Талшықтар (жіпшелер)– микробтардың қозғалыс мүшесі болып табылады. Олардың ұзындығы әртүрлі болып келеді, ал диаметрі 10-13 нм аралығында болады. Жіпшеде филамент (жіпше денесі), ілмек және базальды денесі болады. Жасушаға жіпшелер күрделі құрылымнан тұратын базальды денесі арқылы жалғасып тұрады. Жіпше негізінде сақиналары болады. Төменгі жағындағы сақиналары арқылы базальды денелері цитоплазмалық мембранаға бекітіледі. Аталмыш сақиналарының көмегімен айналмалы қозғалыс іске асырылады.
Микроорганизмдер қозғалысының жылдамдығы мен сипаттамасы өсін-дінің жасына, қоршаған ортаның жағдайларына және микробтардың түріне байланысты болады. Жас өсінді микроорганизмдерінің жылжымалылығы жақсы байқалса, ал ескілерінің бұл қасиеті әлсіз немесе тіптен байқалмайды. Микроорганизмдердің жылжымалылығы олардың тіршілік әрекетінің, өнім-дерінің қоректік ортада көбейген уақытында бәсеңдейді де, кейін біржола тоқтайды.
Таяқша тәрізді микроорганизмдердің қозғалыс мүшелері – жіпшелер микроб жасушасының бетінде әртүрлі позицияда орналасады. Жіпшелерінің орналасуына байланысты бактериялар төрт топқа бөлінеді:
1.Монотрихтер – бір ғана жіпшесі бар бактериялар;
2.Перитрихтер – жіпшелер бактерия беткейін түгел жаба орналасады; 3.Лофотрихтер – таяқшаның бір ұшында бір шоқ жіпшелері орналасқан; 4.Амфитрихтер – полярлы орналасқан жіпшелері бар бактериялар.
Монотрихтер мен лофотрихтер үдемелі қозғалыспен жылжиды. Амфитрихтер мен перитрихтер ретсіз қозғалыста болады.
Микробтардың қозғалыс реакциялары (таксистері) химиялық заттармен (хемотаксис), молекулалық оттегімен (аэротаксис), жарықпен (фототаксис), электр тоғымен (электротаксис), сумен (гидротаксис) және т.б. заттармен біржақты тітіркенудің әсерінен пайда болады. Позитивті таксис кезінде микроорганизм тітіркендіргішке қарай, ал негативті таксис кезінде кері бағытта қозғалады.
Бактериялардың қозғалысына қажетті энергия клетканың трансмембра-налық протонқозғаушы күштен немесе электрохимиялық ион алмасу арқылы алады. АҮФ бактерия клеткасының қозғалысына пайдаланылмайды.
Белгілі бір бағытта қозғалуды таксис деп атайды. Бұл қозғалыс сыртқы орта факторларына байланысты. Фактордың түріне қарай:
1.Хемотаксис – әр түрлі химиялық заттарға қарай бағытталып қозғалу. Клетканың беткі қабатында химиялық заттарға сезімтал арнайы белоктар – хеморецепторлар болады. Таксис туғызатын заттарды – эффекторлар, оларды аттрактанттар яғни тартушылар, репелленттер- бездірушілер болып екіге бөлінеді.