Адилбекова Г. О. «Микробиология және вирусология» пәнінен



бет64/80
Дата01.03.2023
өлшемі0,7 Mb.
#70960
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   80
Геномдық мутация – дегеніміз жасушадағы хромосомалар санының өзгеруіне байланысты организмнің белгілері мен қасиеттерінде пайда болатын өзгергіштікті айтады. Геном дегеніміз гапплидті хромососадағы гендердің жиынтығы.Енді осы геномдық мутациянын пайда болу жолын қарастырайық. Хромосома санының тұрақтылығын және оның ұрпақтан ұрпаққа берілуін қамтамасыз ететін жасушаның бөлуін механизмдері митоз мен мейоз екендігі белгілі. Бірақ кейбір жағдайда бұл механизмдер бұзылады да, хромосомалар жасушадағы екі полюске теңдей ажырамайды. Соның салдарынан хромосома саны өзгерген жасушалар пайда болады. Геномдық мутация тұтас гаплоидты жиынтықтың немесе хромосомалар санының көбеюіне немесе азаюына байланысты. Организмдерді хромосомалар саны гаплоидты жиынтыққа еселеніп көбеюіне қарай – полиплоидты, ал еселенбесе – анеуплоидты немесе гетероплоидты организмдер деп атайды.
1961 жылы Жакоб Ф. және Моно Ж. ген экспрессиясының реттелу механизмін ашты.
Генетикалық рекомбинация.Бактерияларда ата-аналық белгіліердің ұрпаққа берілуі олардың арасында генетикалық материалдардың бірдей деңгейде таралуы мен бөлінуі арқылы жүзеге асады. Бұған қоса прокариоттарда ата-аналық және ұрпақтық емес клеткалар арасында гендердің көлденең тасымалдану жүйесі дамыған. Соған орай, генетикалық ақпараттардың берілуінің 3 типі белгілі: трансформация, коньюгация, трансдукция.
Трансформация. Бір бактериялардың ДНҚ молекуласын сыртқы ортадан сіңірілуі мен оның басқа бактертиялардың геномына енуі трансформация деп аталады. Бактериялардағы трансформация құбылысына алғаш сипаттама берген 1928 ж. Ф.Гиффит болды, ол бұл құбылысты пневмония ауруын қоздырушы Streptococus pneumonia-ның вируленттілігін зерттеуде анықтады.
Коньюгация. Коньюгация бактерия клеткасының рекомбинация-сының екінші түрі болып табылады. Коньюгация кезеңінде генетикалық материал бір бактерия клеткасынан екіншісіне тікелей жанасу кезінде беріледі. Коньюгация процесін И.Ледерберг пен Э.Татум 1946 жылы ашты. Олар E.coli К-12 рекомбинациясын зерттеу барысында өсу факторларға қажеттілігі әр түрлі екі мутантты пайдаланған.
Трансдукция. Трансдукцияны 1952 жылы Н.Зирден мен Э.Ледерберг сальмонеллалардың рекомбинациясын зерттеу барысында ашқан.
Трансдукция феноменіне мынандай 3 компонент қатысады :
1)бактерия - донор;
2) трансдукциялаушы фаг;
3) реципиент бактерия .
Н.Зиндер мен Э.Ледерберг тәжірибелері көптеген әр түрлі көмірсу-ларды ашыту қабілеті, антибиотиктерге төзімділігі, вируленттілігі, пенициллазалық белсенділік , спора түзу қасиеттері жатады. Донордың жеке генетикалық маркерлері бір-біріне тәуелсіз түрде реципиент клеткаға тасымалдануы мүмкін. Мұндай трансдукция типін тіркеспеген деп атайды. Сонымен қоса трансдукциялаушы фаг реципиентке хромосоманың бір фрагментінде орналасқан бірнеще белгілерді тасымалдауы мүмкін, бұл трансдукция типі тіркескен дейміз. Фагтардың даму циклінің даму түріне байланысты трансдукция екіге бөлінеді: спецификалық трансдукция және спецификалық емес жалпы трансдукция.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет