Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология



бет121/173
Дата16.10.2023
өлшемі0,66 Mb.
#116313
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   173
Байланысты:
АХМЕДИ-ЫСҚАҚОВ-Қазіргі-қазақ-тілі

Е с к е р т у: Жетекші етістікке тіркесетін күрделі осы төрт форманттың -йын деп деген компонентінін. ор- нына -ғалы жұрнағын колдануға да әбден болады.

  1. -йын деді форманты жетекші етістікке тіркесіп, оған амалдың басталу я аяқталу қарсаңындағы әлі де үдеп кетпеген я дамып үлгермеген немесе үдеуге я бә- сеңдеуге бет алған нақтылы бір кезеңін я мезетін біл- діретіндей реңк жамайды. Мысалы: Мен будан сескене- йін дедім; ол маған аіиуланайын деді; жауын саябыр- лайын деді; жел басылайын деді; бала ақмлды болайын деді; егін жаппай пісейін деді; су таусылайын деді т. б.

  2. -йын депті форманты да жетекші етістікке -йын деді форманты жамайтын мағынаны үстейді. Бірақ -йм деді және -йын депті форманттарының, екі түрлі форма бол- ғандьіқтан, мағыналарында сәл де болса, айырмашы- лықтзр бар. Ол айырмашылық мынаған саяды: егер сөйлеуші (субъект) амалдың (істің) тікелей басы-қа- сында болса, жетекші етістікке -йын деді форманты қо- сылады: егер сөйлеуші амалдың (істің) тікелей басы- Қасында болмай, іс кезеңдерінің басталуы я аяқталуы оның (субъектінін) көргенінен, естігенінен, білгенінен (сезгенінен т. б.) бүрын (тыс, сырттай) болған болса,. онда жетекші етістікке -йын депті форманты косылады. Мысалы: жаңбыр басылайын деді; жаңбыр басылайын депті; су бітейін деді; су бітейін депті дегендердін негіз-

271



гі тура (төл сөз үлгісіндегі) мағынасында да, көмекші кызметіндегі мағынасында да осы ерекшелік бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет