұрады. Магнит өрісінің бойымен қозғалатын бактерияларда болады.
Гранулеза мен гликоген – микроб жасушасының полисахаридтерден тұратын резервті заттары болып есептеледі. Гранулеза мен гликоген азотсыз заттар, олар ыдыраған кезде түрлі қанттарға айналады. Май қышқылды бациллаларда гранулеза көп болады. Құрамында йоды бар Люголь ерітінді-сімен өңделген гранулезалар көк түске боялады. Күкіртті бактериялардың жасушаларында күкірт тамшы түрінде жиналады. Темір бактерияларының жасушаларында темірдің жиналуы осыған ұқсас келеді.
Ал волютин болса, ол азотты зат. Егер қоректік ортада органикалық азот көзі (аспарагин, пептон) және фосфор қышқылы тұздары мол болса, онда бактерия клеткасында волютен біраз мөлшерде жиналады. Бактериялар клеткасында май да едәуір мөлшерде кездеседі, ол клеткадағы бүкіл құрғақ заттың 35 – 50 пайызына тең. Сол сияқты бактерия клеткасында күкіртті де кездестіруге болады. Тамшы түрінде кездесетін күкірт клетканың қор заттарының бірі
R-денешіктер.Алғаш рет парамециум симбионттарында Caedobacter (цедобактер) туысына жататын бактерияларда табылған. R-денешіктер тығыз орналған пішінілента тәрізді ақуыздан тұрады. R-денешіктер бактерия популяциясының бір бөлігінде ғанаорналасады.
Бактерия ядросы.Бактерия ядросының қабығы болмайды,сондықтан оны нуклеоид деп атайды. Нуклеиод аймағы нуклеоплазма дейді, ол клетканың ортаңғы бөлігінде орналасады.
Бактерия нуклеоиды немесе геномы бір хромосомадан тұрады. Бактерияның өсу кезеңінде жасушада 2,4,8 немесе одан да көп нуклеоидтар пайда болады. Хромосомада гендер біркелкі орналаспайды, олардың анағұрлым тығыз орналасқан жері ДНҚ репликациясы басталатын тұста, ал ең аз бөлімі – репликация аяқталатын жерде.
Генетикалық материалдар (ДНҚ молекуласы) эукариотты жасушалар-дың ядросында, ал прокариотты жасушалардың нуклеотидінде орналасады. Бактериялардың ДНҚ молекуласы мономерлерден - нуклеотидтерден құрал-ған, ұзын, қос жіпше тәрізді полимерден-полинуклеотидтерден тұрады. Әрбір мононуклеотидтің құрамына төрт азоттық негіздердің біреуі – аденин, гуанин, цитозин, немесе тимин, пентозаның бір молекуласы және фосфор қышқылы кіреді. Әдетте ДНҚ молекуласы қос тізбекті серіппе тәрізді, бір-біріне комплементарлы орналасқан екі жіпшеден тұрады. Бұл жағдайда бір жіпшедегі аденин екінші жіпшедегі гуанинмен жұпты құрайтын болса, ал гуанин сәйкесінше цитозинмен байланысқан күйде кездеседі. Бактерия жасушасындағы ДНҚ пішіні сақина тәрізді тұйықталған жіпшеден тұрады. Ол жіпше бактерия хромосомасы деп аталады. Аталмыш хромосомада, тірі организм хромосомалары тәрізді, жасушаның өзіне тән барлық белгілеріне жауапты генетикалық ақпараттарды сақтайтын жеке учаскелері, яғни гендері (ДНҚ молекуласының фрагменттері) болады. Ген микроорганизмдердің тұқымқуалаушылық қасиеттеріне жауапты болып келетін негізгі фактор. Хромосомада орналасқан гендер сұлбасы генетикалық карта деп аталады. Тұқым қуалаушылықтың әрбір белгілері тиісті гендермен бақыланып отырады.
Бактерия клеткасының қосымша құрылымдық бөлігіне: капсулалар, пилилар (фимбриялар) және талшықтар (жіпшелер). Бактерия жасушасының пішіні өте қарапайым, олар шар немесе цилиндр, кейде иірілген түрінде кездеседі
Прокариоттардың клетка қабықшасы әдетте шырышты затпен қапталған болады. Құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты олар шырыш-ты қабаттар, капсулалар, қапшық болып бөлінеді. Олардың барлығы прокариоттардың органикалық полимерлерді биосинтездеуі мен олардың жасушаның айналасында жинақталуынан пайда болған
Капсула – шырышты түзінді, жасушаны қаптап жатады, жасуша қабықшасымен байланысқан, аморфты құрылысты. Егер оның қалыңдығы 0,2 мкм кем болса, оны тек электрондық микроскоптың көмегімен ғана анықтауға болады, оны микрокапсула деп атайды. Егер 0,2 мкм көп болса, макрокапсула деп аталады. Соңғысын кәдімгі жарық микроскопының көмегімен көруге болады. Микробтардың басым көпшілігінде капсула полисахаридтерден құралса, ал жеке бір түрлерінде (айталық, сібір жарасы бацилласында) полипептидтерден тұрады.
Капсула жасушаны механикалық зақымданудан, улы заттардан, радиациядан,клеткаларға фагтардың енуінен және ылғалды жасушаның бойында ұстап,оны кеуіп кетуден сақталуына себепші болады. Сібір жарасы қоздырғышы болса капсуланы макроорганизм денесінде де түзеді.
Капсуланың болуы микроорганизмдердің штаммына және оның өсу жағдайларына байланысты болады. Капсула түзетін бактериялар мутация нәтижесінде капсуласыз түрге өтуі мүмкін. Сондықтан капсулаларды тұрақты құрылым деуге болмайды.
Егер, шырышты зат аморфты, құрылымсыз болса және прокариоттық клетканың бетінен оңай бөлінсе оны шырышты қабат деп атайды.
Кейде капсуладан ерекше жіңішке құрылымды, әртүрлі құрылысы бар бірнеше қабаттан тұрады, оны қапшық деп атайды. Бірқатар бактериялар-дың қапшықтары, метаболизмі металлдардың тотықсызданған қосылыстары-ның тотығуымен байланысты бактерияларда болады. Прокариоттардың аталған структураларының көптеген аралық формалары болады да, оларды бір-бірінен ажырату қиын.
Капсулалар, шырыштық қабық және қапшықтар жасуша қабықшасымен бірдей компоненттерден тұруы мүмкін, бірақ олардың химиялық құрамы бірдей болмайды. Әдетте бактериялардың түзетін капсулаларының химиялық құрамы туысқа не түрге тән болады. Көптеген прокариоттардың капсулала-рының негізгі химиялық компоненттері - гомо- немесе гетерополимерлі табиғаты бар полисахаридтер. Кейбір Bacillus түрлерінің капсуласы D-глутамин қышқылынан тұратын полипептид. Көптеген бактериялар қорша-ған ортаға целлюлоза талшықтарын бөліп шығарады.
Қапшықтар күрделі құрылым ретінде күрделі химиялық құрамымен сипатталады. Sphaerotilus natans қапшығы, мысалы, 36% қанттардан, 11-гексозамин, 27- ақуыз, 5, 2- липид және 0,5% фосфордан тұрады.
Пилилер (фимбрилер) микроб жасушасының беткейінде орналасқан өте ұсақ жіпше тәрізді құрылым. Олардың саны клеткаға шаққанда бірнешеден бірнеше мың болуы мүмкін. Пилилер ақуыздың бір түрі - пилиннен тұрады. Олар клеткадан шығатын түзу, ақуызды пішіні цилиндр тәрізді, ішкі диаметрі 2 нм, қабырғасының қалыңдығы 3 нм, ұзындығы 0,3 мкм және одан ұзындау келеді. Пилилер гидрофобты протеиннен (пилин) тұрады, адгезивтік қасиетті иемденген. Олар жиырылып, микробты донор немесе реципиент жасушаларының беткейіне жақындата алады. Кейбір түктер (жыныстық пилилері) арқылы генетикалық материалдар донор жасушасынан реципиент жасушасына тасымалданады. Пилилер микроб-тардың қозғалыс қызметін атқармайды. Бактерияның жыныстық процесіне қатысатын F-пили жақсы зерттелген. Олар донор-клеткаға конъюгациялық көпірше ретінде ДНК тасымалдауда қолданылады. Пилилер міндетті құрылым емес, себебі бактериялар оларсызақ жақсы көбейіп, дамиды.
Жалпы пилилер бактерияларға гидрофобтық қасиет береді, яғни олардың өсімдік, ішек эпителийі және саңырауқұлақ жасушаларына жабысуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар бактерия өсетін қоректік бетінде бекініп, қабыршық түзеді.