Адилбекова Г. О. «Микробиология және вирусология» пәнінен



бет53/80
Дата01.03.2023
өлшемі0,7 Mb.
#70960
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   80
Факультативті анаэробтар – молекула күйіндегі оттегінің бар не жоғына қарамай тіршілік ете береді. Оларға ашытқы саңырауқұлақтары, іш сүзегі, топалаң қоздырғыштары жатады.
Анаэробты организмдер негізінде құрамында оттек бар органикалық қосылыстарды (спиртті, сүт қышқылын, май қышқылын, т.б.), ал кейбір түрлері минералды қосылыстарды (сульфаттарды немесе нитраттарды) ыдыратып, осы процесс кезінде бөлініп шыққан оттекті өзінің тіршілік әрекетінде пайдаланады. Анаэробты организмдер аэробты организмдер сияқты табиғаттағы зат айналу процесіне, органикалық және минералды заттардың өзгеруіне үлкен әсер етеді. Олар спирт және сүт қышқылын ашыту процесінде кеңінен қолданылады. Кейбір анаэробты организмдер асқа, тағамға түссе, тез өсіп-өніп, адам мен жануарларды уландыруы, ал ауру тудырғыш (патогенді) анаэробты организмдер түрлі жұқпалы ауруларды (сіреспе, ботулизм газды гангрена, т.б.) таратуы мүмкін.
Энергия алу үшін көбнесе азотсыз заттар жұмсалса, микробтар өз денесін құруға азотты заттарды пайдаланады.
Баска элементтермен катар азот ақуыз молекуласынын негізгі кұрам бөлігі болып есептеледі. Табиғатта азот коры өте мол. Оның басым көпшілігі әлемде тіршілік ететін организмдер кұрамында болады. Топырактың әртүрлі типтерінің бір гектар жырту кабатында тіршілік ететін бактерия, санырау-кұлак, балдыр және баска да жәндіктердің кұрамында азот шамамен 6-дан 18 топшаға дейін байланыскан түрде болады.
Жануарлар тіршілік барысында азотгы аммиак (омыртқасыздар), несеп қышқылы және зәр (омыртқалылар) түрінде бөледі, оларды уробактериялар ыдыратады. Ал азоттың көп мөлшері тек өсімдік пен жануарлар өлгеннен соң бөлінеді. Бұлардың өлекселері топыраққа түскеннен кейін, ондағы микроорганизмдердің әсерінен шіри бастайды. Соның нәтижесінде аммиак бөлінеді. Міне, азоттың осындай жолмен минералдануын оның аммонифи-кациясы (аммониландыру) деп атайды. Бұл процеске бактериялар ғана емес, микроскоптық саңырауқұлақтар, актиномицеттер де белсене қатысады.
Аммонилардырылу аэробты да, анаэробты да жағдайда жүре береді. Аэробты жағдайда бұл процеске бактериялар, актиномицеттер және микрос-коптык саныраукұлактар катысады.
Кейбір организмдердің тыныс алуы органикалық емес қосылыстарды тотықтыру процесінде болады. Мысалы, нитрификациялаушы бактериялар аммияк тұзын алдымен азотты, одан соң азот қышқылынды тотықтырады. С.Н.Виноградсий 1890 - 92 жж. нитрификациялаушы бактериялар энер-гияны бейорганикалық заттардан алатындығын дәлелдеді.
Аммиактың және аммоний тұздарының азотты және азот қышқылын түзе отырып тотығуы нитрификация деп аталады. Нитрификация процесі екі фазада өтеді және оны нитрификациялаушы бактериялардың жүргізеді.
Нитрификацияның бірінші фазасында аммиактың азотты қышқылға (нитратқа) дейін тотығуы жүреді:
1) 2NH3 +3O2= 2НNO2 + 2 H2O
Бұл процесті нитрификациялаушы бактериялар: Nitrosamonas, Nitroso-cystis, Nitrosococcus, Nitrosоlobus, Nitrosospira туысы жүргізеді.
Нитрификацияның екінші фазасында азотты қышқылдың азот қышқы-лына дейін тотығуы процесі жүреді:
2) 2НNO2+O2= 2НNO3
Нитрификацияның 2 сатысын Nitrobacter туысы бактериялары жүргі-зеді.
Белгілі бір жағдайларда, мәселен көміртегіне бай органикалық заттар шамадан тыс мол болған жағдайда, топырақта азот қышқылы тұздарының азайып кететіні анықталды. Бұл кезде топырақта жүретін процестердің нәтижесінде, азот тотығына (нитраттар, нитриттер), түрлі азотты тотыққа одан барып молекулалы азотқа айналады. Бұл процесті денитрификция, яғни нитрификацияға қарама – қарсы процес деп аталады.

HNO3→HNO2→ HNO→H2O→ N2


Денитрификацияның тікелей немесе жанама жолдармен жүретін түрлері бар. Денитрификация тікелей жүргенде ол биологиялық жолмен, ал жанама жүргенде – химиялық жолмен жүреді. Биологиялық денитрифика-цияның өзі ассимиляторлық және диссимиляторлық болып екіге бөлінеді. Ассимиляторлық денитрификация кезінде азот қышқылы тұздары – нитраттар аммиакқа дейін тотықсызданады. Бұл құбылыс өсімдіктер мен микроорганизмдерге тән. Ал диссимиляторлық денитрификация кезінде нитраттар ауадағы оттегінің орнына органикалық заттарды тотықтырушы ретінде жұмсалады. Бұл процесс микроорганизмдерді қажетті энергиямен қамтамасыз етеді. Мұны кейде нитраттық тыныс алу деп атайды.
Денитрификация топырақтағы азот қорының жайылуына әкеліп соғады, сондықтан халық шаруашылығына зиянды процесс деп есептеледі. Денитри-фикация арқылы энергияны алатын бактерияларды денитрификациялаушы бактериялар деп атйды. Денитрификациялаушы бактериялар – факультативті анаэробтар. Денитрификациялаушы бактериялар органикалық заттарының мөлшері жоғары болатын ылғалды әлсіз аэрацияланған топырақтарда тараған. Ең белсенді денитрификаторларға төмендегі бактериялар жатады: Pseudomonas aerigonosa, Pseudomonas, Ashromobacter stutzeri
Денитрификацияны жүргізетін бактериялар топырақты уақытша немесе жергілікті азотсыздандырады. Бұл процес топырақта анаэробты жағдайда пайда болғанда, мысалы, топырақтың бетіне су жиналғанда немесе мине-ралды тыңайтқыштарды (нитраттар) органикалық тыңайтқыштармен (көң) қосқанда жүреді. Нәтижесінде топырақта азоттың мөлшері азаяды.
Молекула күйіндегі азоттық сарқылмас қоры атмосфера азоты әр шаршы километр жердің бетіндегі ауада 8 млн. тоннадай азот бар. Бірақ осындай мол қорды өсімдіктер де , жануарлар да пайдалана алмайды. Мұны тек микроорганизмдердің ерекше бір тобы сіңіріп, органикалық азотқа айналдыратын қабілеті бар. Жеке өздері тіршілік ете отырып, ортаны азотқа байытатын микроорганизмдер барлығын 1888 жылы француз ғалымы Жарден анықтаған болатын. Ол ішінде азотсыз органикалық заттары бар, сырттан ешқандай азот көзі қосылмаған ыдыста микроорганизмдер ортаны азотқа байытатын дәлелдеді.
1885 жылы француз ғалымы М.Бертло дәл осындай құбылысты топырақтан байқады. Азот сіңіретін микроорганизмдердің таза культура-ларын алғаш рет С.Н. Виноградский (1893) бөліп алған болатын. Ол анаэробты спора түзетін таяқша бактериялар - Glostridium pаsteurianum. Ол топырақта еркін тіршілік етеді, таяқша тәрізді өскен клеткалары спора түзетін анаэроб бактериялар. 1901 жылы Бейерник ашқан Azotobacter, микробы да атмосфера азотын сіңіре алатынын дәлелдеді. Өскен клеткалары ірі шар тәрізді, қозғалғыш, шырыш қабық - капсуламен қоршалған. Бұлардың қазір бірнеше түрі белгілі. Олардың ішінде азотобактер агилес түрлері біршама жақсы зерттеледі. Азотобактердің барлығы дерлік аэроб бактериялар.
Азот сіңіруші бактериялардың барлығына ортақ қасиет, егерде тірші-лік ортасында байланысқан азот мол болса, олар атмосфера азотын сіңір-мейді. Азот сіңіру үшін бұл микроорганизмдерге молибден микроэлементі қажет. Ауа азотын сіңіретін қабілет кейбір микробактерияларда, актиноми-цеттерде, спирохеталарда, кейбір саңырауқұлақтарда және ашытқыларда болады.
Атмосфера азотын көк жасыл балдырлар да сіңіреді. Молекулалық азотты микроорганизмдермен бірлесе отырып бірқатар жоғары сатыдағы өсімдіктер де сіңіре алады. Бұлардың ішінде біршама жақсы зерттелгендері бұршақ тұқымдас өсімдіктер. Мұндай өсімдіктер тамырына енетін түйнек бактериялары олардың тамыры бөлетін органикалық қосылыстармен қоректенеді, ал өсімдіктер байланысқан азотты қабылдайды.
1888 жылы бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамырынан Rhizobium туысына жататын түйнек бактерияларын М.Бейерник бөліп алып, зерттеген болатын. Бұлар грам теріс, спора түзбейтін аэробты, таяқша тәрізді қозғалғыш бактериялар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет