Адилбекова Г. О. «Микробиология және вирусология» пәнінен


Таяқша тәрізді бактериялар –



бет19/80
Дата01.03.2023
өлшемі0,7 Mb.
#70960
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   80
Байланысты:
Àäèëáåêîâà Ã. Î. «Ìèêðîáèîëîãèÿ æ?íå âèðóñîëîãèÿ» ï?í³íåí

Таяқша тәрізді бактерияларең кең таралған бактериялар тобы. Олар клетка көлеміне, орналасуына, жіпшелердің кездесуіне немесе кездеспеуіне байланысты бөлінеді. Таяқшалы пішінді бактериялардың ені көп жағдайда 0,5-1мкм, ал ұзындығы 2-10 мкм дейін ауытқиды. Ұсақ таяқшалар ені негізінен 0,2-0,4 мкм, ұзындығы 0,7-1,5 мкм болып келеді. Клетка ұзындығы 10-15 мкм дейін жетеді. Таяқша тәрізді бактериялардың спора түзбейтін формаларын Bacterium деп атайды (Bact. Немесе В.белгілейді).
Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайында спора түзетін бактерияларды Bacillus деп атайды (Bac. деп белгілейді). Тізбек түзетін таяқша тәрізді бактерияларды стрептобактериялар немесе стрептобациллалар дейді. Таяқша тәрізді бактериялар арасында сапрофитті және патогенді (ауру туғызатын) формалар кездеседі.
Спираль тәрізді бактериялар
Вибрион (Vibrio) – спиральдың бір орамының 4/1 бөлігіне немесе үтірге ұқсас клетка.
Спирилла (Spirillum) – спиральдың бір немесе бірнеше орамына ұқсас клетка. Вибриондарға қарағанда клеткалары ірі (15-20 мкм).
Спирохета (Spirochaeta) - ұсақ, тығыз спиральдың ұзын орамына ұқсас клеткалар. Спираль орамының саны түр белгілеудегі систематикалық көрсеткіш болып табылады.
Бактерия жасушасы қатты қоректік ортаның бетіне себілген соң ұрпақ колониясын түзе отырып бөлінеді және өседі. Колония консистенциясы шырышты немесе паста тәрізді болады, кей жағдайда пигмент түзуі де мүмкін. Сирек колонияның сыртқы түріне қарап микроағзаны идентификациялауда еш қиындық туғызбайтын ерекшеліктері де болады.
Цианобактериялар немесе көкжасыл балдырлар - фототрофты прока-риотты организмдер тобы; бұларды дәстүрлі түрде көк жасыл балдырлар деп атайды. Цианобактериялардың жасушаларының пішіні цилиндр, шар тәрізді. Цианобактериялардың бес тобы бар:
1.хроококкалар (Chroococcales) - шар тәрізді жеке жасушалар. Олар бөлініп ажырамай, сілемеймен қапталады. Балшықты жерлерде, жерасты ыстық суларда,тастың бетінде тоқтау суда өседі;
2.плеврокапсалар (Pleurocapsales)- шар тәрізді
3.осциллаторлар (Oscillatoriales) - жіп тәрізді
4.ностоктар (Nostocales) - жіп тәрізді
5.стигонемалар (Stigoneomatales)- жіп тәрізді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет