Адилбекова Г. О. «Микробиология және вирусология» пәнінен


Микроорганизмдердің мөлшері



бет20/80
Дата01.03.2023
өлшемі0,7 Mb.
#70960
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   80
Байланысты:
Àäèëáåêîâà Ã. Î. «Ìèêðîáèîëîãèÿ æ?íå âèðóñîëîãèÿ» ï?í³íåí

Микроорганизмдердің мөлшері. Микробтардың мөлшерлері халық-аралық бірліктер жүйесі бойынша микрометрмен (мкм) өлшенеді. 1 мкм -10-6 метрге тең. Дөңгелек пішінді микроорганизмдердің диаметрі 0,7-1,2 мкм; таяқша тәрізділерінің ұзындығы 1,0-6,0-10,0 мкм, ені 0,5-1,0 мкм.
Вирустар – өте ұсақ тіршілік иелеріне жататындықтан, олардың мөлшері нанометрмен (нм) анықталады. 1 нм= 10-9 метрді құрайды. Жіпше тәрізді микроорганизмдердің ұзындығы бірнеше ондаған микрометрге дейін жетеді.
Бактериялардың көбеюі. Бактериялар әдетте жыныссыз, жай бөліну арқылы көбейеді. Әр клеткадан екі клетка, одан әрі олардың әр қайсысы тағы екі клетка, сөйтіп бөліне береді. Бұл процесте алдымен нуклеотид бөлінсе, дәл осы кезде клетка ортасында цитоплазмалық мембрананың екі қабатынаң тұратын қалқанша пайда болады. Осы екі қабаттан клетканың болашақ қабықшасы түзіледі. Клетка қабырғасы ажыраған кезде олар бір-бірінен бөлініп кетеді. Миксобак-териялардың кейбіреулерінде бұл құбылыс байқалмайды. Таяқша тәрізде бактериялар бөлінер алдында ұзынынан ұзарады. Клетка диаметрі өзгер-мейді. Клетка ұзыны екі клетка ұзындығына тең болғанда, таяқша клетканың орта жері жіңішкеріп, екіге бөлініп кетеді.
Микроорганизмдер бөлінгенде тең екі клетка пайда болса, оны изоморфты, ал бір клетка үлкен, екіншісі кішкене болса гетероморфты бөліну деп атайды. Бөлінудің соңғы түрі өскен бактерияларда байқалады.
Микроорганизмдер өте тез шапшаңдықпен көбейеді. Бұл үшін ортада қоректік заттардың жеткілікті болуы, жылу, орта реакциясы қолайлы болып, аэробты бактериялар үшін оттегі мол болса, әрбір клетканың көбеюі 20-30 минут сайын қайталанып отырады. Міне бұдан көбею шапшаңдығы мен сыртқы жағдайларының арасында белгілі бір тәуелділік бар деп айта аламыз. Сөйтіп, азғана уақыт ішінде көлемі 1-2 микрондай клеткадан орасан көп клеткалар пайда болады.
Бактериялардың көбею жылдамдығын мынадай бір мысалмен түсіндіруге болады. Егер 20 минут сайын бір клетка бөлінетінін ескерсек ол бір тәулік ішінде 72 рет қайталап бөлінеді. Сонда 2-472. 10 клетка түзіледі. Егер бір миллиард бактерия клеткасының салмағы 1 миллиграмдай болса, онда 472.10 клетка 4720 тоннаға тең келеді. Ал бактериялар осылай бір жұма бойына үздіксіз бөлініп отырса, клеткалар саны мүлде көбейіп, бүкіл жер шарына қаптап кетуі ықтимал. Бірақ біз табиғаттан мұндай құбылысты байқаймыз. Өйткені пайда болған бактерия клеткаларының біразы сыртқы орта жағдайларының қолайсыз болуына байланысты қырылып қалады. Ал сау қалғандар микробтар ұрпағын одан әрі жалғастырады
Клеткалық цикл. Организмнің пайда болуынан тіршілігінің жоғалуына дейінгі кезең онтогенез деп аталады. Бактериялар бір клеткалы болған-дықтан, олардың онтогенезі клетка циклына тең. Ал клетка циклі дегеніміз – клетканың бірінші бөлінуіне екінші бөлінуіне дейінгі кезең. Дифференциа-циясыз өтетін клеткалық цикл вегетативті циклға жатады. Р.Виттенбери мен С.Дау бойынша (1977) вегетативті цикльдің 3 түрі бар: мономорфты, диморфты және полиморфты.
Мономорфты цикл. Бұл циклде клетканың пішіні өзгермейді, сол қалпында қала береді. Мысалы, таяқша ішек бактериясы цикл барысында таяқша пішінін жоғалтпайды. Кейде хромосоманың екі еселенуі мен клетканың бөлінуі арасындағы байланыс бұзылады. Сондықтан клеткада хромосоманың саны көбейеді. Мысалы, ішек бактерияларының клеткалары бөлінгенде, оларда 2-4 генетикалық хромосомалар пайда болады. Қолайсыз жағдайда хромосоманың саны бірге дейін азаяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет