Адилбекова Г. О. «Микробиология және вирусология» пәнінен



бет23/80
Дата01.03.2023
өлшемі0,7 Mb.
#70960
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   80
Бақылау сұрақтары:
1.Эндоспора түзілу процесінің негізгі сатылары
2.Спораның өну процесінің 3 кезеңі

Дәріс №7-8.
Тақырыбы: Прокариоттардың ультра-құрылымы.
Жоспары:
1.Бактерия клеткасының негізгі құрылымдық бөлігі: клетка қабығы, цитоплазматкалық мембрана (ЦПМ), цитоплазма және ядролық аппарат (нуклеойд).
2.Рибосома, вакуоль, мезасомалар мен тиллакойдтар.
3.Клетка ішілік қосылыстар (аэросомалар магнитосомалар, хлоросомалар, фикобилисомалар, карбоксисомалар). Қор заттар.
4. Бактерия клеткасының қосымша құрылымдық бөлігі: капсулалар, пилилар (фимбриялар) және талшықтар (жіпшелер).
5. Прокариоттар қозғалысының түрлері. Таксистер.

Құрылысы жағынан алғанда бактерия клеткасы өте қарапайым. Барлық бактерия клеткасы негізгі және қосымша құрылымнан тұрады.Бактерия клеткасының негізгі құрылымдық бөлігіне: клетка қабықшасы, цитоплазма-лық мембрана, цитоплазма және ядролық аппараттан (нуклеойд) тұрады. Цитоплазмада мезосомалар, рибосомалар және тиллакойдтар, зат алмасу процесінде кезінде түзілетін түрліше заттар болады.


Клетка қабықшасы – бактерия клетканың негізгі құрылымдық бірлігі болып саналады. Ол цитоплазмалық мембрана мен капсула ортасында орналасса, капсула түзбейтін микробтарда ол клетканың сыртқы қабықшасын құрайды. Клетка қабықшасы микоплазмалар мен L-пішінді бактериялардан басқа барлық прокариотты организмдерде болады. Ол микробтардың пішінін бірқалыпты сақтап тұрады, бактерияларды осмостық қысымнан және басқа да зиянды факторлардан қорғайды, метаболизмге қатысады.
Клетка қабықшасының беткейінде бактериялардың экзотоксиндері мен басқа да протеиндерін тасымалдауға қатынасатын ұсақ саңылаулары орналасқан. Бактерия клетка қабықшасының негізгі компоненті болып пептидогликан, немесе муреин саналады. Пептидогликан микроб клетканың қаттылығын, беріктігін қамтамасыз етеді. Грам-оң бактериялардың жасуша қабырғасындағы пептидогликанның мөлшері жалпы құрғақ затының 80%-ын құраса, грам-теріс микробтардың жасуша қабырғасындағы құрғақ заттың 1-10%-ын құрайды. Грам-оң бактериялардың жасуша қабырғасының қалыңдығы 50 нм, ал грам-терістерінде небары 5-15 нм ғана болады. Грам-оң бактериялардың көпшілігінің жасуша қабырғасында 50%-ға дейін тейхой қышқылы болады. Олар көп мөлшерде цитоплазмалық мембрана беткейінде, ал аз мөлшерде жасуша қабырғасының сыртқы жағында орналасады. Пептидогликанның микрофибриллалары микроб жасушасының негізгі қаңқасын құрайды. Протеин торшаларды құрап, шатаса орналасуының нәтижесінде пайда болған саңылауларынан заттардың жасуша ішіне енуі және жасушадан сыртқы ортаға шығуы іске асырылады.
Жасуша қабықшасының химиялық құрамы мен құрылымына қарай микробтар грам-оң және грам-теріс организмдерге бөлінеді. Грам тәсілімен бояған жағдайда йод ерітіндісі (Люголь ерітіндісі) және этил спиртінің әсерінен негізгі бояғыштар (генциан күлгіні, кристалды фиолетті) жасуша компоненттерімен әрекеттеседі де, бояуды денесіне сіңіріп алады, ал грам-теріс микроорганизмдерде негізгі бояулар шайылып кетеді. Осының нәтижесінде грам-оң бактериялар негізгі бояулармен (күлгін, көк) боялса, грам-теріс микробтар болса қызыл түске, яғни қосымша бояғыш заттармен (фуксин) боялады.
Эубактериялардың Грам бойынша әр түрлі боялуы, алдымен,клетка қабықшасының құрылысына байланысты болғандықтан 1978 жылы Н.Гиббонс және Р.Мурей грам-теріс бактерияларды грациликуттар (Gracilicutes), ал грам-оң бактерияларды фирмакуттар (Firmacutes) деп атау керек деп ұсыныс жасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет