Адилбекова Г. О. «Микробиология және вирусология» пәнінен



бет22/80
Дата01.03.2023
өлшемі0,7 Mb.
#70960
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   80
Эндоспора түзілу процесі. Спора түзу процесі сыртқы ортада (топырақ, қоректік орта) жүреді. Адам және жануарлар ұлпасында бұл процесс кездеспейді. Спора түзу процесін көбеюдің бір тәсілі деп қарастыруға болмайды, өйткені бұл процесте бір вегетативтік клеткадан не бары бір спора түзіледі. Бұған вегетативті клеткалардың сыртқы ортаның қолайсыз жағдайына бейімделуі деп қарауымыз керек.
Эндоспора түзілу процесі өте күрделі, ол баяу 6 сатыдан тұрады:
1.Клеткада ДНҚ репликациясы аяқталады, ДНҚ-ның морфологиясы өзгереді. Ол жіпше түріне ауысып, клетканы бойлай орналасады.
2.ДНҚ-ның бір бөлігі клетканың бір шетіне қарай жылжиды. Цитоплазмалық мембрана клетканың ішіне қарай ойысып, қалқанша құрады да, клетканы екіге бөледі. Мұндағы кішірек бөлік спораға айналады. Бұл саты қайтымды. Қолайлы жағдай туса, клетка бұрынғы қалпына оралады.
3.Болашақ спораның аймағы клеткадан бөлінген ДНҚ бөлшегімен бірге қосымша плазмалық мембранамен оралып, түгелдей аналық клеткадан бөлінеді. Бөлінген аймақты проспора деп атайды.
4.Проспораның екі мембранасының арасында муреин қабаты түзіле бастайды. Бұл процес екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде примордиалды (ұрықты) қабат пайда болады, ал екінші кезеңде оның үстінде муреин түзіледі. Ақырында, кортекс қабаты пайда болады.
5.Спораның сыртқы қабаттары түзіледі. Спорада ДРҚ-мен кальций жиналуы жалғасады, сондықтан спора органикалық еріткіштерге төзімді болады. Бұл сатыда спора осмос қысымына тұрақты, бірақ температураға (қызуға) сезімталдығын сақтайды.
6.Спораның барлық құрамдары құрастырылады. Кейбір бактерияларда қосымша экзоспориум қабықшасы түзіледі. Аналық клетканың (спорангиум) қалдықтары ериді, спора босап шығады.
Спора түзу процесі 18-20 сағат аралығында өтіп бітеді. Алғашқы бес сағат ішінде спораның 75%-ы және спора үшін арнайы зат – дипоколин қышқылы (пиридин-2,6-дикарбон қышқылы) түзіледі. Бұл қышқыл спораның таза салмағының 15%-ын құрайды. Вегетативті клеткада дипоколин қышқылы кездеспейді, ол тек термотөзімтал спораларға ғана тән.
Споралар жарықты шағылыстырғыш келеді және микроскоппен көру кезінде жылтыраған денешік болып көрінеді. Спораның көп қабатты қабығы мен пластинка тәріздес құрылысы, құрамында судың минималды мөлшерде, ал кальций мен липидтің көп мөлшерде болуы сыртқы ортаның зиянды факторларына ұзақ уақыт (жүздеген, тіпті мыңдаған жылдар бойы) төтеп беріп, сақталып қалуын қамтамасыз етеді.
Жетілген спораның құрылысы. Спора өзегінің 50-60%-ы нуклеин қышқылдары мен белоктан, қалғаны дипоколин қышқылынан және төменгі молекулалық заттардан тұрады. Споракортекс, сыртқы мембрана, аналық цитоплазманың қалдығы және экзоспориуммен қапталған.
Спораның өнуі. Спораның өсіп-дамуына қолайлы орта туғанда, спора өседі де, вегетативті түрге айналады. Процесс 3 кезеңнен тұрады: активтену, инициациялану және өсіп шығу.
Активтену кезеңінде спора ісініп, көлемі ұлғаяды, бойына ылғал тартылады. Соның салдарынан құрамындағы судың мөлшері артып, алмасу процесі қарқынды жүре бастайды. Немесе спора қабығының екі шетінен және ортасынан өсінді өседі. Спора созылып, таяқша пішінге айналады.
Активтену кезеңінде спора өсуге дайындығын көрсетеді. Споралар 200С, ал кейбіреулері 650С температурада активтеледі. Бұл кезеңде спора температураға тұрақтылығын және жарықты сындыру қасиетін сақтап қалады.
Инициация кезеңі бірнеше минутқа созылады. Споралардың жоғары температураға төзімталдығы төмендейді, дипоколин қышқылы мен Са+ сыртқа бөлінеді, споралар бояуды қабылдай бастайды. Инициация температураға, рН-қа және ылғалдылыққа байланысты.
Өсіп шығу – спораның активті өсу кезеңі. Алдымен белок пен РНҚ активті синтезделеді, ал бір-екі сағаттан кейін ДНҚ-ның репликациялануы басталады. Өсіп шығу кезеңінде белок пен РНҚ синтезделеді, спораның қабығы ериді. Өсіп шығу, әдетте, спора түзілу процесіне қарағанда жылдамырақ жүреді. (4-5 сағат аралығы).
Кейбір бациллалар спораларының айналасында қосымша жұқа келген липопротеинді қабықша – экзоспора түзіледі. Бұл- клетка сыртында пайда болатын споралар.Оларды метанолтотықтырушы (метилотрфты) бактериялар және бүршіктену арқылы көбейетін фототүзуші Rhodomicrobium туысына жататын бактериялар түзеді.
Экзоспоралар құрғақтыққа, ультракүлгін сәулеге және қыздыруға тұрақты.Эндоспоралардан айырмашылығы құрамында дипоколин қышқылы жоқ және олар лизоцимге сезімтал болады
Цисталар. Оларды Аzotobacter туысына жататын азотсіңіргіш бактериялар және қарапайымдылар түзеді. Циста қоректенбейді, қимылдамайды, тыныштық күйде жатады. Жетілген цисталар –жарықты сындыратын дөңгелек денешіктер. Олар нуклеоид пен полиоксимайлы қышқылдың түйіршіктері бар қабықшамен қапталған цитоплазмадан тұрады. Бұл жетілген цисталардың өзегін құрайды. Өзекті екі қабатты қабықшамен қапталған: ішкі жуанқабат – интина, сыртқы көп қабатты қабықша – экзина.
Гетероцисталар. Оларды цианды бактериялар түзеді. Гетероциста-лардың бөліну қабілеті жоқ, бірақ олар тыныштық клеткаларға жатпайды. Гетероцисталар вегетативті клетканың ішінде, қоректік ортада азот болмаған кезде түзіледі. Олардың ішінде оттегіге сезімтал азотсіңіруші жүйе орналасқан.
Акинеттер – цианды бактериалардың тыныштық клеткалары. Олар вегетативті клеткалардан үлкен және пигменттелген қабықшасы жуан.
Миксоспоралар. Оларды миксобактериялар түзеді. Миксобактерия-лардың вегетативті клеткалары таяқша пішінді, қатты ортаның бетінде жорғалап қозғалады. Қозғалудың екі түрі белгілі: жеке клеткалардың қозғалуы және клетка шоғырының қозғалуы.
Миксобактериялардың миксоспора түзу процесі даму айналымының бір кезеңі болып саналады. Вегетативті жолмен көбею аяқталғанда, миксобактериялардың таяқша тәріздес клеткалары шоғырланады. Олар бірте-бірте қысқарып, шар тәріздес пішін түзеді де, микроцистаға (миксоспора) айналады. Миксоспоралардың сыртында шырышты қабат пайда болады, ондай құрылысты жеміс (тұқымдық) дене деп аталады. Миксоспоралар орталықтан және бірнеше қабықтан тұрады. Орталықта хромосома, не болмаса оның 3-4 көшірмесі және белок орналасады. Олар цитоплазмалық мембранамен, клетка қабықшасымен және капсуламен оралады. Миксоспоралар жоғары температураға, құрғаққа төзімді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет