Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология



бет48/179
Дата09.05.2022
өлшемі0,65 Mb.
#33695
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   179
Байланысты:
Ахмеди ыс А ов азіргі аза тілі морфология (1)

Қосарлама қос сөздер

Косарлама кос сөздер лексикалық мағынасы басқа- басқа екі түрлі сөзден күралады. Мысалы: ата-ана, ул- кен-кіші, ертелі-кеиіті, жиырма-отыз, ол-пул, ңарғап-сі- леп, суріне-жығыла, ^туған-өскен, аума-төкпе, жатса-тур- са, ілгері-кейін. алды-арты, iud-сырты т. б.

Қосарлама қос сөздер мағына жағынан ыңғайлас, морфологиялық жағынан тектес, синтаксистік жағынан теңдес (пара-пар) сөздерден (компоненттерден) күрала- ды. Мысалы: әке-шеше, әні-міні,, алты-жеті, алды-арты, усті-басы, туған-өскен,, ойнап-күліп деген тэрізді сөздер- дің әркайсысының компоненттері мағына жағынан бір-біріне орай, өзара бір-бірімеи жақын, нңғайлас сөз- дер; олар морфологиялық төркіні жағынан да, бір тектес, демек, белгілі бір ғана сөз табыиа тэн, әрі формалары біркелкі сөздер; және осындағы эрбір қос сөздің компо- ненттері синтаксистік кызметтері жактарынан біріне-бірі әрі бағынбай, эрі біріиен-бір тәуелсіз болып салаласа құ- рылған күрделі сөздің-бірімен-бірі тең табиғи бөлшекте- рі есебінде кызмет етеді. Бүл аталған үш түрлі ерекшелік косарлама (қос) сөздердің күрделі сөз болып жасалуы- на негізгі таяныш болуымен қатар, олардың өзге күрде- лі сөздерден ажырауына да негізгі белгі есебінде кыз- мет етеді.

Компоненттері морфологиялық жағынан бір тектес, синтаксистік жағынан өз ара тең болатындықтан, косар- лама кос сөздін. мағынасы кұрамындағы екі компонент- тің де мағынасын бірдей қамтиды да, жалпылау, топ- шылау, жинактау,» болжалдау, мөлшерлеу тәрізді ұғым* дарды білдіреді.

-Бірақ компоненттерінін. мағыналық дербестігі болу я болмауы жағынан алғанда, қосарлама қос сөздердің өз-

114

дері де біркелкі емес. Мысі лы: қурбы-қурдас, итбын- шіркей, қауіп-қатер, мәз-мереке, ат-жөн, қалғып-иіулғып, ақыра-зекіре, жығыла-сүріне, асықпай-саспай, урмай- соқпай, жүрген-турған, көрген-білген деген кос сөздердің екі компоненттерінің де дербес лексикалық мағыналары бар. Ал, жаман-жәутік, тоқтьі-торым, ңойіиы-қолаң, әу- ре-сарсаң, жүдеп-жадап, жылап-сыңтап дегендердің бір сьщарларының дербес лексикалық мағыналары жоқ я олар әлсіреген. Сонымен қатар, тілімізде екі компонент- інің де дербестігі жок алба-жулба, ағыл-тегіл, алай-тү- лей, астан-кестен, тырым-тыраңай сиякты кос сөздер де бар. Сөйтіп косарлама қос сөздер компоненттерінің дер- бестігі бар я жоктығына карай, біріншіден, екі компо- ненті де бірдей мағыналы қос сөздер, екіншіден, бір компоненті мағыналы, бір компоненті мағынасыз қос сөз- дер және, үшіншіден, екі компоненті де бірдей мағына- сыз қос сөздер болып үш түрге бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет